Түркістан облысы: Созақ ауданында Шәмші әндері шырқалды

Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайында Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным» атты концерттік шара өтті.

Кеш шымылдығы «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестірінің орындауындағы «Ыңғай төк» күйімен бастау алды. Салтанатты шараны аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов ашып беріп, жиналған жұртшылықты Түркістан облысының 5 жылдығымен және Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының ұжымын 60 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтады.

— Бүгін, міне, тарихы сонау көне ғасырдан сыр шертіп, алуан мәдениет пен руханияттың нәрлі ошағына айналған Теріскей өңірінде Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, композитор Шәмші Қалдаяқовтың әндері шырқалғалы отыр. Түркістан облысының 5 жылдығына және Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармонияның 60 жылдық мерекесіне орай өткізіліп отырған «Менің Қазақстаным!» атты концерт Созақ жұртшылығына айрықша көңіл-күй сыйлайды деген сенімдемін. Бүгінгі таңда ұлттық өнеріміз бен құндылығымызды, мәдениетімізді насихаттауда филармония ұжымы елеулі еңбек етіп келеді. Ән-күй арқылы әдет ғұрыпты, салт-дәстүрімізді ұрпақтан-ұрпаққа дәріптеп жүрген сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, өнерде табысты болуларыңызға тілектеспін, -деген аудан әкімінің орынбасары қазақ өнерінің қара шаңырағына айналған филармония ұжымына аудан әкімінің арнайы құттықтау хатын табыс етті.

Концерт барысында филармония әншілері дарынды композитордың халық жүрегінен орын алған таңдаулы шығармаларын оркестрдің және ВИА-ның сүйемелдеуімен жанды дауыста орындады. Оған қоса, көпшілікке туындылардың шығу тарихы таныстырылды.

Айта кетейік, Шәмші Қалдаяқов 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде қазақ даласына 300-ге тарта ән қалдырған. Әрбір туындысы жүрек төрінде жатталған өнер иесінің әндері аталмыш концертте жаңаша сипат алды. Филармония ұжымы Шәмші әндерін нақышына келтіре орындап, шараға жиналған тыңдарманның көңіліне керемет сезім сыйлап, көптің ықыласына бөленді.

Еске салайық, Шәмші Қалдаяқов (15 тамыз 1930 жылы, Отырар ауданы – 29 ақпан 1992 жылы, Алматы) – композитор, Қазақстанның халық әртісі (1991), Қазақстанның Еңбек Ері (2022 жылы, қайтыс болғанынан кейін). Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы. Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы замандағы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі.

Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келді. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылданды. 1956-1962 жылдары Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында В.В.Великанов класында оқыды. Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық жағынан сіңірген еңбегі қазақ эстрадалық әндерінің әуенін ұлттық нақышпен құнарландыруында, яғни халықтық қайнармен қабыстыруында жатыр. Ал бұл — оның қазақ жұртының музыкалық дәстүрі сүтін еміп өскендігіне дәлел.

Осылайша бағзы мен бүгінгі мақамдарды керемет ұштастыруы Ш.Қалдаяқов туындыларының даңқын дүрілдетіп шығарып, дүйім далаға кең жайылуға кепілдік берді. Мұхтар Әуезов өмірден озар тұсында университет студенттері алдында сөйлеген әйгілі сөзінде Шәмші саздарын Ақан, Біржан өнерпаздығынан кейінгі бір «жыл келгендей жаңалық» сезіндіретін үздік құбылыс ретінде бағалағаны мәлім. Жұрт аузында «бүкіл қазақ еліне ән салдырған Шәмші» атануының сыры сонда. Сазгер әндері, әсіресе, 60-70-жылдардагы жастардың аузында жүрді. Кешеулеген «хрущевтік жылымық» дәуірінің жас адамдары шетел композиторлары мен орындаушыларына, мәселен, «Биттлзге» қалай ынтықса, қазақстандық өз сазгерлерімізді де солай сүйіп тыңдады. Бұл соңғысы мен арасында, әрине, Қалдаяқов бірінші орында тұрды.

Әсем да ақылды көкөрім жасты ғана емес, ересек, егде қауымның да, сан түрлі мамандық, алуан ұлт адамдарының да көңілін баурап алды. Халық арасында әсіресе күллі отаншылдық, елшілдік нотасын тап басқан «Менің Қазақстаным» туындысы айрықша мәшһүр болды. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы ұл-қыздар Алматы алаңдары мен көшелерінде Шәмшінің осы әнін ұрандай шырқап шықты. 2005 жылдан «Менің Қазақстаным» туындысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны болып бекітілді.

Шымкент облысы Отырар ауданында 1930 жылы 15 тамызда дүниеге келген. Оның әндері республикамыздың қай өңірі болмасын, жиі айтылып, ән сүйер қауым арасына барынша кең тараған. Ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған Ш.Қалдаяқов күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы сазгердің серісі. Біз ес білгелі бері еліміздің кең байтақ даласымен аспанында қалықтаған, махаббат пен сағыныш сезіміне толық қайталанбас Шәмші әуендері енді ХХІ ғасыр әлеміне бет алып әуелей беретіні ақиқат. Табиғат ерекше дарын иесі еткен дара тұлға Шәмші Қалдаяқовты қазақ баласы есінен шығармас. Шәмші ағамыздың «Қорлан» әнін шырқаудағы өзіне ішкі сырын ашып айтпай сөз шешендігіне салып бұра тартып кететіні де бар. Кең жүрегімен табиғат берген дархан, дарынды Шәмші ағамыз өзінің жүрек тербейтін, қиял қозғайтын, терең ойға шомылдыратын ғажап әндерімен халқын байытатын, олардың өмір сүруге құштарлығын арттыратынШәмші Қалдаяқов пиониноны да, домбыраны да жосылта тартатын еді. Бірақ, домбыраны екпіндете, төпелеп тартқанын көрген емеспіз. Бір әсем әуенді шерте бастайтын да қоңырлата былқылдата ала жөнелетін. Қысқаша айтқанда тұла бойы тұнған өнер болатын.

Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше 300-ге жуық әні бар. Ш.Қалдаяқов кеудесін қағып, мен атақты композитормын деп бір сәтте мақтанған жан емес. Қашанда өзінің қарапйымдылығымен ізгілігі мол адам ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен мәңгі орын алды. Өзінің шығарған өлеңінің бірі «Тамды аруы». Шәмші ағаның қалың жұртқа махабатты жырлаған композитор ретінде белгілі. Тамды аруы махаббат жайлы болғанымен ол махаббат бостандығын аңсап жазылған ән. Яғни, жас жігіттің басынан өткен қайғылы оқиғаға себеп болған. Бұл махаббат бостандығын аңсаған әнді Шәмші ағамыз өзінің шеберлігімен дүниеге әкелді. Ал, «Сағынышым менің» әнінде ерекше аңсау, терең толғау бар. Айта берсек әр әннің өзіндік тарихи сыры бар. Ең бір көшпелі тарих — ән тарихы. Кешегі Кәрібаевтың Жамбыл вальсімен қанағаттанған лектің рухани көші небір аймаңдай дарындармен дараланып, сән салтанаты асқан келешектің көркем келбетін көз алдымызға келтіре білген нұрлы көші еді.

Көш жуан ортасынан ойып орын алған композитордың бірі әрі бірегейі де Шәмші Қалдаяқов болатын. Шәмшінің тағдырын да біртуар тұтас бір тағдыр иесінің 18 жыл соңғы жылдарында осы топырақта ғажайып шығармашылық ғұмыр кешті. «Мойынқұмда ауылым», «Дүнген қызы», «Фосфорлы Жамбыл» секілді атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге тарады. Әу баста Шымкент өңірінде басталған Шәмші Қалдаяқов атындағы Халықаралық ән фестивалі Жамбылда жалғасын тауып, талай таланттардың тұсауын кесті. Шын таланттың ғажайып дарынның шапағаты тиді деген осы. Дарыны иісі қазаққа ортақ Шәмшідей аяулы жанның ән ғұмыры әлі талай ұрпақтың ой білімімен, парасатымен жаңаша жаңғырып жалғасын таба берері сөзсіз. Бұл еңбекті сол төккен тердің төл басы Тараз тойына тарту деп қабылдауымыз ләміз.

Қазақ өнері орны толмас қазаға душар болды. 1992 жылы 29 ақпанда жасы 62-ге қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан, көрнекті халық әртісі Ш.Қалдаяқов көз жұмды. Шығармашылық жұмыспен 1950 жылдардан бастап айналысқан. 1956-1962 жылдарда Алматы консерваториясында оқыды. Шәмшінің тұнып тұрған сыр шындығымен, шынайылылығымен және сезімге терең бойлауымен ерекшеленетін алғашқы әндерінің өзі композитордың атын елге жайып, халықтың сүйікті перзентіне айналдырды. 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Ш.Қалдаяқовтың 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Олардың дені ән жанрында Ш.Қалдаяқовтың өзінің қайталанбас қол таңбасы халықтың бояуы қанық талантымен қазақ халқының қазіргі әнін, өнерін биік белеске көтерді. Қазақ даласын әнмен тербеткен Ш. Қалдаяқовтың тағдыры мен ғұмырына осы төрт жол өлең түгелімен арналғандай. Оның әндерінсіз ешбір мереке де, ешбір той-думан да өтпейді. Оның әндерін еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін шырқайды. Ал «Шәмші аға» деген сөз «Ән аға» деген сөзбен тұтасып, синоним болып кеткелі қашан…

Танымал әндер жазудағы табысы үшін композитор 1965 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығын алды. Ал, 1991 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық әртісі атағы берілді.

Қалдаяқов ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын, соны леп ала келген сазгер ретінде көрінді. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Композитор шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы аса кең. Елге, жерге, Отанға, ата-анаға, жарға, дос-жаранға деген сүйіспеншілік – Шәмші шығармаларының басты тақырыбы. Оның азаматтық лирикаға тұнған, республикамыздың кең байтақ жерін жырға қосатын:

  • «Ақ ерке – Ақ Жайық»,
  • «Арыс жағасында»,
  • «Сыр сұлуы»,
  • «Жарқырайды Жезқазған»,
  • «Қарқаралы»,
  • «Фосфорлы Жамбыл»,
  • «Байқоңыр»,
  • «Талдықорған – әнім менің»,
  • «Ырысты өлке – Шардара»,
  • «Отан»,
  • «Теріскей»,
  • «Мойынқұмда»,
  • «Отырардағы той»,
  • «Көгілдір Көкше»,
  • «Өмір өзен», т.б. туындыларын жұртшылық ерекше ықыласпен қабылдады.

Композитордың марш екпінді, жігерлі, шаттықпен шырқалатын:

  • «Менің Қазақстаным»,
  • «Теңізде – толқында»,
  • «Бақыт құшағында»,
  • «Бәрінен де сен сұлу» сияқты әндері халық арасына кеңінен тарады.
  • «Ақмаңдайлым»,
  • «Ақсұңқарым»,
  • «Қайдасың»,
  • «Еркежан»,
  • «Ана туралы жыр»,
  • «Құшақ жайған қандай адам»,
  • «Қайықта»,
  • «Қыз сағынышы»,
  • «Ақ бантик»,
  • «Кешікпей келем деп ең»,
  • «Қуаныш вальсі»,
  • «Әнім сен едің»,
  • «Сағынышым менің»

әндері Р.Бағланова, Р.Абдуллин, Б.Төлегенова, Р.Мұсабаев, З.Қойшыбаева, т.б. әншілердің репертуарынан берік орын алды.

Қалдаяқов артында мол музыкалық мұра қалдырды.

Шәмші Республика жастар сыйлығының иегері болды (1965 жылы).

1992 жылдан бастап сазгерлер мен әншілер үшін Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау-фестиваль дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Шымкент қаласында облыстық филармония, бір көше, Алматы қаласында бір көше, композитор туған өлке – Шәуілдір ауылындағы музыка мектебі – Қалдаяқов есімімен аталады. Шымкент филармониясының алдына Қалдаяқов ескерткіші орнатылған. 1991 жылы Қалдаяқов жайлы ғұмырнамалық «Жылдарым менің, жырларым менің» (реж. Т.Ахметов) деген деректі телефильм түсірілді. «Шәмшіғұмыр» естеліктер мен мақалалар жинағы жарық көрді (2002 жылы).

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin