Түркістан облысы: Созақ ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Созақ ауданы әкімі аппаратының заң және ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөлімінің бас инспекторы С. Қарабаев және Созақ аудандық “Демеу” мүгедектер қоғамық бірлестігінің төрайымы, аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі Б. Смахова Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппараты мекемесіне мемлекеттік көрсетілетін кызметтердің сапасын арттыру мақсатында қоғамдық бақылау жұмысын жүргізді.

Бақылау барысында ауылдық округ тарапынан ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің жағдайымен танысып, қызмет алушыларға арналған қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы және бақылау барысында көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігі мен анық ақпараттың болуы және мекеме ғимаратына кіріп- шығуына, дабыл батырмаларының жұмыс істеуі тексеріліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдайлардың болуы, т.б. мәселелер қаралды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиісті деңгейінде ұйымдастырылуы бойынша ұсынымдар берілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin