Түркістан облысы: Сауран ауданының әкімі тапсырмалардың мерзімінде әрі сапалы орындалуы керектігін ескертті

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ауданның апталық мәжілісі болып өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, кеңесшілері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Онда 2024 жылғы 6 айлық рейтингтің күтілімді орындалуы туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов баяндама жасады. Бұдан соң, аудан әкімінің көшпелі жеке қабылдауында көтерілген мәселелер мен облыс әкімінің аудан тұрғындарымен кездесуіндегі жеке қабылдауда көтерілген мәселелер бойынша құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Мөлдір Темірхан, ұйымдастыру инспекторлық бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ернар Жанаділ хабарлап өтті.

Мәжілісте аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin