Түркістан облысы: Созақтық талантты термеші облыстық терме байқауында топ жарды

Мақтаарал ауданында Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл және Мақтаарал ауданының 95 жылдығына орай, сонымен қатар “Түркістан мақамдары” терме жинақтарын дамыту мақсатында ақын, термеші Қайыпназар Әйтпеновтың туғанына 123 жыл толуына арналған облыстық “Терме – бойтұмарым” атты термешілер байқауы өтті.

Байқау қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының шешімімен жүлделі I-ші орынды Теріскейдің талантты қызы әнші, термеші Шалабаева Гүлбану Қуандыққызы иеленіп, Созақ ауданының мерейін үстем етті.

Байқауға ҚР Мәдениет саласының үздігі, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаров, дәстүрлі әнші, термеші, республикалық конкурстардың лауреаты, халықаралық жыршы, термешілер одағының мүшесі Аязбек Рустамов және ақын, сазгер Бауыржан Кеттебеков төрелік етті.

16 мен 35 жас аралығындағы талантты термешілер қатысқан облыстық байқаудың бірінші кезеңінде үміткерлер Қайыпназар Әйтпеновтың бір термесін орындаса, екінші кезеңде өз қалаулары бойынша еркін тақырыптағы бір терме орындады.

Айта кетейік, облыстық “Терме — бойтұмарым” байқауының мақсаты қазақ халқының ән-жыр өнерін бүгінгі жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттау, дәстүрлі терме орындау өнерін дамыту және талантты жас термешілерді анықтау, олардың шығармашылығына қолдау көрсету болып табылады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin