Түркістан облысы: Созақ ауданында «Тұлға. Тағзым. Тағылым» – Дулат Тұрантегінің 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті

Бүгін удандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайында көрнекті ақын, аудармашы, тарих және әдебиет зерттеушісі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Созақ ауданының Құрметті азаматы Дулат Тұрантегінің 90 жылдығына арналған «Тұлға. Тағзым. Тағылым» атты еске алу кеші өтті.

Кеш тізгінін Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері, ақын, аудармашы Гүлнәр Өмірбек ұстады. Қаламгердің шығармашылық мұрасын терең таныстырып, шараны әсерлі әрі мазмұнды жүргізді.

Шара барысында сөз алған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков: «Дулат Тұрантегі – туған жерінің тарихын тереңнен толғаған, елдің руханиятына қалтқысыз қызмет еткен қаламгер. Ол – өлеңмен де, ғылыми зерттеулерімен де туған топырағын таныта білген азамат», — деп атап өтті.

Кешке арнайы қатысқан Түркістан облысының Құрметті азаматы, «Парасат» орденінің иегері Сексенбай Тұрысбеков, Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері, ҚР Мәдениет қайраткері Өтеш Қырғызбаев, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын, ҚР Мәдениет қайраткері Төреғали Ташенов қаламгер туралы естеліктерімен бөлісіп, жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Кеш барысында ақынның «Көкейкесті», «Жандауыс», «Шоғырдағы жарық жұлдыз», «Құтты өлке» сынды еңбектері кеңінен таныстырылып, көрермен жүрегіне жол тапты. Сонымен қатар аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ақын шығармашылығына арналған сахналық көріністер ұсынып, жыр-термелер орындады.

 «ANYQ.KZ»ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin