Түркістан облысы әкімінің орынбасары Кентау гуманитарлық-техникалық колледжіне барды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев аудан, қалаға іссапармен барып, әлеуметтік нысандарды аралады. Алдымен Кентау қаласында Орталық клиникалық ауруханасындағы күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Соңғы 15 жылдан бері жөндеу көрмеген. 2021 жылы А корпусына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, былтыр қазан айында тапсырылған.

Ал А1 корпусына жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы алынған. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу веб порталына конкурс жарияланып, нәтижесінде «НКО» ЖШС жеңімпаз мердігер ретінде анықталған. Облыс әкімінің орынбасары күрделі жөндеу жұмыстарының мұқият орындалуын қатаң қадағалайтынын жеткізді. Сонымен қатар осы мерзімде сапалы өнімдер қолданылуын бақылауға алу қажет деді. Кентау қаласында жүргізіліп жатқан құрылыс, жөндеу жұмыстарына Мансап орталығында тіркеуде тұрған жергілікті тұрғындарды тартуды тапсырды.

Бұдан соң Кентау гуманитарлық-техникалық колледжіне барды. Жекеменшік колледж аумағын кеңейту жоспарланып отыр. Кентау қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің дуальді оқыту жүйесін аудан, қалаларда насихаттау, тәжірибеге енгізу жолдарын қарастыру жайы айтылды. Мұнда 800 бала оқиды. Оның ішінде 500-і мемлекеттік грантта білім алып жүр. Сонымен қатар орта арнаулы оқу орындарында фейс-бақылау құрылғылары орнатылуын қадағалауды тапсырды.

Еске салайық, «Кентау гуманитарлық-техникалық колледжі» (бұрынғы «Яссы колледжі») — облыстағы материалдық-техникалық базасы қалыптасқан, сапалы білім беруде аянбай еңбек етіп келе жатқан оқу орындарының бірі. 2008 жылы құрылып, алғашқы талапкерлеріне білім қақпасын айқара ашқан күнен бері колледж Қазақстан Республикасындағы бәсекеге қабілетті орта буын мамандарын дайындау жөніндегі идеяларды жүзеге асыруға белсенді түрде қатысып келеді. Колледж жұмысының оңтайлы және орайлы ұйымдастырылуының бір дәлелі – ол 2014 жылдың сәуір айындағы мемлекеттік аттестациядан ойдағыдай өтті. Сондай-ақ жыл сайын бітіруші студенттермен өткізілетін тәуелсіз тестілік бағалау нәтиежелері де мұндағы студенттердің алған білімдерінің мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес екенін дәлелдейді.

Әрине, бұл сандар колледждің педагогикалық ұжымның бірлігін нығайтып, нәтиежелерге қол жеткізуге деген ынтасын күшейте түсті. Осы жылдар ішінде колледжді 722 бітіруші табысты аяқтады. Оның 43-і үздік дипломмен бітірді. Олардың көпшілігі еліміздің түпкір-түпкірінде өндірісте еңбек етіп жатса, едәуір бөлігі жоғарғы оқу орындарында білмдерін жалғастыруда. Колледжді үздік белгіге бітірген Павел Кремнев Ресейдің Новосибирск қаласындағы ДиСИГМА-ДИЗАЙН құрлыс-дизайн компаниясында, Наталья Жукова Мәскеуде еңбек етуде, Толқын Тұрсынхан — Астанада балабақша әдіскері.

Оқу мен тәрбие – ажыратылмас егіз үрдіс. Колледждің тәлімгерлер кеңесінің белді мүшелері — оқытушылар, жастарды тәрбиелеуде және олардың тұлғалық сапаларын қалыптастыруда сан қырлы тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырып өткізумен қатар қала, облыс көлеміндегі бұқаралық, мәдени-көпшілік іс-шараларға үлкен белсенділікпен қатысып келеді. Сонымен қатар колледж 2015 оқу жылында республикалық бюджеттен — 49 орын, ал 2018 оқу жылынан бастап жергілікті бюджеттен мемлекеттік тапсырыстан — 125 орын, 2019 оқу жылында — 150 орын және 2020 оқу жылында 75 орынға ие болды.

Колледжде ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру да ерекше жолға койылған. Колледж 2015 жылдың сәуір айының 18інде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясындағы Қазақ хандығының тарихы» атты аймақтық ғылыми-теориялық коференциясын, 2016 жылы 19 мамырда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Білім беру жүйесіндегі иновациялар мен ізденістер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізіп, ғылыми білімдерді жинақтап, талдау жасаған болса, 2019 жылы конференцияға 70-тен аса ғылыми мақала келіп түсті. Оның ішінде Ресей Федерациясынан: Москва, Белгород, Карачаево-Черкесиядан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия елдерінен, алқалған ғылыми мақалалар Қазақстан Республикасының түпкір-түпкірінен, жоғарғы оқу орындары, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары – колледждерден және жалпы орта білім беретін мектептер мен лицейлерден түсіп, олардың бірсыпырасы пленарлық және секция отырыстарында тыңдалды. Үш секция бойынша ұйымдастырылған бұл конференция қызу пікір таласқа, терең талдау мен пайдалы ой алмасуларға толы болды.

Колледждің мақсаты:

Білім алушылардың танымдық-ой қызметін жандандыруда ментальды сапаларын қалыптастырумен жаңа мәдени құндылықтарын дамыту.

Колледждің миссиясы

Қазіргі еңбек нарығына сәйкес келетін бастамашыл, бәсекеге қабілетті, кәсіби білікті мамандарды дайындау.

Колледж стратегиясы:

Қоғам талаптарына сәйкес жаңа көзқарастағы болашақ мамандардың ғылыми-интелектуалды және үздіксіз тәжірибеге бағдарланған білім беру ортасын қалыптастыруда жаңа инновациялық технологияларды енгізу.

Оқу орны төмендегі мамандықтар бойынша кадрлар дайындайды:

01120100 – Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;

-4S01120102- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі;

01140100 – Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі;

-4S01140101- Бастауыш білім бері мұғалімі;

01140700 – Информатика;

02110300 — Графикалық және мультимедиялық дизайн;

01140800 – Кәсіптік оқыту (салалар бойынша);

-4S01140801- Өндірістік оқыту шебері, техник;

02120100- Интерьер дизайны;

02120200- Киім дизайны;

-4S02120103- Киім дизайнері;

3W02120201- Техникалық және көркемдік эскиздерді орындаушы;

02120300- Өнеркәсіп өнімдерінің дизайны;

06120100- Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша);

3W06120101- Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы;

06130100- Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша);

-4S06130103- Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір оқытушының негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, заманауи технологиялардың әдіс-тәсілдерін, элементтерін қолдану арқылы білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Жаңа заманауи технологиялар даму заманында мұғалімнің күнделікті сабақта компьютер, интерактивті тақта қолдануы сабақ кезеңін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сабақта интерактивті тақта қолдану сабақ үрдісін тиімді қолданумен қатар білім алушылардың сабақты жақсы меңгеруіне, үнемделген уақыт білім алушылардың өз бетінше білім алуына себеп болады. Өз бетінше білім алу –білім сапасын көтерудің бірден бір жолы екенін естен кетірмеу қажет.

Білім алушының танымдық іс-әрекетін белсендіру дегеніміз ол ойлау қабілетін белсендіру деп айтуға болады. Білім алушыға оқу барысында тек берілген танымдық тапсырмаларды орындау әдістерін үйрету ғана емес, сол тапсырмаларды өздігінен орындауға ынталандыру қажет. Оқу жұмысы оқу жылының басында бекітілген жылдық жұмыс жоспары бойынша атқарылады.

Әрі қарай Кентау қалалық орталық мұражайымен және облыстық «Жансая» балаларды оңалту шипажайымен танысты. Екі нысан да күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Ол үшін сметалық құжаттама жасауға қаржы қарастыру үшін, заңға сәйкес тиісті жұмыстарды атқаруды жүктеді.

Іссапар әрі қарай Сауран ауданында жалғасты. Жүйнек ауылдық округіне қарасты Шекербұлақ елді мекеніндегі «Қызылжол» фельдшерлік-акушерлік тіректің құрылыс жұмысымен танысты. Жеке инвестор есебінен жүргізіліп жатқан нысан биыл пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр. Содан соң ауданда биыл жаңадан жұмысын бастағалы отырған жазғы сауықтыру лагеріне барды. Балаларға арналған жаңа демалыс орны 400 орынға лайықталған. Жеке кәсіпкер есебінен салынып жатқан лагерь аумағы 20 гектарды құрайды. Қазіргі таңда жазғы демалысқа дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бейсенбай Дәулетұлы балалар қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп: «Лайықты түрде жазғы демалыс ұйымдастыру қажет» — деді. Сонымен қатар жауапты тұлғаларға бірқатар міндеттер жүктеп, құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin