Түркістан облысы: Созақ ауданында естен кетпес рухани кеш өтті

Бүгін аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде ұлттық өнеріміздің темірқазығына айналған «Алатау» дәстүрлі өнер театры ұжымы «Алтыбақан» ойын-сауық ән кешін қойып, көрерменге рухани әсер сыйлады.

Кешке ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші, тележүргізуші, театрдың даму мәселесі жөніндегі орынбасары Қаракөз Сүлейменова жетекшілік етті.

Шараның ашылуында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков өнер ұжымына ізгі тілегін арнап, ықылас гүлін табыстады.

«Ұлттық өнер – халқымыздың рухани болмысы. Бүгінгі кеш соның жарқын дәлелі болмақ. Осындай игі шаралар ұрпақ санасына ұлттық рухты сіңіруде үлкен маңызға ие», – деді аудан басшысы.

Сахна төрінде сөз алған Қаракөз Асқарқызы: «Бұл сапар – тек өнер көрсету емес, туған жерге тағзым етіп, халықпен сырласу, рухани байланыс орнату десек, артық айтқандық емес», – деп туған жерге деген сағынышын тебіреніспен жеткізді.

Айта кетейік, «Алатау» дәстүрлі өнер театры Орталық Азия кеңістігіндегі ұлттық өнер ордасы ретінде танылып, халқымыздың әншілік, күйшілік, жыршылық дәстүрін дәріптеп, төл өнерімізді заман талабына сай жаңғыртып келеді.

 «ANYQ.KZ»ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin