Түркістан облысы: Сауран ауданы жастары арасында жайдарман сайысы өтті

Сауран ауданы Жүйнек ауылдық округінің мәдениет үйінде Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудан жастары арасында «ЖАЙДАРМАН» ойыны болып өтті.

Шараның басты мақсаты — жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың бойында мәдениеттілік, рухани адамгершілік, өнерге деген шығармашылық ізденістерін дамыту, дарынды жастарға қолдау көрсету. Тартысты өткен сайысты Сауран ауданы әкімінің орынбасары Садибаев Серік Өмірханұлы алғы сөзбен ашып берді. Жайдарман ойынын Түркістан қалалық оқушылар сарайының Жайдарман академиясының жетекшісі, Республикалық Жайдарман сайыстарында ойын көрсеткен Бекұлан Жолдықожаев жүргізді.

Сауран ауданының 1 жылдығына және Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған жайдарман ойынына Сауран ауданынан жалпы 8 команда қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Жайдарман ойынында Қоғамдық кеңестің төрағасы, қоғам белсендісі Төребай Асқарұлы, блогер, вайнер, тиктокер Азизхан Юсупов, Сауран аудандық мәдениет үйі директорының орынбасары Сымбат Бақытқызы, Сауран ауданы Жастар ресурстық орталығының басшысы Айгерім Дүйсенбекова қазылық етіп, ойыншыларға әділ бағаларын берді.

Белсенді, жалынды жастардың қызыққа толы ойындары нәтижиесінде:

— Қарашық ауылдық округінің “Егіздер мен семіздер” командасы І орынға;

— Жүйнек ауылдық округінің “ЖасStar” командасы ІІ орынға;

— Үшқайық ауылдық округінің “Үшқайық” командасы ІІІ орынға ие болып, Жібек Жолы ауылдық округінің “Сауран” командасының ойыншысы Сәкен Мұратбекұлы “Үздік ойыншы” номинациясымен және барлық қатысушы командалар үздік ойын көрсеткендері үшін Алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

«Шынайы күлкіге толы, тартысты және көңілді өткен Жайдарман сайысына қатысқан командалар мен атсалысқан барша жандарға шынайы алғыс білдіреміз!» — дейді ұйымдастырушылар.

Орайы келгенде айта өтейік, жаңадан құрылған Сауран ауданы Кентау қаласының құрамына кірген 12 ауылдық округті біріктірді. Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы тиісті жарлыққа былтыр 21 наурызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Қаулыға сәйкес, Түркістан облысының құрамында әкімшілік орталығы Шорнақ ауылы болатын Сауран ауданы пайда болды. Оған Кентау қаласының құрамынан бөлінген Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтері кіреді.

Шорнақ ауылы Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан. Қазір бұл елді мекенде 12 мың адам тұрады. Ал бүкіл халық саны 100 мың адамнан асады. 12 ауылдық округтен тұратын Сауран ауданының жалпы ауданы шамамен 650 мың гектарды құрайды. Сауран ауданының құрылуы және аймақтық мемлекеттік органдардың пайда болуы ауылдардың дамуын қамтамасыз етеді деп күтіліп отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.