Түркістан облысы: Төлеби ауданында Тілемші каналының 3,5 шақырым жеріне ағымдағы жылдың наурыз айында механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың бекітілген кестеге сай халықпен кезекті кездесуі Қасқасу ауылдық округінде өтті. Есепті кездесуде 2023 жылдың алғашқы үш айында жүзеге асқан жобалар мен бірінші тоқсанда өткен кездесуде көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар талқыланып, жоспарлар сараланды.

Жергілікті биліктің ең басты мақсаты – тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету. Бұл бағытта жүзеге асатын шаралар ауқымды. Жылдың басында өткен кездесуде тұрғындар тарапынан 9 мәселе көтерілді. Сол мәселелерді шешу бойынша іс-шара жоспары жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілу нәтижесінде 7 мәселе өз шешімін табуда, атап айтқанда:

  1. Округтегі жүріп жатқан табиғи газ құрылысының сапасы және қалып кеткен үйлер бойынша Мердігер «Azia RC» ЖШС жалпы бүгінге – 67,11 шақырым ПЭ құбыр, 8,0 шақырым темір құбыр тартып, жобада қаралған газ шаруашылығын реттеу пункттері (ГШРП) орнатылды. Жобадан тыс 105 жуық үйге газға қосу нүктелері қалдырылып, үйлерге сметаға өзегерістер енгізу (қосу, алу) арқылы ГШРП орнатылатын болады. Жалпы құрылыс жұмыстары 2023 жылдың тамызында аяқталып, жыл соңына дейін газды іске қосу жұмыстары жүргізілетін болады.
  2. Елді мекендерді ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында «Төлеби су шаруашылығы» мекемесінде бүгінге 2 эксковатор жұмыс жасап, «Тілемші» каналының 3,5 шақырым жеріне ағымдағы жылдың наурыз айында механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.
  3. Керегетас елді мекені, Бейбітшілік көшесіндегі жарамсыз бағаналар «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Төлеби аудандық электр тарату бөлімі тарапынан ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2023 жылдың шілде айына дейін ауыстырылатын болады.
  4. Жоғарғы Қасқасу елді мекенінде жардан құлаған тастар жауапты мердігер мекеме тарапынан алынып, қалпына келтірілді.
  5. Жоғарғы Қасқасу елді мекеніндегі тозығы жеткен электр бағаналары мен желілері «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Төлеби аудандық электр тарату бөлімі тарапынан 2024 жылға инвест жобаға енгізілген. Биылғы жылы апатты жағдайдағы электр бағаналары ағымдағы жөндеу жұмыстарымен ауыстырылатын болады.
  6. Жоғарғы Қасқасу елді мекені, Сарыбұлақ көшесінің 6,2 шақырым электр желісі мен 1 трансформаторын ауыстыру үшін сметалық құны 75,5 млн. теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, салалық облыстық басқармаға қаржыландыруға ұсынылды. Қаржыландырылған жағдайда жұмыстар атқарылатын болады.
  7. Облыстық автомобиль жолдары басқармасы тарапынан облыстық маңызы бар «КХ-31 Қасқасу Қысқы демалыс аймағы» бағытындағы жолдар жөндеуден өтікізіліп, жол кедергілерін орнату бойынша конкурстық жеңімпазды анықтау жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылдың маусым-шілде айларында орнатылатын болады.

Ауылдық округтегі елді мекендерде ескірген электр бағаналары мен трансформаторларды жаңарту үшін Жоғарғы Қасқасу елді мекенідегі Сарыбұлақ көшесіне 1650 метр, Керегетас елді мекені Майдатал көшесіне 2400 метр, Кеңесарық елді мекені Өмірзақұлы Қозыбақ көшесіне 2450 метрге ескірген электр бағаналарымен желілеріне ЖСҚ әзірленіп қаржыландыруда.

Елді мекендердегі ішкі көшелерді орта жөндеуден өткізу үшін сметалық құжаттары әзірленіп, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомсобиль жолдары бөліміне қаржыландыруға ұсынылды

Қасқасу ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі облыстық маңызы бар жол бойларына бейнебақылау орнату үшін аудан әкімі аппаратына 09.03.2023 жылы №ю230-02-06/252 шығыс хатпен ұсыныс жолданды.

Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Хамзаұлы, мәслихат депутаты Талғат Манкеев қатысып, сайлауалды бағдарламада айтылған мәселелерді орындау бағытында жұмыс жүргізілетінін түсіндірді.

Есепті кездесуді қорытындылаған аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы әңгімелеп, проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірді.

Аудан әкімі Төлеген Телғараевтың халықпен кезекті кездесуі Тасарық ауылдық округінде жалғасын тапты. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес өтіп жатқан кездесулерде әкімдердің халықпен кездесуі – билік пен қоғамның, әсіресе өңірлердегі диалогын орнатуға негізделген кері байланыстың маңызды бағыты екеніне көз жеткіздік. Жаңа өзгерістерге сәйкес, әкімдер кездесу аяқталғаннан кейін азаматтарды жеке қабылдап, жиын барысында көтерілген проблемалы мәселелер жүйеленіп, оларды қаржыландыру үшін мәслихат сессиясына ұсынылуда.

Алғашқы кездесуде округ халқы 10 мәселе бойынша сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізген болатын. Аталған мәселелерді шешу бойынша іс-шара жоспары жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде мәселелер оң шешімін табуда, атап айтқанда:

  1. «Жарық жол» МКК тарапынан Жамбыл елді мекеніне кіре беріс жерге (мешіт жанында) жол кедергісі орнатылды.
  2. Жамбыл елді мекені, Асар, Итемір әулие, Беласар, Алатау, көшелеріне 3 дана трансформатор орнату мен 4,5 шақырымы электр желілерін жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаты жасалып, сараптамасы алынды. 2023 жылы құрылысына 73,8 миллион теңге бөлу жөнінде салалық басқармаға бюджеттік өтінім берілді. 204 жылы қаржыландырылған жағдайда жұмыстар жүргізілетін болады.
  3. Оңтүстік елді мекені, Ақмола көшесіне асфальт төсеу бойынша 9,90 миллион теңгеге сметалық құжаты әзірленіп, қаржы қарау бойынша бюджеттік өтінім берілді. 2024 жылы қаржыландырылып, асфальт төселетін болады.
  4. Оңтүстік елді мекені, Ақмола, Саңлақ, Оңтүстік көшелеріне аяқ жол салу бойынша 55,4 миллион теңгеге сметалық құжаты әзірленді. 2024 жылы қаржыландырылып, аяқ жол салынтын болады.
  5. Тасарық елді мекені, М.Әуезов көшесіндегі күйіп қалған түнгі жарық шамдары «Жарық жол» мекемесі арқылы наурыз айында ауыстырылды.
  6. Тасарық елді мекені Е.Ерназаров көшесіндегі апатты жағдайдағы электр желілері мен бағаналары және тарасформатор Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Төлеби аудандық электр тарату бөлімі тарапынан 2023 жылдың тамыз айына дейін ағымдағы жөндеуден өтеді.

Ал, электр жүйелері мен бағаналары 2026 жылы инвест бағдарламасы арқылы толық жаңартылатын болады.

  1. Тасарық елді мекені Т.Тоғысбаев, М.Әуезов көшесіне 2 трансформатор орнату мен 9,6 шақырым электр желілерін жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаты жасалып, 12.11.2022 жылы №AExp-0012/22 сараптамадан өткен. 2023 жылы құрылысына 138,9 млн теңге бөлу жөнінде салалық басқармаға бюджеттік өтінім берілді. Электр желілері мен бағаналары «ОЖТ» ЖШС-ның инвест бағдарламасы аясында 2026 жылы толық жаңартылады.
  2. Тасарық елді мекеніне «Кселл», «Билайн» абоненттерін ендіру 2023-2024 жылдың жоспарға енгізілген, ал Оңтүстік елді мекеніндегі «Актив» операторының қуаттылығын көтеру мақсатында 2023 жылдың соңына дейін модернизациядан өткізуді жоспарлаған.
  3. Ханарық е/м, А.Навои көшесіндегі (мектепке дейін) 3,2 шақырым электр желісі мен трансформатор «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвест бағдарламасы аясында 2023 жылдың қыркүйек айына дейін жаңартылатын болады. Ал А.Навой (мектептен кейінгі аумағы), Мәуелі, С.Рахимов көшелеріне 6 трансформатор орнату мен 20,3 шақырымына электр желілерін жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып, 12.11.2022 жылы № AExp-0010/22 сараптамасы алынды. 2023 жылға құрылысына 268,2 млн теңге бөлу жөнінде салалық басқармаға бюджеттік өтінім берілді. Қаржыландырылған жағдайда жұмыстар жасалатын болады.
  4. Жамбыл елді мекеніндегі Беласар, Асар көшелері «Жарық жол» тарапынан 2023 жылдың қыркүйек айына дейін ағымдағы жөндеуден (ямочные работы) өтетін болады.

2022-2023 жылдар аралығында Ханарық, Оңтүстік елдімекендерінің электр бағаналарын ауыстыру «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС мекемесінің жоспарына сәйкес инвестициялық бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.

Тасарық ауылдық округіне қарасты елдімекендерде тұрғын үйге жер кезектілігі 1384 адам тіркелген. Бас жоспарға сәйкес Ханарық, Оңтүстік елді мекендерінің жаңа массивтеріне инфрақұрылым (электр желілері мен трансформаторлар, ауыз су) жүйелерін жүргізу үшін бастапқы жобалық сметалық құжатын әзірлеу үшін қаржы қаралып отыр.

Ханарық елді мекеніндегі көпірдегі күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын аяқтау үшін сот үкімі шықты. Қазіргі кезде көпірдің жобасын қайта әзірлеуге (корректировка) жобалау-іздестіру жұмыстары (смета на ПИР) жасалды.

Алдағы бюджетті нақтылау кезінде жобалау-сметалық құжатын әзірлеуге қажетті қаржы қаралатын болады.

Есепті кездесуге қатысқан аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Хамзаұлы, аудандық мәслихат депутаттары Нұрман Ералиев, Мұхтар Бастықов сайлауалды бағдарламаларында айтылған мақсат-міндеттерді дер кезінде және жүйелі орындау бағытында жұмыс жүргізетіндіктерін айтты. «Халық бізге сенім артып, дауыс берді. Біздің негізгі міндетіміз — сайлауалды уәделерді орындау және сайлаушылардың сенімін ақтау. Елдің әлеуетін көтеруге, әр тұрғынның өмір сүру сапасы мен әл-ауқатының жақсаруы мақсатында еңбек етеміз», — деді мәслихат төрағасы Нұрлан Хамзаұлы.

Кездесу барысында халық көтерген проблемалы мәселелердің шешілу барысы туралы ақпарат аудан әкімінің ресми сайтына жарияланады. Аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы кездесуде көтерілген сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында кезең-кезеңімен шешімін табатынын және әр сауал жеке бақылауында болатынын жеткізді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Great work! That is the kind of information that are meant to be
    shared around the web. Shame on Google for now not positioning this post upper!

    Come on over and talk over with my site . Thanks =)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.