Созақ ауданындағы индустриалды аймақта — қыз-қыз қайнаған тіршілік. Мұнда кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп, ауданда отандық өндірісті дамытып, бірлескен инновациялық жобалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы экспорттық нарықтарды игеруге басым бағыт берілген. Мәселен, «UKO—S Star металл құрастыру зауыты» ЖШС-ін алайық. Кәсіпорын уран өндірісіне арналған 210 литрлік металл бөшкелерін шығарып, ауданда өндіріліп жатқан уран өндірісіне қажетті құрал-жабдықтарды жергілікті өніммен қамтамасыз етіп келеді. Зауыт жылына 170 000 дана металл бөшке шығарады. Сондай-ақ техникалық майларға арналған ыдыс жасауды қолға алды. Мұнда 35 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.
Аудан кәсіпкерлері ауданның көркеюі мен әл-ауқатының жақсаруы үшін біріге жұмыс істеп келеді.
Негізі кәсіпкерлік саласы – бүгінгі күннің басты талабы. Оны дамытуда мемлекет тарапынан қолдау көп. Еңбектенемін деген жанға мүмкіндік мол. Мемлекет кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау үшін тиімді тәсілдер қолданып жатыр. Атап айтқанда, гранттар, шағын және жеңілдетілген несиелер беріледі. Шағын бизнесін шарықтатып отырған кәсіпкерлер саны біздің өңірде күн санап көбеюде. Бізге орта бизнестің дамуына тың серпін беретін кәсіпкерлердің жаңа толқыны қажет. Облыс пен аудан әкімдігі бизнес-идеяларды қолдауға әрқашан дайын. Жаңа жұмыс көздерінің ашылуы да — қуантарлық жағдай. Лайым осы бағыттан таймағай дейміз.
Тағы бір атап өтер мәселе. Созақ ауданының орталығы, Шолаққорған ауылынан заманауи үлгідегі 200 орындық «Спорттық-сауықтыру» кешенінің құрылысы басталды. Жалпы ауданы 3 гектар болатын спорт кешенінің оқу-жаттығу базасы да барлық заманауи талаптарға сай. Кешенде түрлі облыстық, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды өткізуге қолайлы жағдай жасалған. Екі қабатты ғимаратта волейбол және баскетбол алаңдары, күрес және аралас жекпе-жек пен боксқа арналған зал, бассейн, футболмен айналысуға арналған ашық спорт алаңы бар.
Заманауи спорт кешенін келесі жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жобаның құны 2 миллиард 65 миллион теңгені құрайды.
Естеріңізде болса, былтыр Созақ ауданының тумасы, Мұрат есімді жаттықтырушы азамат Шолаққорған ауылында спорт сауықтыру кешенін салу жөнінде жергілікті билікке ұсыныс көтерген болатын. Аталған ұсыныстың маңыздылығын ескере отырып, Шолаққорған ауылында спорт-сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша шешім қабылданды. Спорт кешенінде футзал, бокс, күрес залы, 25 метрлік бассейн, сондай-ақ, кешеннің сыртқы аумағында футбол, баскетбол, волейбол алаңдары, жеңіл атлетика жолы қарастырылған. Бұндай заманауи үлкен спорт кешені Созақ ауданында ғана бой көтеріп жатыр.
Созақтықтардың спортпен тұрақты түрде шұғылдануына ықпал жасау мақсатында ауданда 200-дей спорттық нысан жұмыс істейді. Соңғы үш жылда 6 балалар ойын алаңшасы, 7 кіші футбол алаңшалары және 6 стрит воркаут алаңшасы салынған. Нәтижесінде, ауданда бұқаралық спортпен шұғылданушылардың саны бүгінгі таңға 26 мың адамнан асып, аудан халқының 41%-ына жетті.
Кәсіпкерліктің дамуына тағы бір мысал. Жуырда Созақ ауылынан ауыл тұрғындарының үлкен қуанышына айналған «Талапты» салтанат сарайы ашылды. Тойлар мен түрлі мерейлі қуаныштарға арналған зәулім кешенді Созақ ауылының тумасы Қойшыбай Махашов пен ұлдары бірлесе өз қаражатына тұрғызып отыр.
Өзі соңғы жылдары Созақ ауданында кәсіпкерлік нысандарының саны артып келеді. Еңселі, сәнді, жаңа үлгідегі нысандар салынып, зәулім мешіттер тұрғызылып, ел игілігіне беріліп жатыр. Бұл нысан тек Созақ ауылына ғана емес, жалпы аудан тұрғындарына қызмет көрсетері сөзсіз. Туған жердің кешенді дамуына айрықша үлес қосып, ауыл халқының қуанышын еселеп отырған барша азаматтарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Заманауи үлгіде салынған тойхана іші заман талаптарына сай жабдықталып, санитарлық талаптардың барлығы толықтай сақталған. Үйлену тойы, мерейтойлар мен айтулы шараларды өткізуге арналған үлкен және кіші залы бар. Бір мезетте 600-ге тарта адамға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Жаңа нысан әсем безендіріліп, соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтылған. Сыртын қоршаған сәнді темір шарбақтардың өзі жаңа құрылыстың шырайын аша түскен.
Қазіргі таңда «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының аясында Созақ ауылында спорт алаңының құрылысы жүргізілуде. Кешен пайдалануға осы жылдың желтоқсан айында тапсырылады (жоба құны — 483 миллион теңге). Бұдан бөлек, Қаратау ауылында жабық кіші футбол алаңының құрылысы жүргізілуде. Нысан биыл қыркүйек айында тапсырылды (құны: 93,4 миллион теңге).
Айта кетейік, облыс әкімдігі жанынан индустриалды аймақтарды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылған болатын. Түркістан облысы аумағында тоғыз индустриалды аймақ бар. Олар Кентау, Түркістан қалалары мен Шардара, Қазығұрт, Мақтаарал, Ордабасы, Созақ, Түлкібас және Бәйдібек аудандарында орналасқан.
Түркістан қаласындағы индустриалды аймақтың аумағы 40 гектар құрайды. Индустриалды аймақта 3 664,5 миллион теңгеге 601 жұмыс орнын құрайтын 15 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде, бүгінгі күнге 1 миллиард теңгеге 6 жоба іске қосылып, 238 жұмыс орны ашылды.
Созақ ауданындағы индустриалды аймақтың аумағы 50 гектарды құрайды. Қазіргі таңда индустриалды аймақта 1 143,5 миллион теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылып, 279 жұмыс орны ашылды. Шардара ауданындағы индустриалды аймақтың аумағы 35 гектарды құрайды. Аймақта 255 миллион теңгені 65 жұмыс орнын құрайтын 3 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі күнге 55 жұмыс орны бар, 225 миллион теңгені құрайтын 2 жоба іске қосылды. Түлкібас ауданындағы индустриалды аймақтың аумағы 55 гектарды құрайды. Индустриалды аймақта 293 жұмыс орнын, 3 681,5 миллион теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
Мақтаарал ауданындағы индустриалды аймақтың аумағы 28 гектарды құрайды. Индустриалды аймақта 1 335 миллион теңгені, 186 жұмыс орнын құрайтын 6 жоба іске асырылуда. Оның ішінде ағымдағы жылы 36 жұмыс орнымен қамтылған, 450 миллион теңгені құрайтын 1 жоба жүзеге асырлатын болады. Қазығұрт ауданындағы индустриалды аймақтың аумағы 40 гектарды құрайды. Индустриалды аймақта 2 001,4 миллион теңгені, 167 жұмыс орнын құрайтын 7 жоба іске асырылуда. Бүгінгі күнге 100 жұмыс орнымен қамтылған, 876 миллион теңгені құрайтын 3 жоба іске қосылған. Бәйдібек ауданындағы индустриалды аймақтың аумағы 57 гектарды құрайды. Индустриалды аймақта 13 жұмыс орнын құрайтын, 161,5 миллион теңгеге 1 жоба іске асырылуда.
Кентау қаласындағы ауданындағы индустриалды аймақтың аумағы 25 гектарды құрайды. Индустриалды аймақта 2 054,5 миллион теңгені, 162 жұмыс орнын құрайтын 6 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 1 709 миллион теңгені құрайтын 2 жоба іске қосылып, 100 жұмыс орны ашылды. «Бадам» ҚТИА Индустриалды аймағы 203 гектарды құрайтын «Бадам» ҚТИА индустриалды аймақтың инфрақұрылымы жүргізілуде. Аймақта 65 716,9 миллион теңгені, 1 583 жұмыс орнын құрайтын 12 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 7 788,9 миллион теңгені құрайтын 3 жоба іске қосылып, 107 жұмыс орны ашылды. Өңірлерде индустриалды аймақтарға бөлінген жердің жалпы ауданы 533 гектарды құрайды. Қазір Түркістан облысындағы индустриалды аймақтарда 78,778 млрд. теңгені құрайтын 61 жоба қолға алынуда. Онда 3 349 жұмыс орны ашылады. Бүгінде аталған 61 жобаның ішінде 20 миллиард теңгені құрайтын 23 жоба нақты қолға алынып, 1 215 адам жұмыспен қамтылған. Өткен жылы 8,4 миллиард теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба жүзеге асып, 222 жұмыс орны ашылған.
Жалпы, Созақ ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі 2022 жылдың өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 94,6 пайызды құрайды. Мысал үшін айтайық, аудан көлемінде 2023 жылдың I-ші тоқсанында ғана 28 жаңа кәсіпкерлік субъектісі ашылып, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 4 792 жеткен болатын.
Биыл инвестициялық 7 жоба іске асырылатын болады. Осы жобалар іске асқан жағдайда 1291 адамды жұмыспен қамту көзделуде. Атап айтсақ, өңдеу өнеркәсібі саласындағы «Созақ Фосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар өндірісі, «Састөбе» инновациялық комплексі ЖШС-нің тұз сақтау қоймасы, «Казатомөнеркәсіп» ҰАҚ АҚ күкірт қышқылын өндіру, осы аталған үш жоба 2023 жылы басталып, 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Ал агроөнеркәсіп саласындағы «Атамекен» шаруа қожалығы — жаңбырлатып суару, «Дәмен» шаруа қожалығы — жаңбырлатып суару, «Қуаныш» шаруа қожалығы — органикалық тыңайтқыш Биогумус өндіру, ЖК «Б.Исаев» — шағын сүт фермасы, аталған төрт жоба үстіміздегі жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Ауданда қазіргі таңда индустриалды аймақта 5 кәсіпорынға 10 гектар жер телімі берілген. Олар: «Uko-S Star» Уран тасымалдауға арналған болат бөшкесін шығару, «Uko-S Star» Металл құрастыру зауыты» ЖШС-ні техникалық май тасымалдауға арналған болат бөшкесі, «Дархан-Ас» ӨК өз жұмыстарын жүргізуде.
Қазіргі таңда индустриалды аймақта инвесторларға ұсынылатын 38,2 гектар жер телімі бар. Осы индустриялды аймақта 5 жоба іске асырылуда. Онда 98 адам жұмыспен қамтылған.
2021 жылдан өтпелі болып іске асырылған 4 нысанның құрылысы 2022 жылы толық аяқталды, олар:
Жуантөбе ауылының әкімшілік ғимаратының құрылысы Қаратау ауылының әкімшілік ғимаратының құрылысы Шолаққорған ауылындағы Қожанов көшесі бойынан әкімшілік (военкомат) ғимаратына қосымша жай құрылысы
Аққолтық елді мекенінде 75 орынға арналған мәдениет үйінің құрылысы. Жалпы, аудан бойынша құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2022 жылдың қорытындысымен 103,7 % болып орындалды.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 2023 жылдың алғашқы тоқсанында 46,6 миллион теңге инвестиция тартылды. 2022 жылы аудан бойынша 14 275 гектар егіс егіліп, тапсырма 103% орындалды. Оның ішінде: 285 гектар бидай, 1 016 гектар арпа, 817 гектар жүгері, 1 227 гектар мақсары, 508 гектар картоп, 504 гектар көкөніс, 504 гектар бақша, 2 500 гектар жаңа жоңышқа, 6 914 гектар өткен жылдардағы жоңышқа орналастырылды. Ауданға 25 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу межесі белгіленіп, толығымен орындалды.
Ауданда ағын суды үнемдеу мақсатында Шолаққорған ауыл округінен «Атамекен» шаруа қожалығына 40 гектар, «Жанболат» шаруа қожалығына 12 гектар, Таукент кентінен «Сейілбек ата» шаруа қожалығы 10 гектар, барлығы 62 гектар аумаққа жаңбырлатып суару қондырғылары орнатылды. 2022 жылдың қорытындысымен барлық санатта 35 445 бас мүйізді ірі қара, 288 829 бас қой-ешкі, 23 656 бас жылқы, 14 375 бас түйе, 25 587 бас құс өсірілуде.
2021 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 95,5 пайызға (37 123 бас), қой-ешкі 112,6 пайызға (256 353 бас), жылқы 95,8 пайызға (24 684 бас), түйе 106,9 пайызға (13 452 бас), құстар 78,5 пайызға (32 594 бас) орындалды. «Сыбаға» бағдарламасы аясында 7000 бас мүйізді ірі қара аналығын тұқымдық түрлендіруге тарту жоспары бекітілсе, жылдың қорытындысымен барлығы 5416 бас мүйізді ірі қара аналығы тұқымдық түрлендіруге тартылды.
Фермерлік шаруашылықтар 3900 бас қой аналығын несиелендіру арқылы сатып алу межесі белгіленсе, жылдың қорытындысымен барлығы 3914 бас қой аналығын несиелендіру жолымен сатып алынған.
Аудан экономикасына 2022 жылы 61 миллиард 214 миллион теңге инвестиция тартылып, 2021 жылмен салыстырғанда 115,8 %-ға немесе 8 млрд 370 миллион теңгеге артқан. Ағымдағы жылы ауданда 121 млрд. 967 миллион теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,3 пайызға немесе 11 миллиард 371 миллион теңгеге артқан.
2022 жылдың қорытындысымен ауданда 555 миллиард 496 миллион теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, 2021 жылмен салыстырғанда 122,4 пайызға немесе 101 миллиард 672 миллион теңгеге артқан.
Жергілікті бюджет кірістеріне өткен 2022 жылы 17 миллиард 736 миллион 731 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 100,8 пайызға немесе 132 миллион 706 мың теңгеге артығымен орындалды. Оның ішінде трансферттері — 12 миллиард 735 миллион 042 мың теңге, өзіндік кірістері 4 миллиард 827 миллион 714 мың теңге, жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу — 32 миллион 689 мың теңге, ауданның жергілікті атқарушы органы алатын қарыздар — 64 миллион 323 мың теңге, бюджет қаражатының бос қалдықтары 76 миллион 963 мың теңгені құрайды.
Бюджеттің шығыс бөлігі 17 миллиард 576 млн. 470 мың теңгені құрап, 99,8 пайызға игерілді. Өз кезегінде ағымдағы жылы жергілікті бюджет кірістеріне 3 миллиард 799 млн. 479 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 141,3 пайызға немесе 1 миллиард 110 млн. 534 мың теңгеге артығымен орындалып отыр. (Оның ішінде трансферттері — 853 млн. 814 мың теңге, өзіндік кірістері — 2 миллиард 774 млн. 403 мың теңге, жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу — 11 млн. теңге, бюджет қаражатының бос қалдықтары 160 млн. 261 мың теңгені құрайды.) Сондай-ақ, бюджеттің шығыс бөлігі 2 миллиард 479 млн. 597 мың теңгені құрап 100 пайызға игерілді.
Сонымен қатар, аудан экономикасына 11 млрд. 297 млн. теңге инвестиция тартылып, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 147,9 пайызға немесе 3 млрд. 657 млн. теңгеге артқан.
2022 жылдың қорытындысымен үш жақты келісімнің орындалуы бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 2022 жылдың қорытындысымен 19 млрд. 671 млн. 500 мың теңге болып, 2021 жылмен салыстырғанда 2 млрд. 33 млн. 900 мың теңгеге артық орындалды. Нақты көлем индексі 103,2% құрады. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 2022 жылдың қорытындысымен 429,2 млн. теңге инвестиция тартылып, тапсырма 107,3 % орындалды.
Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына 110 млн. теңге инвестиция тарту тапсырмасы берілсе, 2022 жылдың қорытындысымен 113,6 млн теңге инвестиция тартылды.
2022 жылдан 2023 жылға өтпелі болып, «Созақ ауылындағы спорт алаңы құрылысы» нысаны іске асырылуда. 2023 жылдың желтоқсан айында құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.
Сонымен қатар «Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қаратау ауылы, Қазақстан көшесінен жабық шағын футбол алаңының құрылысы» нысанын жүзеге асыру басталды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.
Қазіргі таңда, «Шолаққорған ауылындағы спорт-сауықтыру кешенінің құрылысы» жобасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Нысанның құрылысын бастау үшін 2023 жылға республикалық бюджеттен 300 млн. теңге қаржы қарастырылды. Нысан 2024 жылға өтпелі болып іске асырылады. Қазіргі таңда облыстық мемлекеттік сатып-алу басқармасы тарапынан конкурстық рәсімдер ұйымдастырылуда.
Бұдан бөлек, «Тасты ауылындағы 75 орындық мәдениет үйінің құрылысы» жобасына тиісті түзету енгізіліп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаны 2023 жылы бастап, 2024 жылы аяқтау жоспарлануда. Қазіргі таңда облыстық мемлекеттік сатып-алу басқармасы тарапынан конкурстық рәсімдер ұйымдастырылуда.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша «Созақ, Таукент, Жартытөбе және Жуантөбе ауылдарында Беккери шұңқыры» және «Қаратау, Қыземшек, Шу ауылдарында мал өлекселерін тастайтын шұңқыры құрылысы» нысандарын 2023 жылы бастап, аяқтау жоспарлануда. Қазіргі таңда конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде заманауи «Шолаққорған ауылындағы 900 орындық Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп салу» жобасын іске асыру жоспарлануда. Қазіргі таңда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тарапынан жобалау-cметалық құжаттама әзірленуде.
Жалпы, аудан бойынша құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2022 жылдың I тоқсанының қорытындысымен салыстырғанда 94,50% болып орындалды.
«Созақ ауданында АГТС бар магистральды газ құбыры-тармағын салу» жұмыс жобасы бойынша 2019-2022 жылдар аралығында Жаңатас қаласы бұрылысынан Шолққорған ауылына дейінгі 43,8 шақырым магистральды газ құбыры траншеяға 100 % көмілген. АГТС қондырғыларының орындары дайындалып, қоршау жұмыстары жүргізілді. ВОЛЬС кабельдері жүргзілген. Найзағайдан қорғау прожектор діңгегі (ПМЖ) 5 дана және КТП-10/04кВ дизельдік электростанциясы орнатылды.
2023 жылға АГТС қондырғыларын орнату жұмыстарын жүргізу үшін тиісті қаржысы қаралып, 2023 жылдың наурыз айында 353 млн. теңге аванс төленді (АГТС қондырғылары дайындалуда).
Қалған қаржысы 2024 жылға бөлінген жағдайда АГТС қондырғылары толығымен орнатылып, табиғи газға қосылатын болады.
Аудан орталығы Шолаққорған ауылын табиғи газбен қамту үшін «Шолаққорған ауылдық округінің газ тарату желісін салу» жұмыс жобасы бойынша 2021-2022 жылдар аралығында 190 шақырымды құрайтын 100-ге жуық көшеде орналасқан 3200 абонентке газ құбыры жүргізілді. Шкафты газ реттеу пункітінің орындары дайындалған.
Ағымдағы жылы құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталады.
2024 жылы АГТС қондырғылары орнатылып, іске қосылған жағдайда Шолаққорған ауылы мен Жеткеншек елді мекені тұрғындары табиғи газбен қамтылатын болады.
Жартытөбе, Бабата, Аққолтық елді мекендеріне газ құбыры жүргізілетін жер телімдеріне серветуттар белгіленіп, жерге орналастыру жобалары әзірленді. Ағымдағы жылғы 16 мамырдағы бюджеттік комиссияның қорытындысы бойынша жобалау-сметалық құжаттама дайындауға қаржысы бөлінді.
Алдағы уақытта жобалушы мердігер анықталып, жобалау-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) әзірленіп, 2024 жылға құрылыс жұмыстарын бастауға қаржыға сұраныс жасалатын болады.
Аудан көлеміндегі 35 елді мекеннің 29 елді мекеніндегі (2 кент, 27 ауылдық елді мекен) 62 910 адам орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.
«Шолаққорған ауылының Ақшам және Наурыз мөлтек аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы» жұмыс жобасы бойынша 2022 жылға 51,0 млн.тг, 2023 жылға 500 млн.тг қаржы бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Нысан пайдалануға берілген жағдайда Шолаққорған ауылы тұрғындары тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.. Созақ, Шақырық елді мекендерін тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамту мақсатында жобалау-сметалық құжат (ЖСҚ) әзірлеуге аудандық бюджеттен 2023 жылға қаржы бөлініп, үстіміздегі жылы сәуір айында мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша жоблаушы анықталып, келісім шарт түзілді. Осы жылы ЖСҚ әзірленіп, облыстық, республикалық бюджетке ұсынылатын болады.
Қаратау ауылы тұрғындарын тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қажетті қаржыны бөлу жөнінде аудандық бюджеттік комиссияға сұраныс берілді. Қаржы бөлінген жағдайда жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленетін болады.
Сызған елді мекенінің тозығы жеткен су құбырларын қайта жаңғыртып, тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамту үшін қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылған. Алдағы уақытта мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс жұмыстарына қаржы бөлу үшін бюджетке сұраныс берілетін болады.
Қарақұр, Қозмалдақ ауылдарын тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамту мақсатында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан ағымдағы жылы жер асты су қорын зерттеу жұмыстары басталды.
Қақпансор, Қоңыратарық елді мекендері экономикалық жағынан тиімсіз елді мекендер санатында болғандықтан (халық саны 200-ден кем) блок-модуль кешенін орнату үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан ағымдағы жылы жер асты су қорын зерттеу жұмыстары басталды.
Қарабұлақ, Балдысу, Басбұлақ, Саржаз елді мекендеріне ауыз су құбырын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2023 жылдың сәуір айында Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттен қаржы бөлу үшін құжаттар ұсынылып, сұраныс жолданды.
Үстіміздегі жылдың маусым-шілде айларына дейін мердігерді анықтап, құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау жоспарлануда.
Жалпы аудан көлемінде 917 шақырым автомобиль жолдары бар.
Оның ішінде:
– 435 шақырымы — облыстық маңызы бар жолдар;
– 79 шақырымы — аудандық маңызы бар жолдар;
– 403 шақырымы — елді мекендердің ішкі жолдары.
2022 жылы “Ауыл — Ел бесігі” бағадарламасы аясында республикалық бюджеттен ұзындығы 30,5 шақырымды құрайтын 19 көше жергілікті бюджеттен ұзындығы 3,6 шақырымды құрайтын 4 көшеге барлығы 23 көшенің 34,1 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 15,6 шақырымды құрайтын 13 көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін республикалық бюджеттен қаржы қаралып, қазіргі таңда мердігерді анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен 11,6 шақырымдық 11 көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін қаржы бөлініп, мердігерді анықтау үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Нәтижесінде аудан бойынша 403 шақырымды құрайтын елді мекендердің ішкі көшелерінің 239 шақырымы (59%) асфальт болса, 2023 жылдың қорытындысымен 266 шақырымға (66%) жеткізу жоспарланған.
Сонымен қатар, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 152 шақырымына асфальт жабындысын төсеу жұмыстары 2022 жылы басталған:
«КХ-2 Уланбел-Созақ-Екпінді» автомобиль жолының Шолаққорғаннан Ыбырайға дейін 83 шақырым;
«КХ-57 Созақ-Қарағұр-Бақырлы» автомобиль жолының Созақтан Қарағұрға дейінгі 30 шақырым;
«КХ-56 Жамбыл облысының шекарасынан-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай» Шолаққорғаннан Құмкентке дейінгі автомобиль жолының 39 шақырымы асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Нысандар 2024 жылға өтпелі.
Аудан, қалалардың аумағын көгалдандыру мақсатында облыс әкімдігімен бекітілген іс шара жоспары бойынша 2023 жылы Созақ ауданы аумағында 17650 түп көшет (әлеуметтік нысандардың аулаларына, саябақтар мен жол жиектеріне) отырғызылды. Оның ішінде: 2000 түп көшет Шолаққорған ауылынан Түркістан бағытына шыға беріс облыстық маңызы бар КХ-56 автомобиль жолының жоғарғы бөлігінен «Жасыл белдеу» аумағын 1,6 гектарға ұлғайтылып, сонда отырғызылды. Демеушілер есебінен құрылған аймақ 2022 жылдың көктем айларында Шолаққорған ауылынан Түркістан бағытына шыға беріс облыстық маңызы бар КХ-56 автомобиль жолының екі шетінен 3,2 га жер телімі шарбақтармен қоршалып, 3500 түп көшет (оның ішінде: 2500 түп қара тал, 1000 түп гүжім) отырғызылған. Аталған көгалдандыру аймағына политэлен құбырымен тамшылатып суғару жүйесі жүргізілген.
Аудан аумағын көркейту, көгалдандыру мақсатында көшет отырғызу күз айларында жалғасын табатын болады. Ескерту: Созақ ауданы аумағында орман қоры жерлеріне сексауыл көшеті 500 гектар жер теліміне отырғызылған.
Аудандағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны – 26389, жұмыссыздар саны – 1325 адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрайды. Жұмыспен қамтылған халық құрылымында жалдамалы қызметкерлер саны – 19509 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 5555 адамды құрайды.
2022 жылдың 12 айында 1182 отбасының 5319 адамына 431 млн. 096 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, толығымен төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алушы 3038 адамның ішінде еңбекке жарамды 889 адамы жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.
«Қамқорлық» кешенді бағдарламасы аясында өмірлік қиын жағдайдағы 32 отбасы яғни 224 адамға 9249,0 мың теңгенің көмегі (азық-түлік, тұрғын үй, киім, жұмыспен қамту және т.б.) көрсетілді.
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» Ұлтық жоба шеңберінде атқарылатын жұмыстарды салыстыратын болсақ біршама жоғарғы көрсеткішке қол жеткізілді.
Аудан бойынша 2021 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,0% болса, 2022 жылда 5,0% болды. Жұмыссыздар саны 2021 жылға 1342 болса, 2022 жылға 1325 адамды құрап, 99 % төмендеді.
2022 жылдың 31 желтоқсанға дейін 4440 адамды жұмыспен қамту шараларымен қамтыған болса, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 140% пайыз орындалып отыр (2021 жылы 3163 азамат қамтылған).
Қысқа мерзімді оқытуға 24 адамды оқыту жоспарланып,100% пайыз орындалды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 100 орын жоспарланып, 83 адам жолданды, (орындалуы: 83%). (2021 жылы 31 желтоқсанына 76 адам қамтылған) 2022 жылмен салыстырғанда 109% орындалып отыр.
Жастар практикасына 160 орын жоспарланып, 268 адам қамтылды (орындалуы 167,5%). (2021 жылы 166 азамат қамтылған) 2022 жылмен салыстырғанда 161% орындалып отыр.
Қоғамдық жұмыстарға 450 орын жоспарланып, 1383 адам қамтылды, (орындалуы 153,7%). (2021 жылы 994 азамат қамтылған) 2022 жылмен салыстырғанда 139% орындалып отыр.
«Алғашқы жұмыс орындары» 17 орын жоспарланып, 24 адам қамтылды (орындалуы 141%) құрап отыр (2021 жылы 11 азамат қамтылған). 2022 жылмен салыстырғанда 218% орындалып отыр.
«Күміс жас» жобасына 15 орын жоспарланып, жоспар 100 % орындалды (2021 жылы болмаған.)
Мемлекеттік грантқа 80 орын жоспарланып, 100 % орындалды (2021 жылы 70 азамат қамтылған). 2022 жылмен салыстырғанда 114,2% орындалып отыр.
«Бизнес бастау» жобасы аясында – 133 адам жоспарланған, жолданғаны 574 азамат, (орындалуы 432%). (2021 жылы 181 азамат қамтылған). 2022 жылмен салыстырғанда 317% орындалып отыр.
Тұрақты жұмыс орындарына 1200 орын жоспарланған, жолданғаны — 1899 адам, орындалу пайызы 158,3% құрап отыр. (2021 жылы 1531 азамат қамтылған) 2022 жылмен салыстырғанда 124 пайызға орындалып отыр.
Интеракциондық жеке бастама бойынша 871 жаңа жұмыс орындары ашылды. Өңірлік карта бойынша 130 жаңа жұмыс орындары ашылып, 92 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.
Созақ ауданында қазіргі таңда 38 мәдени мекеме аудан халқына мәдени қызмет көрсетуде. 2023 жылдың жылдық жоспарын бекітіп, жыл басынан бері ресми және бейресми мерекелерде тақырыптық іс-шаралар, байқаулар ұйымдастырылып өткізілуде. 2022 жылы 649 іс-шара өткізілсе, 2023 жылға 658 іс-шара өткізу жоспарлаған.
Аудандағы 23 кітапхана мекемесіндегі кітап қоры-434677. Мемлекеттік тілдегісі – 302847. Оқырмандарға кітап берілімі 134153 дананы құрады. Жаңадан түскен кітап саны — 510, оның қазақ тіліндегісі — 480. Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне мерзімді басылымдарға жазылуына 750,0 мың теңге / басылымы – 86, данасы – 238/, жаңа кітаптар алуға 1 500,0 мың теңге қаржы бөлінген.
Созақ ауданында 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және 1 спорт клубы жұмыс істейді.
Қазіргі таңда Созақ ауданы бойынша 2 стадион, 1 ипподром, 34 кіші футбол алаңшасы, 33 балалар ойын алаңшасы, 9 стрит воркаут, 8 спорттық мәндегі спорт зал, 2 жүзу бассейні бар.
Өткен 2022 жылы бөлім тарапынан 182 спорттық іс-шара ұйымдастырылып өткізілсе, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының өзінде қорытындысы бойынша 41 спорттық іс-шаралар өткізілген.
Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты барлық білім беру мекемелерінің саны – 73. Оның ішінде: 35 білім беру орны болса, (32 — жалпы орта, 1 – негізгі, 2-бастауыш), балабақшалар 38 (18-і мемлекеттік, 20-ы жекеменшік). Мектептерде 15 433 оқушы білім алуда. Жалпы, мектепке дейінгі мекемелерде 4147 бала тәрбиеленеді немесе жалпы қамтылуы тиіс баланың нақты 100 пайызы қамтылып отыр.
Биыл Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебіне 200 орындық жаңа ғимарат салу жұмыстары жүргізілуде.
Жыл соңына қарай пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Жайлы мектеп бойынша Ы.Алтынсарин мектебінің құрылысы биыл басталып, 2024 жылға аяқталуы жоспарланған.
Биыл республикалық бюджеттен білім беру субвенцилары есебінен мектептерге модификация талаптарына сәйкес келетін 23 кабинет қарыстырылған (химия — 5, биология — 6, физика — 5, STEM — 7). Аталған кабинеттерге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан бойынша 1 — орталық аурухана, 1 – медициналық санитарлық алғашқы көмек орталығы, 9 — дәрігерлік амбулатория, 13 медициналық және 4 фельдшерлік акушерлік бекет орналасқан.
Аудандық емхана қуаттылығы тәулігіне 550 науқасқа қызмет көрсете алады. Аурухана құрамы 7 бөлімнен тұрады (терапия, хирургия, гинекология, жансақтау, балалар, жұқпалы аурулар, перзентхана және қабылдау бөлімі). Аудандық емханада рентген, физиотерапия, УДЗ, ЭКГ кабинеттері мен зертхана бөлімі бар. 3 жедел жәрдем бригадасы және 4 шұғыл медициналық көмек бригадасы жұмыс атқарады. 2023 жылдың есепті мерзімінде ана өлімі тіркелмеген, нәресте өлімі өткен жылмен салыстырғанда 3 жағдайдан 2023 жылы 1 жағдайға азайған. Ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейту мақсатында аудан тұрғындарына Жылжымалы медициналық кешен қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңда медициналық көмекпен 4001 тұрғын қамтылған, оның ішінде балалар саны – 652.
Сонымен қатар 2022 жылы аудан орталығындағы жұқпалы аурулар бөлімінің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2022 жылы Созақ Аудандық полиция бөлімінде жалпы 157 қылмыстық іс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда қылмыстық істердің сотқа жолдануы 23-ке немесе 39-дан 62-ге көбейген.
«ANYQ.KZ»-ақпарат