
Облыс орталығында Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай, «Walk the Talk» спорттық акциясы өтті.
Спорттық шараға Түркістан облысының медицина ұйымдарының қызметкерлері белсене қатысты. Сайысқа қатысушылар сергектік пен жігер танытып, алдағы уақытта облыс халқының денсаулығын нығайтуға үлес қосып, дене қозғалысының белсенділігін арттыруда үлгі бола білді.
Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп, әлемнің түрлі елдерінде бір мезгілде өтетін «Walk the Talk» спорттық акциясына бастамашалық жасады. Бұл іс-шара салауатты өмір салтын, дене белсенділігін насихаттауға және халықтың денсаулығын нығайтуға ықпал етеді.
Айта кетейік, облыс халқының денсаулық көрсеткіштері, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулар төмендеген. Атап айтқанда: қан айналымы жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітім 5,9%-ға, қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 19%-ға, ас қорыту мүшелерінің ауруларынан болатын өлім-жітім 19%-ға, тыныс алу органдарынан болатын өлім жітім 3,4%-ға төмендеді. Қазіргі таңда облыс халықының 30%-дан астамы салауатты өмір салтын ұстанады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.