Шардара ауданы әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, кеңес мүшелері мен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Мәжілісте күн тәртібінде тұрған Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы аса қауіпті жұқпалы ауруының алдын алу шаралары, балмұздақтан улану және талапқа сай ауыз сумен қамту мәселелері талқыланды. Аталған мәселелер бойынша тиісті мекемелер баяндама жасады.
Кенеге қарсы малдарды тоғыту орындарының жағдайы мен дәрілеу мәселесі, құймалы балмұздақты дайындау барысында құрамындағы қоспаларын қадағалау, санитарлық тазалығын сақтау, аудандағы 17 орталықтандырылған ауыз су торабының сапасын тексеру бойынша өндірістік бақылуды күшейту бойынша шаралар талқыланды.
Кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерге баға беріп, алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстарды бекітті.
Үйлестіру кеңесінің төрағасы Бауыржан Шомпиев жауапты мекемелерге күн тәртібінде тұрған әрбір жұмыс сапалы, әрі дер кезінде атқарылуын айтып, тиісті тапсырмалар берді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.