Түркістан: Құрылыс саласы бойынша жол картасы орындалып жатыр

Биыл сайлауда жеңіске жеткен «Nur Otan» партиясы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты бағдарламасын ұсынып, жол картасын бекіткен болатын.


Жол картасындағы міндеттер орындалып жатыр ма? Құрылыс саласында қандай мәселе бар? Міне, бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық мәслихатындағы фракциясында депутаттар осы және өзге де мәселелерді талқылады. Мәжілісті «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі Бейсен Тәжібаев ашып, жүргізіп отырды. Фракция жетекшісі жол картасындағы әрбір жоспар орындалуы үшін депутаттар да бақылауды күшейтуі тиіс екенін жеткізді.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыстық бюджетке енгізілген өзгерістер жайлы Түркістан облысының стратегия және экономкалық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбектің хабарламасы тыңдалды.

Екінші мәселе бойынша құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Т.Егетаевтың хабарлама жасады. Ол басқарманың 2020 жылғы атқарған жұмыстары және «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы аясында жүргізіліп жатқан жатқан құрылыс жұмыстары туралы айтып берді. Оның айтуынша, жол картасы жоспарға сай жүзеге асып жатыр.

2025 жылға дейін 1 290 427 шаршы метр тұрғын үй немесе 21 379 пәтер беру жоспарланса, 2021 жылы 6238 пәтер,13 медициналық нысан, 85 мектеп, 1 балабақша, 50 спорт нысаны, 8 мәдениет нысаны беріліп, ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін 167 нысан бейімдеуден өткізіледі деп жоспарланған. Қазір осы бағытта жұмыс атқарылуда.

Қаралған мәселелер жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жетінші сессиясының қаралуына ұсынылды.

Мәжілісте депутаттар тиісті басшыларға ауылдарда, елді мекендердегі «сақалды құылыстар» және өзге де мәселелер бойынша ұсыныстары айтты. Құрылыс саласындағы кемшіліктер де сөз болып, аудан, қала әкімдіктері мен басқарма тарапынан ұсыныстар бойынша жұмыс жүргізілетін болды. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.