Түркістан облысы: Сауран ауданының әкімі суға шомылу орындарында қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін қадап айтты

 Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ауданның апталық мәжілісі болып өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, кеңесшілері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.

 Мәжілістің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Онда отбасылық цифрлық картасындағы деректерді өзектендіру бойынша 2024 жылға арналған міндеттері туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбек, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің атқарған жұмыстары туралы Сауран ауданы №24 өрт сөндіру бөлімі басшысының орынбасары азаматтық қорғау аға лейтенанты Мұхит Нұржан баяндама жасады.

 Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбектің мәлімдеуінше, отбасының цифрлық картасы еліміздегі отбасылардың дербес дерекқоры болып табылады. Бұл дерекқор мемлекеттік органдардың қазіргі ақпараттық жүйелері негізінде қалыптастырылып келеді. Оны енгізудегі мақсат – халықтың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, отбасылық цифрлық картаны мемлекеттік әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіленген. Яғни, мемлекет кімге, қашан, қандай көмек қажеттігін анықтап қана қоймай, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алатынын атап өтті.

 Бұдан соң Сауран ауданы №24 өрт сөндіру бөлімі басшысының орынбасары азаматтық қорғау аға лейтенанты Мұхит Нұржан баяндауынша төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан жазғы шомылу маусымында аудан аумағында су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Сонымен бірге, Оранғай, Бабайқорған ауылдық округтерінен коммуналдық жағажай ашылып, қауіпсіздіктің алдын алу үшін құтқару құралдарымен толықтырылғанын жеткізді.

 Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды міндеттеді.

Осы тұста тағы бір атап өтерлігі, тамыздың 2-сінде Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров бекітілген кестеге сәйкес, апталық жеке қабылдауын өткізді. Қабылдауға тиісті бөлім басшылары қатысты.

 Жеке қабылдау барысында тұрғындар тарапынан ауыз су, спорт залды күрделі жөндеуден өткізу, кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Қабылдауға алдын ала жазылған ауыл тұрғындарының мәселелері толығымен тыңдалды және ойлары ортаға салынды.

 Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жеке қабылдауға келген ауыл тұрғындарының көтерген мәселелерін мұқият тыңдап, тиісті шешім қабылдап, заң шеңберінде орындалуына ықпал ететінін жеткізді.

 Айта кетейік, аудан әкімінің жеке қабылдауы әр аптаның жұма күні сағат 11:00-13:00 аралығында өткізіледі. Қабылдауға алдын ала жазылып, кіре аласыз. Мекенжайы: Шорнақ ауылдық округі, М.Темірбаев көшесі, №30 (Сауран аудандық әкімдігінің ғимараты).

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin