Түркістан облысы: Созақ ауданының аумағында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды

Бүгін аудан аумағында бөлім, мекеме мамандары, кәсіпкерлік нысандардың иелері мен тұрғындардың қатысуымен жаппай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Тазалық жұмыстарына 1480 адам жұмылдырылып, 13 арнайы техника тартылды. Тазалық жұмыстары барысында 38 шақырым көше бойлары, 11 шақырым аяқ жолдар ретке келтірілді. Сондай-ақ Шолаққорған-Түркістан бағытындағы «Жасыл белдеу» аумағы тазартылды. Әлеуметтік нысандардың аулаларына, саябақтарға және “Жасыл белдеу” аумағына 2480 түп ағаш көшеті отырғызылды.

Сенбілік аясында 70 тоннадан астам күл-қоқыс арнай қоқыс тастайтын полигондарға тасымалданды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin