Бұл жөнінде Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің Таукент кентінің тұрғындарымен кездесуінде мәлім болды. Онда бүгінге дейін атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
— Ағымдағы жылы Таукент кентінде тұрғындар сұранысына орай бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Аудандық бюджет есебінен Таукент кентінің Қаныш Сәтбаев, Е. Ерімбетов, Мыңжылқы, Тәуелсіздік, Болашақ, Мәңгілік ел, Тұран, Қаратау және Келіншектау көшелеріне көше жарықшамдары жүргізіліп, ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұған қосымша кент ішіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы мен Жыныс ата көшесі де қоса қамтылып, жарықтандырылды. Демеушілер есебінен Геологтар, Бейбітшілік және Тәуелсіздік көшесінің қалған бөлігіне көше жарықшамдарын орнату жұмыстары басталды. Жақын күнде іске қосылады. Сондай-ақ Жыныс ата елді мекені тұрғындарының сұранысына орай ішкі көшелеріндегі электр бағаналары ауыстырылуда, — деді аудан басшысы.
Сонымен қатар, Таукент кентінде «Шолаққорған-су» КММ мекемесіне қарасты орталықтандырылған жылу қазандықтарында жүріп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысына да тоқталып өтті.
Жиын барысында тұрғындар аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды тыңдап, келелі жоспарлардан хабардар болып, бірқатар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Аудан басшысы халық алдарына келудегі басты мақсат туындаған сұрақтарды ашық түрде талқылап, алдағы атқарылар жұмыстарды пысықтап алу екенін айтты.
Жиын соңында бірқатар тұрғындар жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Еске салайық, Таукент — Түркістан облысы Созақ ауданындағы кент, Таукент кенттік әкімдігі орталығы. Аудан орталығы — Шолаққорған ауылынан солтүстік-батысқа қарай 35 шақырымдай жерде орналасқан.
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 3575 адам (1721 ер адам және 1854 әйел адам) болса, 2009 жылы 6551 адамды (3194 ер адам және 3357 әйел адам) құрады.
Іргесі 20 ғасырдың 70-жылдары уран кенін өндіруге байланысты қаланған.
Таукент кентнің орталығы — Таукент кенті.
Халық саны — 7537 саны.
Кенттің жалпы жер көлемі 164147 гектарды құрайды.
Оның ішінде:
ауыл шаруашылығы жері — 2324 гектар;
суармалы егістік — 25гектар;
жайылымдық жер — 2299 гектар.
Таукент кенті бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер төмендегідей:
№ | Кент атауы | Түйе | Жылқы | Ірі қара мал | Уақ мал | Құс |
1 | Таукент | 20 | 414 | 1190 | 6247 | 2062
|
Ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметті кесте түрінде ұсынып отырмыз:
№ | Кент атауы | Мал дәрігерлік пунктері | Мал тоғыту орындары | Жасанды қашырым пунктері | Биотермиялық шұңқырлар |
1 | Таукент | — | 1 | — | 1
|
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі. Сонымен қатар жайылымның кезеңінің ұзақтығы мынадай:
№ | Таулы аймаққа малдардың айдап шығарылу мерзімі | Таулы аймақтан шығарылған малдардың қайтарылу мерзімі | Ескерту |
1 | сәуір-мамыр | тамыз-қыркүйек |
|
Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басына шаққандағы жайылымның қажеттілігі туралы кестесі төменде келтіріліп отыр:
№ | Кент атауы | Кенттегі жалпы жайылымның жер көлемі,гектар | Мал басы мен қажетті жайылымдық жер көлемі, гектар | |||
Жылқы, түйе | Гектар нормасы | Қажетті жайылым, гектар | Ірі қара мал | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Таукент | 2299 | 434 | 9 | 3906 | 1190 |
Барлығы: | 2299 | 434 | 9 | 3906 | 1190 | |
Гектар нормасы | Қажетті жайылым, гектар | Уақ мал | Гектар нормасы | Қажетті жайылым, гектар | Жалпы қажет жайылым жер көлемі, гектар | Елді мекендердің жалпы жайылым мен қажетті жайылымның айырмасы,(-,+) |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
8 | 584 | 6247 | 2 | 12494 | — | — |
8 | 9520 | 6247 | 2 | 12494 | 25920 | -23621
Жүктеу |
«ANYQ.KZ»-ақпарат.