Түркістан қаласында екі жылда 1 мыңға жуық азамат баспанамен қамтылды

Түркістан облысында былтырғы жыл мен биылғы жылдың есепті кезіңіне дейін 1 мыңға жуық азамат баспанамен қамтылды.


Қазіргі таңда облыс бойынша 42 883 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Бұл туралы брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Бақтыбек Убайдин мәлімдеді.

Оның айтуыша, баспана кезегінде тұрғандардың басым бөлігі халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар.

«Қазіргі таңда, бір ғана Түркістан қаласының өзінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға 13 010 адам кезекте тұр. Оның ішінде 3 258-і көпбалалы отбасылар, 5 565-і халықтың әлеуметтік осал топтары, 4001-і бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 185-і жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және 1-і баспанасы авариялық жағдайда деп танылған азамат. Заң талаптарына сай осы аталған азаматтарды үймен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп келеді», – деді Б.Тоқбергенұлы.

Сондай-ақ, өз кезегінде «Отбасы банк» Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Амир Нұрмұқанов үй кезегінде тұрған азаматтарға мемлекеттік бағдарламаның шарапаты көптеп тиіп жатқанын сөз етті.

«Өңірде «Отбасы банкі» арқылы жылына 2 пайыздық жеңілдетілген несиемен үй алу үшін көпбалалы, толық емес отбасылар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске асырылуда. Биылдың өзінде аталған жоба бойынша 1 269 отбасы өтініш білдірді. Ал, үй кезегінде тұрған азаматтардың қалған санаттары үшін «5-10-25» бағдарламасы жұмыс істейді. Мәселен, өткен жылы осы жобамен облыс орталығында 336 пәтер сатылды. Биылдың өзінде 66 пәтерге конкурс жарияланды, нәтижелері маусым айында анықталады. Сонымен қатар, Түркістан қаласында тұрғын үй «7-20-25» бағдарламасымен 63 отбасы тұрғын үй сатып алса, 9 пәтер бойынша қайта конкурс жарияланды», – деді А.Қизатұлы.

Айта кетейік, мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде өткен жылы 336 пәтер, биыл 125 пәтер үлестірілген. Сондай-ақ, осы жылы өңірде коммуналдық тұрғын үйге кезекте тұрған 137 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.