ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығына сәйкес, Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев аудан тұрғындарымен әр тоқсан сайын кездесу өткізуде. Бекітілген кестеге сай, кезекті кездесуі Көксәйек ауылдық округінде жалғасын тапты. Аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы барысында аудан әкімі 2023 жылдың бірінші тоқсанында округ аумағында атқарылған жұмыстар мен жүзеге асатын жобаларды таныстырып, тұрғындар тарапынан көтерілген проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірді.
Жыл басында өткен алғашқы кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді шешу бойынша іс-шара жоспары түзіліп, жүйелі жұмыстар жүргізілу нәтижесінде 8 мәселе өз шешімін табуда, атап айтқанда:
- Қазақстан елді мекеніндегі ұңғымадан және Төңкеріс елді мекенінен келетін ауыз су құбырынан қосымша ауыз су қосу арқылы Көксәйек елді мекені, Жолан көшесіндегі су жүйелері реттелді.
- Аудандық полиция бөлімінен ұйғарым алынып, заңдылығы анықталған мекенжайға 2023 жылдың ақпан айында жол кедергілері мен белгілері орнатылды.
- Көксәйек елді мекенінде қоршалмаған 5 трансформатор «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС аудандық электр жүйелері мекемесі тарапынан 2023 жыл соңына дейін толық қоршалатын болады.
- Көксәйек елді мекені Жолан көшесінің орта жағына түнгі жарық 2023 жылдың мамыр айына дейін орнатылатын болады.
- 2023 жылы Көксәйек елді мекеніндегі ұзындығы 3,8 шақырым Бәйгел ата көшесіне 63,9 миллион теңгеге сметалық құжаттама жасалып, аудандық бюджет есебінен қаржы қаралды. Мердігер мекемені анықтау үшін конкурс өткізіліп жатыр.
- Көксәйек елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 0,8 шақырым Төлеби және Қонаев көшелерін орта жөндеуден өткізуге құны 17,1 миллион теңгеге сметалық құжаттама жасалып, аудандық бюджет есебінен қаржы қаралды. Қазіргі кезде мердігер мекемені анықтау үшін конкурс өткізіліп жатыр.
- Көксәйек елді мекені Жолан көшесінде орналасқан «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС-нің (ТеІе2) SH5789 базалық станциясына 2023 жылдың 20 қаңтарында Төлеби аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау мекемесінің бас санитарлық дәрігері А.Еркінбекова тексеріс жүргізді. Нәтижесінде санитарлық қағидалар мен гигеналық нормативтерге сай екендігі бойынша сараптамалық қорытынды берілген.
- Мобильді операторларға Көксәйек елді мекеніне, яғни Ш.Қалдаяқов көшесінің аумағына қосымша база станциялар орналастыруға сұраныс берілді. Операторлар 2023 жылға елді мекенде жаңа база станция орналастыру жоспарларында жоқ екендігін ресми хатта білдірді. Елді мекен шегінде мобильді интернеттің 4G байланыс желісі бар. Алайда, жүктеме сағаттарында абоненттердің үлкен санынан интернет сапасының төмендеуі бар. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитетіне интернет сапасын жақсартуға өтініш жолданды.
Округ аумағындағы аудандық маңызы бар жолдар — 4,5 шақырымды құраса, оның қанағаттанарлық –86,4 %, елді мекеннің ішкі көшелерінің ұзындығы 78,93 шақырымды құрап, жарамдылығы – 91,2 % жеткен. Биыл округке қарасты 10 көше орта жөндеуден өтеді. Абылайхан көшесіндегі 1,05 шақырым орталық көшесіне түнгі жарық орнатылады.
Еркін форматтағы кездесуде тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікір, өтініштерін жеткізді.
Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Хамзаұлы, мәслихаттың депутаттары қатысты. Нұрлан Хамзаұлы жиналғандарға депутаттарды таныстырып, мәслихаттағы тұрақты комиссиялардың жұмысын әңгімелеп, сайлауалды бағдарламада айтылған уәделерді орындау мақсатында жергілікті атқарушы билікпен бірлесе жұмыс жүргізілетінін айтты.
Аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы кездесу барысында қойылған әр сұраққа жауап беріп, олардың орындалу мерзімін түсіндірді. Әрбір өтініш пен қозғалған мәселе күн тәртібінен түспейтіндігін айтып, бюджет қаражаты байланысты кезең-кезеңімен шешімін табатындығын айтты.
Есепті кездесуден соң аудан әкімі ауыл тұрғындарын жекелеген мәселелер бойынша қабылдады.
Аудан әкімі Төлеген Телғараевтың кезекті кездесуі Жоғарғы Ақсу ауылдық округінде жалғасын тапты. Жаңа форматтағы кездесуде аудан басшысы округ аумағында жүзеге асқан жұмыстар барысымен, алғашқы кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.
Жалпы, округ аумағындағы облыстық маңызы бар жолдар 12,9 шақырымды құраса, оның қанағаттанарлық – 94,1 %, ал, елді мекеннің ішкі көшелері 13,71 шақырым болса, жарамдылығы – 96,94.
Жылдың басында өткен кездесуде округ тұрғындары маңызды 2 мәселе көтерді. Сол мәселелерді шешу бойынша іс-шара жоспары жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде, атап айтқанда:
- Заманауи талапқа сай спорт кешендерін салуға бюджеттен қомақты қаржыны бірден қарастыру мүмкін еместігі, сондықтан облыстық басқармалармен тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқаны, келешекте салынатын болады.
- Сарқырама елді мекеніндегі мектептің жобалық қуаты — 264 орын. Оқушылар саны — 245. Салынған жылы — 2006. Бір ауысымдағы толымдылығы орындалмай тұр. Яғни, заң талаптарына сәйкес, мектепті кеңейту қажеттілігі жоқ. Күрделі жөндеуден өткізу үшін жоба-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сараптамадан өтіп, қаржыландырылған жағдайда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Биыл Сарқырама елді мекеніндегі 0,415 шақырым Теріскей көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мамыр айына дейін «Жарық жол» мекемесі тарапынан асфальт төселеді. Мәдени елді мекеніне кіре беріс көпірді күрделі жөндеуден өткізу үшін Түркістан облысының жолдар басқармасы арқылы жобалау-сметалық құжаты әзірленуде, жоба — мемлекеттік сараптама қарауында. 2023 жылы қаржыландыруға бюджеттік өтінім берілді.
Округ аумағындағы газ құбырларының жалпы ұзындығы — 35,1 шақырым. Абонент саны – 410 үй, ГРПШ саны — 345 дана. Газ қызметі бойынша туындап отырған мәселе — Сарқырама және Мәдени елді мекендеріне газ жеткізу қызметі тұрғындардың келісімімен «ҚазТрансГазАймақ», АҚ меншігіне берілді.
Мәдени елді мекеніндегі аузы су құбырының ішкі жүйелерін жаңартуға жобалау-сметалық құжаты әзірленеді. Электр жүйесінің жалпы ұзындығы – 14,840 шақырым немесе тозуы — 0 %. Округ құрамындағы екі елді мекендегі түнгі жарықтың жалпы ұзындығы — 5,5 шақырым, 6,8 шақырымға аяқжол салынған. Мәдени елді мекеніндегі С.Тілеуов, Бәйшешек көшелеріне 2,50 шақырым суағар (лоток) орнату үшін қаржы қаралды. Осы елді мекеннің С.Тлеуов, С.Бастықов және Ақсу Жаға көшесінің 2,88 шақырымына түнгі жарық орнату үшін бюджеттік өтінім берілді.
Кездесу сұрақ-жауап форматында өтіп, аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы айтылған мәселелердің барлығы орынды екенін айтып, жергілікті халықтың кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық саласына ден қоюы жөнінде түсіндіріп өтті. Округке инвестиция тарту арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз ету — атқарушы биліктің міндеті. Әкімнің міндеті — халықпен кездесу, мұңын тыңдау. Өзінің құзыреті аясында сол мәселелерді шешу үшін шаралар қабылдау. Ал, әкімдердің нәтижелі еңбек етуі халықтың қолдауына байланысты. Сондықтан, елді мекенде қолға алынған жобаларды бірлесе отырып атқарып, жұмысты жандандыру керектігін жеткізді.
Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы, мәслихат депутаты Мұхтар Бастықов қатысып, сайлауалды бағдарламалар аясында халық алдына берген уәделер үдесінен шығу үшін еңбек ететіндіктерін айтты. «Бізге саяси додада халық сенім артып, дауыс берді, оны өз ісімізбен, жемісті жұмысымызбен ақтауға тиіспіз. Мерзімінен бұрын сайлауды жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар өңірлердің әлеуметтік-экономикалық өміріне өз ықпалын күшейтеді деген үлкен және шынайы үмітпен Мемлекет басшысы тағайындады. Президенттің батыл саяси қадамына ерекше назар аудара отырып, жерлестеріміздің өмір сүру жағдайын жақсарту үшін бар күшімізді саламыз», — деді өз сөзінде мәслихат төрағасы Нұрлан Хамзаұлы.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
I have read so many content about the blogger lovers however this post is genuinely
a good piece of writing, keep it up.