Түркістан облысы: Созақ ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылау жүргізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Созақ ауданы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөлімінің бас маманы С.Қарабаев және Созақ аудандық “Демеу” мүгедектер қоғамық бірлестігінің төрайымы, аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі Б.Смахова Созақ ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөліміне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қоғамдық бақылау жұмысын жүргізді.

Бақылау барысында бөлім тарапынан ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің жағдайымен танысып, қызмет алушыларға арналған қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы және бақылау барысында көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен анық ақпараттың болуы, т.б мәселелері қаралып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиісті деңгейінде ұйымдастырылуы бойынша ұсынымдар берілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin