Түркістан облысы: Өңір басшысы Бәйдібек және Созақ аудандарының тұрғындарымен кездеседі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Бәйдібек ауданының тұрғындарымен кездесуі 2024 жылғы 19 шілде сағат 10.30-да аудандық жастар ресурстық орталығында (Шаян ауылы, Б.Қарашаұлы көшесі №53), жеке қабылдауы сағат 11.30-да аудан әкімдігінің ғимаратында (Шаян ауылы, Б.Қарашаұлы көшесі №51) өтетінін хабарлайды облыс әкімдігі.

Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу 8(72533) 5-98-99, 5-93-97 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2024 жылғы 17 шілдеге дейін сағат 9.00-19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 — 15.00) жүргізіледі.

​Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекенжайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.

Ал Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Созақ ауданының тұрғындарымен кездесуі 2024 жылғы 18 шілде сағат 11:00-де аудан әкімдігінің ғимаратында (Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі №16), жеке қабылдауы сағат 12:00 де аудандық кәсіпкерлік ғимаратында (Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі №2) өтеді.

Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу 8 (72533) 5-98-99, 5-93-97 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2024 жылғы 16 шілдеге дейін сағат 9.00-19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 — 15.00) жүргізіледі.

​Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекенжайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin