Түркістан облысы әкімінің орынбасары Шардара ауданындағы мақта зауыттарының жұмысымен танысты

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы Шардара ауданына барып, мақта зауыттарының жұмысымен танысты. Аудандағы ірі «Нимэкс» және «Аисиси» мақта зауыттарында болды.

– Біздің мақсат — мақта жиын-терімін өз деңгейінде аяқтау. Зауыттарға келіп, ондағы шикізатты қабылдауға арналған құрылғылардың жағдайын білу, диқандар өнімін жекеменшік зауыттарға өткізгенде барынша тиімді сатуына ықпал еткіміз келеді. Әрине зауыттар да, диқандар да жеке кәсіпкер боп саналады. Алайда біз мемлекет тарапынан екіжақты келісімдер жасасуға көмектесіп, бақылауда ұстағанымыз дұрыс, – деді Ермек Кенжеханұлы.

Зауыт өкілдерінің айтуынша, бүгінде мақта қабылданып, шаруаларға аванс ретінде ғана қаржы беріп жатыр.

Айта кетейік, Шардара ауданы бойынша биыл 15259 гектар жерге мақта егілсе, оның 5200 гектары, яғни 6673 тоннасы жиналып үлгерді. Жиын-терім қарқынды жалғасып жатыр.

Жалпы, Шардара ауданы бойынша «ақ алтынды» төкпей-шашпай жинап алу мәселесі бүгінгі таңда облыс басшылығының қырағы назарында тұр. Облыстық мәслихат депутаттары да жауапкершілігі зор шаруадан шет қалмай отыр. Мәселен, таяуда ғана облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Абишов Шардара ауданындағы мақта жиын-теріміне қатысты кезект кездесуін өткізді. Бұл жолы ауданға қарасты Қоссейіт ауылының шаруаларымен кездесіп, жиынға аудан әкімі Қайрат Жолдыбай, құқық қорғау саласының қызметкерлері, ауыл әкімі және тиісті мекеме басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Мақсат — шарулардың шағымын тыңдап, биылғы науқан мақта егістігінде орын алатын проблемаларға назар аудару. Жиынға қатысқан шаруалар шаруашылықта тап болатын жылдағы мәселенің мәнісін айтып көтерді. 50-ден аса шаруа жиналған басқосуда мақта қабылдау пунктері мен мақта өңдеу зауыттарының басшыларына да қатаң ескертулер берілді. Мақташылардың мәселесіне назар аудармайтын жауаптыларға да сын-ескертпелер айтылды.

Жиында Н.Абишов әр ауылдық округтерде белгіленген комиссиялық топ жұмыс істейтінін айтып, «Мақта қабылдау пунктерінде заңсыздық орын алған жағдайда біз бәріміз мәселенің оң шешілуіне ықпал жасаймыз. Жылдағы мақта мәселесіндегі айғай-шу мен заңсыз әрекеттерге тосқауыл қойылады» — деп атап өтті.

Жалпы, Қоссейіт ауылында халық саны — 4991 адам. Шаруа қожалықтары 600-ге жуық. Егістік жер көлемі 6796 болса, оның ішінде мыңнан аса шаруасы мақта егумен айналысады.

Жиын соңында шаруаларға мақта жиын-терімі аяқталғанша барлық мәселе назарда болатыны айтылып, мәселе тұрақты бақылауға алынатыны жеткізілді.

Сонымен қатар облыстық мәслихат төрағасының Шардара ауданындағы шаруалармен кездесуі Көксу ауылында жалғасты. Жиынға аудан әкімі Қ.Жолдыбай, облыстық штаб мүшелері, құқық қорғау саласының қызметкерлері, ауыл әкімі және тиісті мекеме басшылары мен БАҚ өкілдері, мақта өңдеу зауыттарының басшылары қатысты.

Мақсат — шарулардың шағымын тыңдап, биылғы науқан мақта жиын-терімінде орын алатын мәселелерге назар аудару.

Жиынға қатысқан шаруалар облыстық штаб мүшелеріне өз ойларын айтып, мақта жөнінде сұрақтарын қойды. Көпшілігі мақта қабылдау пунктеріндегі таразы мен лабораторияны жіті бақылауға алуды сұрады. 100-ге жуық шаруа жиналған басқосуда мақта қабылдау пунктері мен мақта өңдеу зауыттарының басшыларына да қатаң ескертулер болды. Мақташылардың мәселесіне немқұрайлы қараған жауаптыларға да сын-ескертпелер айтылды.

Айта кетсек, Көксу ауылында 8 мақта қабылдау пункті бар. Әрбір мақта пунктеріне мақта жиын-терімі аяқталғанша жауаптылар бекітілген. Бұдан өзге әр ауылдық округтерде белгіленген комиссиялық топ жұмыс атқарады. Жалпы ауданда 8 жұмысшы топ бар. Жұмысшы топтың төрағасы — Н.Абишов.

— Мақта қабылдау пунктерінде заңсыздық орын алған жағдайда біз бәріміз мәселенің оң шешілуіне ықпал жасаймыз. Шаруаларға мақта терімі барысында қысым жасауды тоқтату керек. Сонымен қатар, биылғы жылы мақта өткізу кезінде шаруалар мақтаны арнайы келісім-шарт негізінде өткізу талабы қойылатын болады, — деді Н.Абишов.

Мұнан өзге Шардара ауданының «Ұзын-Ата» ауылдық округіндегі «Мақта және бақшау ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС Шардара Филиалының эксперименталдық алқабында семинар-кеңес өтті. Семинарға облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Абишов, аудан әкімі Қайрат Жолдыбай, Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Тұрғанбек Оспанов, Шардара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары және мамандары, ауылдық округтерінің әкімдері, ҚР АШМ АӨК аудандық аумақтық инспекция басшылары және мамандары, мақта өңдеуші кәсіпорын (зауыт) басшылары, Ауыл шарашылығы өнімдерін өндіруші шаруашылық ұйымдарының басшылары және өсімдік қорғау бағытындағы препараттарды өндіруші, тасымалдаушы және саудалуашы компаниялардың мамандары қатысты.

Семинар-кеңесте Түркістан облысының Шардара ауданы жағдайында аудандастырылған мақтаның отандық сорттары, инновациялық әдістерді пайдалану арқылы сапалы тұқымдық шит дайындау, мақта дақылын күзгі жиын-терімді сапалы жүргізу мәселелері және мақта шикізатының бағасы бойынша бірқатар мәселелер талқыланып, тәжірибе станциясының өнімдері таныстырылды.

Қатысушылар «Мақта және бақшау ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС Шардара Филиалының эксперименталдық, демонстрациялық алқаптарымен танысты. «Мақта және бақшау ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Нұрман Мамытұлы алқаптармен таныстырып, бірқатар ұсыныстар айтты.

Айта кетсек, бұл семинар ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге сапалы тұқым мен сорттарды іс жүзінде көрсетіп, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы саласын қалыптастыру.

Сонымен бірге мәслихат төрағасы осы Ұзын-ата ауылында шаруалармен кездесу де өткізді. Жиынға аудан әкімі Қ.Жолдыбай, құқық қорғау саласының қызметкерлері, ауыл әкімі және тиісті мекеме басшылары мен мақта өңдеу зауыттарының басшылары, ауыл тұрғындары қатысты. Ауылдық мәдениет үйінде өткен жиынға 50- ден аса шаруа өз мәселесін айтып келді.

— Біздің ауданға келудегі мақсатымыз — мақташылардың мәселесінің оң шешілуіне ықпал жасау. Жалпы ауданда 8 жұмысшы топ бар. Шардара ауданындағы жұмысшы топты өзім басқарамын. Шаруаларға мақта терімі барысында қысым жасауды тоқтату керек. Сонымен қатар, жиында биылғы жылы мақта өткізу кезінде шаруалар мақтаны арнайы келісім-шарт негізінде өткізу талабы қойылады, — деді Нұралы Абишов.

Жиынға қатысқан Шардара ауданының ICC мақта өңдеу зауытының басшысы, шаруаларға ақ алтынның зауыттарда қабылдау жағдайын баяндап берді. Зауыт толыққанды іске дайын. Жиылған шаруаларға биылғы мақта бағасының белгілі болғаны да хабарланды. Биылғы жылға ақ алтынның бағасы — 220 теңге болып нақтыланды.

Жиынға қатысқан шаруалар облыстық штаб мүшелеріне өз ойларын айтып, мақта жөнінде сұрақтарын қойды. Жиынға қатысқан шаруалар Нұралы Алмаханұлына шаруашылықта тап болатын жылдағы мәселенің мәнісін айтып көтерді. Көпшілігі мақта қабылдау пунктеріндегі таразы мен лабораторияны жіті бақылауға алуды сұрады. Наразылық танытқан мақташылардың көбісі: «Жасаған еңбегіміз пайдаға емес шығынға әкеліп соғуда», — деп шағым білдірді. Сонымен қатар, шаруалар шаруашылығына алынған несие мерзімін 1 жылдан 3 жылға ұзартып беруді өтінді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin