Түркістан облысы: Созақ ауданында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» аясында «Қызмет алушылар күні» ісшарасын ұйымдастырып, өткізу ұсынылған болатын.

Осы ретте, бүгін аудан әкімі аппараты ғимаратының кіші мәжіліс залында, «Білім беру-балабақшалар, мектептер, колледждер жоғарғы оқу орындары, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыту», т.б. мемлекеттік қолдау тақырыптарына арналған іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында қызмет алушыларға мемлекеттік қолдау беру мәселері бойынша шаралары түсіндіріліп, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша консультациялық кеңестер берілді.

Еске салайық, тамыздың 20 күні «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілетіні күні бұрын хабарланған болатын. Нақтырағы, аудан әкімдігі: «Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Агенттіктің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік ақпаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» бойынша, «Білім беру-балабақшалар, мектептер, колледждер жоғарғы оқу орындары, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыту» және т.б. үшін мемлекеттік қолдау тақырыптарында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілетінін хабарлаймыз. Өтетін уақыты, орны: 2024 жылғы 23 тамыз, сағат 10:00-де Созақ ауданы әкімі аппараты ғимаратының кіші мәжіліс залында өтеді» — деп құлаққағыс жасаған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin