Түркістан қаласында ерекше жандар арасында спорт түрлерінен ашық біріншілік өтті

Түркістан қаласында ерекше қажеттілігі бар жандар арасында спорт түрлерінен ашық біріншілік өтті. Спорт шарасына 80-ге жуық азамат қатысып, дойбы, тоғызқұмалақ, шахмат пен қол күресінен сайысқа түсті.

Шараның мақсаты – ерекше қажеттілігі бар азаматтарды спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстанып, қоғамдық белсенді өмір сүруге тарту.

Жиында сөз алған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев спорт сайысына қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.

– Баршаңызды еліміздің Ата заңы – Конституция күнімен құттықтаймын! Айтулы мереке қарсаңында ұйымдастырылған бұл сайыс – әр спортшының өз шеберлігін көрсетуге мүмкіндік береді. Сіздердің жарысқа қатысуға үлкен белсенділік танытып отырғандарыңызға өте қуаныштымын. Баршаңызға сәттілік тілеймін, – деді Қадырболат Қабдырұлы.

Жарыс қорытындысында командалық есепте «Орталық» командасы 1-орынды иеленсе, 2-орынды «Түркістан» командасы, 3-орынды «Батыс» командасы еншіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер түрлі марапаттарға ие болды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin