Түркістан облысы: Төлеби ауданында астық алқабына орақ түсті

Төлеби ауданында егін ору жұмыстары басталды. Биыл ауданда 22302 гектар аумаққа астық дақылдары егілді. Одан 50 мың тоннаға жуық астық жинау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда оның 2177 гектары орылып, түсімділігі 22 центнер/гектар айналып, 4789,4 тонна өнім жиналды.

Аудан әкімі Төлеген Телғараев Бірінші Мамыр ауылдық округінде орналасқан «Ақбұлақ» өндірістік кооперативінің егіс алқабына арнайы барып, шаруалардың жұмысымен танысты.

Өндірістік кооператив төрағасымен тілдесіп, егін-жайдың мәселесін сөз етіп, адам баласы еңбек етсе ғана табысты болатынын тілге тиек етті. Кооператив меншігіндегі техникалардың жай-күйіне көңіл бөліп, егіс алқабында бидай орымының куәсі болды.

Айта кетейік, осы жылы ауданда 14957 гектарға бидай егіліп, «Стекловидная – 24», «Интенсивная», «Памят – 47» және «КРВ – 210» сортынан жалпы 34401,1 тонна өнім жинау жоспарлануда. Сондай-ақ 7240 гектар аумаққа арпа дәні себіліп, қазіргі таңда 4558 тонна өнім жиналды. Арпа толық орылып болған кезде түсімділігі 15204 тонна өнім болады деп күтілуде. Аудан шаруалары мақсары егуден облыста үздік атанған. Бүгінде 10796 гектардан 14142,8 тонна өнім алу жоспарланып отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin