Ағымдағы жылы аудан шаруалары мол табысқа қол жеткізіп отыр. 8 айдың қорытындысына сәйкес, ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 12 260,5 миллион теңгені құрап, осы жылы 14 393 гектар егіс егілді. Оның ішінде: 310 гектар бидай, 1049 гектар арпа, 769 гектар жүгері, 1265 гектар мақсары, 494 гектар картоп, 482 гектар көкөніс, 482 гектар бақша, 1996 гектар жаңа жоңышқа, 7516 гектар өткен жылдардағы жоңышқа орналастырылды.
Жыл басынан бері жаңадан 20 дана ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Аудан шаруалары тамшылатып суару әдісін де тиімді пайдаланып, оны толыққанды меңгеруде. 5,2 гектар жерге тамшылатып суару әдісі енгізілді. Шолаққорған ауыл округінен «Дәмен» шаруа қожалығы 40 гектар жерге жаңбырлатып суару қондырғысын орнатса, бүгінгі күнге «Атамекен» шаруа қожалығында 141 гектар жерге жаңбырлатып суару қондырғысын орнату мақсатында бассейн қазу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.