Түркістан қаласында 2 353 отбасының 12 501 адамы атаулы әлеуметтік көмек алған

Түркістан қаласында 2 353 отбасының 12 501 адамы атаулы әлеуметтік көмек алған.


Оның ішінде, шартты түрін 1752 отбасы, шартсыз түрін 601 отбасы алған. Бұл туралы «Халықты жұмыспен қамту орталығының» директоры Ақмарал Жолаева 109 — Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өткізген (@turkistan109) тікелей эфирінде мәлім етті.

Соңғы статистикаға сай, шаһардағы күн көріс деңгейі 33 190 теңге құраған.

Қазірде күн көріс деңгейін көтеру үшін «Қамқорлық» шарасын жүзеге асырылу жоспарлануда. Одан өзге, атаулы әлеуметтік көмекпен қатар кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер де берілуде. Аталған пакеттер, «Әлеуметтік қызметтер порталында» тауармен өнім берушіні таңдай отырып ЭЦҚ арқылы тапсырылуда. Кепілдірілген әлеуметтік пакет 2 373 балаға берілген, оның ішінде 1 157 бала 1-3 жасқа дейінгі, 1 216 бала 3-6 жас аралығында.

Сондай-ақ, демеушілер есебінен аз қамтылған 1720 отбасына азық-түлік себеттері берілді. Оның ішінде “Ел тірегі – Елбасы” акциясы аясында 960 отбасына, демеушілер есебінен 760 отбасы азық-түлікпен қамтылып және 100 отбасына 50 000 теңгеден қаржылай көмек берілген. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Howdy! Do you know if they make any plugins to help
    with Search Engine Optimization? I’m trying to get my blog to rank for some targeted keywords but I’m not seeing very good success.
    If you know of any please share. Thanks! I saw similar art here: Scrapebox List

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.