Түркістан: Қала дамуына еңбегі сіңген азаматтар марапатталды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімімен 2018-жылдың 19-маусымында Түркістан облысы құрылып, Түркістан қаласы облыс орталығы статусына ие болды.


Осы маңызды оқиғаның 3 жылдығына орай бүгін облыс орталығының бірқатар азаматы «Түркістан қаласының Құрметті азаматы» атанды.

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков марапат иелерін құттықтап, қала дамуына қосқан үлестері үшін шынайы алғысын білдірді.

Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Сіздердің кеңестеріңіз, ұсыныстарыңыз бен ой-пікірлеріңіз біз үшін қашан да маңызды. Келешекте де қасиетті қаламыздың көркейіп, дамуына бірлесе жұмыс істейміз деген үміттемін», — дей келе көпшілікке ізгі ниетін арнады.

Үш жылда рухани астанамызда көптеген оң өзгеріс орын алғаны белгілі. Жаңа ғимараттар, демалыс орындары, мектептер мен көпқабатты үйлер пайдалануға беріліп, тұрғындар қуанышын еселеп, қала көркін аша түсті.

Одан өзге, Түркістан қаласының абыройын арттырар екіжақты меморандумдар түзіліп, нәтижелі жұмыстар атқарылды.

Бұл жұмыстардың жүзеге асуына еңбек сіңіріп, марапатталғандар қатарынан Досай Кенжетай, Айдос Абпазов, Пернетай Досыбеков, Сұлтанхан Тәштеев, Дана Орманова, Балтагүл Оспанова сынды азаматтар табылды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.