Түркістан облысы: Шәуілдір ауылдық округіне әкім сайланды

Шәуілдір ауыл округінде 9 қазан күні өткен сайлаудың қорытындысы бойынша Шәуілдір ауыл округінің әкімі болып «Amanat» партиясынан ұсынылған кандидат Қыдыр Ғалым Сағындықұлы сайланды.

Жаңа басшыны аудан әкімі аппаратының басшысы Айдос Қалдыбайұлы таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Ғалым Сағындықұлы ОҚО, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында 1970 жылы 13 сәуір айында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.

Еңбек жолын 10.12.1998 — 05.03.2003 жылдар аралығында «Манас» шаруа қожалығының төрағасы болып бастаған.

05.03.2003-16.04.2003 жылдары Отырар аудандық сотының жетекші маман-сот мәжілісінің хатшысы болып еңбек етті.

Ал 20.04.2003-12.10.2009 жылдар аралығында бас маман, сот мәжілісінің хатшысы лауазымында қызмет атқарған.

15.05.2010-30.09.2013 жылдары «Манас» шаруа қожалығының төрағасы болған ол соңыра мемлекеттік қызметке бет бұрды.

06.01.2013-06.01.2014 жылдары Шәуілдір ауыл округі әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

27.11.2014-24.09.2018 жылдары – Шәуілдір ауыл округі әкімі.

11.02.2019 жылдан сайлау өткенге дейін Шәуілдір ауыл округінің әкімі болып қызмет жасап келді.

Еске салайық, Шәуілдір — Түркістан облысы Отырар ауданындағы ауыл, аудан (1934 жылдан) және Шәуілдір ауылдық округі орталығы. Облыс орталығы — Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 72 км жерде, Арыс өзені мен Д.Алтынбеков атындағы канал бойында орналасқан. 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 8561 адам (4242 ер адам және 4319 әйел адам) болса, 2009 жылы 8428 адамды (4205 ер адам және 4223 әйел адам) құрады. Кентте Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция базасы негізінде 1980 жылы «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы құрылды. Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Отырар-Арыстанбаб мұражай кітапханасы ұйымдастырылған. Мәдениет сарайы, 9 кітапхана, 2 мешіт, «Ақ барыс» спорт залы, «Қарлығаш» кинотеатры, «Жұлдыз», «Жібек жолы» мейрамханалары, «Барыс» мақта қабылдау пункті, Шәуілдір СЭС-ы, 6 орта, музыка, спорт мектептері, «Балдырған» бала бақшасы, «Бала өмір» емханасы, ауданы аурухана бар. Шәуілдірде 27 ӨК, 75 шаруа қожалықтары, 8 тұрмыстық қызмет көрсету, 3 сауда орны, нан, өсімдік майын шығару цехы, т.б. мекемелер жұмыс істейді. Кенттен академик, Халық Қаһарманы Мұхтар Әлиев, академик Рахманқұл Бердібаев, Орта Азиядағы тұңғыш чекист, үш мәрте Қызыл Ту орденінің тұңғыш иегерінің бірі – Абдолла Жармұханбетов, Түркістан АКСР-і Халық Комиссарлар Кеңесінің Председателі Абылай Серғазиев, ақын жазушылар Саттар Асқарұлы Ерубаев, Көпен Әмірбеков, Әселхан Қалыбекова, Бекарыс Шойбеков, т.б. көптеген танымал, атақты адамдар шыққан. Шәуілдірден 8 км жерде ескі Отырар қаласы және Арыстан баб мешіті орналасқан.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.