Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен жиын өтті. Жиынға жауапты сала орынбасары мен бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Аудан басшысы жиын барысында салынып жатқан құрылыс нысандары, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамту, елді мекендердің ішкі көшелеріне төселіп жатқан асфальт жабындысы сынды атқарылып жатқан жұмыстарға жеке-жеке тоқталып, жұмыс барысын назарға алды. Жауапты мамандарға жұмысты барынша үйлестіріп, сапалы әрі уақытылы атқаруды тапсырды.
Әуелі құрылыс саласы бойынша сөз қозғайық. «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Ұлттық қордан Созақ ауылындағы спорт алаңы құрылысы жобасына
231,8 миллион теңге (2022 жылдан өтпелі) бөлініп, 2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қабылданды.
Сонымен қатар, Созақ ауылындағы спорт алаңы құрылысы (сыртқы инженерлік желілері) жобасына 227,6 миллион теңге бөлініп, 2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.
«Қаратау ауылынан жабық кіші футбол алаңының құрылысы» жобасына 97,5 миллион теңге бөлініп, 2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.
2023 жылы Шолаққорған ауылынан заманауи спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы басталды (жобаның құны: 1 миллиард 924 миллион теңге) 2023 жылға Ұлттық қордан 300 миллион теңге қаралып, игерілді. Нысан 2025 жылға өтпелі.
«Тасты ауылындағы 75 орындық мәдениет үйінің құрылысы» жобасына 176,6 миллион теңге бөлініп, 2023 жылы 4 желтоқсанда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қабылданды.
Қарақұр ауылдық округі аппараты әкімшілік ғимараты мен кіші жабық футбол алаңының құрылысы ел игілігіне пайдалануға берілді.
Биыл құрылыс жұмыстарын бастауға бірнеше жобаларға қаржы қарастырылды:
«Құмкент елді мекеніндегі Жылыбұлақ каналын салу» жобасының құны – 470,1 миллион теңге. 2023 жылға 30 миллион теңге игерілсе, 2024 жылы 250 миллион теңге қаралды. Нысан 2025 жылға өтпелі.
«Қаратау елді мекенінің қатты қалдықтар тастайтын орынының құрылысы» жобасының құны – 201,6 миллион теңге. 2023 жылға 6 миллион теңге игерілсе, 2024 жылы 173 миллион теңге қаралған. Нысанның пайдалануға беру уақытысы: 2024 жылдың қыркүйек айы.
«Қарақұр елді мекенінің қатты қалдықтар тастайтын орынының құрылысы» жобасының құны – 303,2 миллион теңге. 2023 жылға 1 миллион теңге игерілсе, 2024 жылы 128 миллион теңге қаралды. Нысан 2025 жылға өтпелі.
«Жуантөбе елді мекенінің қатты қалдықтар тастайтын орынының құрылысы» жобасының құны – 174,6 миллион теңге. 2023 жылға 6 миллион теңге игерілсе, 2024 жылы 155 миллион теңге қаралған. Нысанның пайдалануға беру уақытысы: 2024 жылдың қыркүйек айы.
Шолаққорған ауылындағы «Астана» мөлтекауданына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жобалық-сметалық құжаттамасына түзету енгізуге оң сарапта қорытындысы алынды. Жобаның құны 2 миллиард 555 миллион теңгені құрайды. Нәтижесінде жер кезегінде тұрған 435 адам тұрғын үйге жер телімдерін беруге мүмкіндік болады.
Сонымен қатар, «Жартытөбе, Жуантөбе ауылдарынан мал емдейтін станок құрылысы, Абай, Жуантөбе ауылдарынан және Таукент, Қыземшек кенттерінен ұсақ малдарды тоғытатын нысан құрылысы, Шолаққорған ауылынан мал өлекселерін тастайтын шұңқыр құрылысы, «Беккери» шұңқыры құрылысы» жобаларына 2024 жылы 207 миллион теңге қаралған. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде. Нысанның пайдалануға беру уақытысы: 2024 жылдың қазан айы.
Ауызсу демекші, аудан көлеміндегі 33 елді мекеннің 29 елді мекеніндегі 61 937 адам орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Орталықтандырылған ауыз су құбыры бар 29 елді мекеннің 21 елді мекеніне ауыз су 24 сағат берілсе, қалған 5 елді мекенге (Сызған, Созақ, Қарақұр, Қаратау, Қозмалдақ) кестемен берілуде.
Созақ ауылына қарасты Шақырық елді мекенін ауыз сумен тәулік бойы қамтамасыз ету үшін қаржы бөлуге (жоба құны – 2 миллиард 88 миллион теңге) облыстық бюджетке ұсынылды. 2024 жылға 151 000,0 мың теңге (АБ-1 000,0 мың теңге ОБ-150 000,0 мың теңге) қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы мердігер «ИНТЕКО ЛТД СТРОЙ» ЖШС анықталып, 2024 жылы 1 шілдеде келісімшарт түзіліп, ұңғыма құдықты бұрғылау жұмыстары басталған.
Қаратау ауылын тәулік бойы ауыз сумен қамтуға қаржы бөлуге (жоба құны – 952 миллион 43 мың теңге) облыстық бюджетке ұсынылып, 2024 жылға 51 000,0 мың теңге (АБ 1 000,0 мың теңге, ОБ-50 000,0 мың теңге) қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы мердігер «ӨСЕН АР» ЖШС анықталып, 2024 жылы 20 маусымда келісімшарт түзілді.
Қарабұлақ, Балдысу, Басбұлақ, Саржаз және Сызған елді мекендеріне ауыз су құбырын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленіп, 2023 жылы аудандық бюджеттен 9 миллион теңге, облыстық бюджеттен Қарабұлақ, Балдысу елді мекендеріне 34 миллион 400 мың теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталған.
Ағымдағы жылы 5 елді мекеннің ауыз су құбыры (Балдысу, Қарабұлақ, Басбұлақ, Сызған, Сарыжаз) құрылысының жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілсе, 1 268 тұрғын ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Қазіргі таңда аудан тұрғындарының 98,1 пайызы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, жоғарыда аталған ауыз су құбырының құрылыстары аяқталған жағдайда аудан халқы 100 пайыз қамтылатын болады.
Ал жол құрылысы мәселесіне келсек, жолдарды жақсарту мақсатында 2023 жылы «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 22,4 шақырымды құрайтын 18 көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін облыстық бюджеттен 547 миллион 67 мың теңге қаржы бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен 11,6 шақырымдық 11 көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін 371 миллион 127 мың теңге қаржы бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
2023 жылы Жартытөбе, Аққолтық, Балдысу және Басбұлақ елді мекендерінің ішкі көшелеріне асфальт жабындысы төселіп, нәтижесінде аталған елді мекендердің көшелері 100% асфальт жабындысымен қамтылды.
Бүгінгі таңға ішкі жолдардың асфальт жабындысы 66 пайызды құраса, ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде 69 пайыздан асады деп жоспарлануда.
2024 жылы «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 26,1 шақырымды құрайтын 25 көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін облыстық бюджеттен 710 миллион 613 мың теңге қаржы бөлініп, мердігер анықталып шарт түзілді. Қазіргі таңда асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, аудандық бюджеттен 21,2 шақырымдық 18 көшеге қиыршық тас төсеу және асфальт жабындысын төсеу үшін 493 миллион 289 мың теңге қаржы бөлініп, мердігер анықталып шарт түзілді. Қазіргі таңда асфальт жабындысын және қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.
— Ауданда әр сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға салғырттық танытпай, үйлестіре білу қажет. Бұл мәселе салалық орынбасарларға да қатысты. Қолға алынған әрбір жобаны уақытынан кешіктірмей, сапалы аяқтау керек, — деген аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын да назарға алды.
Осы тұрғыда еске сала кетейік, түнеугүні алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысы Түркістан облысының басшысы Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен отырыста да пысықталған-ды. Облыс әкімі жауапты басшыларға жылу беру кезеңіне дайындықты күшейтуді тапсырды.
– Жауапты басқармалар мен аудан әкімдіктері шұғыл түрде көмір жеткізу, табиғи газға ауыстыру жұмыстарын жеделдетуі керек. Бюджеттік және әлеуметтік мекемелер, білім ұялары, мәдениет, спорт нысандары жылыту маусымына толық дайын болуы тиіс. Көмір тасымалдаушы мердігерлердің жұмысын қадағалап, көмірді мерзімінде жеткізіңіздер. Сапасына мән берілсін. Осы салаға жауапты басшылар тұрақты түрде штаб отырысын өткізіп, мәселені бақылауда ұстаулары қажет, – деді облыс әкімі.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбековтың айтуынша, Түркістан облысында алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, облыста жылумен қамтамасыз ету бойынша 7 кәсіпорын қызмет көрсетеді. Олардың құрамында 1 жылу энергетика кешені, 34 орталықтандырылған және 1577 автономды қазандық бар. Аталған жылу орталықтары арқылы облыста 1279 білім, 668 денсаулық сақтау, 212 мәдениет, 9 жұмыспен қамту, 75 спорт нысаны және 737 көпқабатты тұрғын үй жылумен қамтамасыз етіледі.
Жылу энергетикалық кешендеріне қажетті отын көлемі анықталған. Алдағы жылыту маусымына 114,2 мың тонна көмір, 1 миллион литр дизель, 7,8 мың тонна мазут, 17 093 мың текше метр газ қажет. Жалпы, жылыту маусымында тұтынылатын мазут көлемі — 7,8 мың тонна. Алдағы жылыту маусымына 17,3 миллиард теңге қаралып отыр. Оның ішінде 16,9 миллиард теңге бюджет есебінен бөлінген.
Облысқа қажетті көмірдің көлемі – 778,3 мың тонна. Оның ішінде бюджеттік мекемелерге қажеттілік – 104 мың тонна. Жылу беретін кәсіпорындарға – 4,8 мың тонна. Жеке тұрғындарға – 386,1 мың тонна. Өңірге көмір вагондары тұрақты келуде.
Мәжілісте білім, спорт, мәдениет және өзге де сала басшыларына көмір тасымалдау, қысқа дайындық мәселесі бойынша нақты тапсырма берілді.
Облыста табиғи газға қосу жұмыстары қарқынды жүргізілуіне байланысты тұрғындардың көмірге деген сұранысы 82 000 тоннаға төмендеген. Өткен маусымда 93 бюджеттік мекеме көмірден газға ауыстырылды. Көмір қажеттілігі 36 000 тоннаға төмендеп отыр.
Облыста 2023 жылы 60 газ нысанының құрылысы нысан аяқталды. 45 елді мекен, 11 шағынауданда 111 876 халыққа табиғи газ берілді.
Назар аударар тағы бір мәселе, еліміздегі кейбір өңірлер жылыту маусымына дайын емес. Республиканың 6 өңірінде көмірмен қамту жұмыстары баяу жүріп жатыр. Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлері дайын емес аймақтарда бар. Тіпті жоспардың 50%-ын орындай алмай отырған өңірлер де бар. Үкімет үйінде өткен жиында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев осылай деп мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, жылыту маусымына дайындық басталғаннан бері шамамен 1 миллион тонна көмір жеткізілген, бұл жылдық жоспардың 12%-ын құрайды. Мониторинг барысында Абай, Қызылорда, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары және Астана қаласында көмірмен қамту жұмыстары төмен екені анықталып отыр.
Қанат Шарлапаев әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді жылу маусымына дайындауда кенже қалып жатқан өңірлерді де атап өтті. Республиканың 5 өңірінде бұл бағыттағы жұмыстар баяу жүріп жатқанын айтады. Бұл — Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Алматы, облыстары және Алматы қаласы.
Ал денсаулық сақтау объектілері дайын емес өңірлер тізімінде тағы да Қарағанды мен Алматы облысы бар. Ақмола, облысы, Шымкент, Алматы қаласындағы аурухана, емханалардың да жылу маусымына дайындығы көңіл көншітпейді.
«Тұрғын үйлер бойынша дайындық жұмыстары 34,169 үй қамтылған, бұл жоспардың 68% құрайды. Шымкент қаласында тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындығының төмендігі байқалады», – деді министр.
Ведомство басшысы жылумен жабдықтау желілеріндегі жұмыстардың сапасына да тоқталды. Бұл бағыттағы жұмыстарда да кемшіліктер бар. 5 өңірде желілерді жөндеу бойынша жұмыстар жоспардың 50%-на да жетпейді. Оның ішінде Шымкент қаласында – 31%, Маңғыстау облысында – 41%, Атырау, Қостанай және Абай облыстарында 49% ғана орындалған.
«Автономды жылу көздерін дайындауға тоқталсақ. Республика бойынша алдағы жылыту маусымына шамамен 12 мың автономды қазандықты дайындау қажет. Бүгінгі күнге дайындық жұмыстарының 81% аяқталды, яғни 10 мыңнан астам автономды қазандық дайындық жұмыстарынан өтті. Қазандықтарды дайындау бойынша Астана қаласының артта қалуы байқалады», – деді Қанат Шарлапаев.
Министр автономды қазандықтарды отынмен қамтамасыз ету жұмыстары Қарағанды, Түркістан, Қостанай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Абай, Алматы облыстарында және Астана қаласында баяу жүріп жатқанын айтты.
Айта кетейік, елімізде жылуға артық төленген 768 миллион теңге қаражат тұтынушыларға қайтарылатын болды. Бұл жұмысты Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аймақтық бөлімшелері атқарды. Мәселен, жылу үшін Астана тұрғындары 2 279,97 мың, алматылықтар 95 405,36 мың, шымкенттіктер 20 208,83 мың теңге артық төлеген. Қаражат жаңа жылу маусынында тұтынушылардың жеке шотына аванс ретінде түспек.
Аудан әкімі қатысқан жиында бұған қоса тұрғындар қажеттілігіне орай туындаған басқа да өзекті мәселелерге тоқталып, сала орынбасары мен жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді
«ANYQ.KZ»-ақпарат.