Түркістан қаласында 2022 жылдың басынан бері 11  айдың қорытындысымен 1085 отбасыға демеушілер тарапынан әлеуметтік көмек көрсетілген

«Түркістан қаласы бойынша кепілдендірілген әлеуметтік топтама (КӘТ) бойынша 2022 жылдың басынан бері 10 айдың қорытындысына сәйкес, 3471 балаға 76 924,0 КӘТ тағайындалып, төлем жасалынған. Дәлірек тарқатсақ, 2022 жылдың 1-тоқсанында 3 477 балаға (1-3/ 1605; 3-6/1872; 1-6/3477) 27 930,0 мың теңге тағайындалса, 2022 жылдың 2-тоқсанында 3 371 балаға (1-3/ 1644; 3-6/1727; 1-6/3371) 100 549,0 мың теңге тағайындалып отыр. Ал 2022 жылдың 3-тоқсанында 3 927 балаға (1-3/ 1853; 3-6/1945; 1-6/3798) 85 346,3 мың теңге тағайындалған болса, 2022 жылдың 4-тоқсанында 3471 балаға (1-3/ 1684; 3-6/1787; 1-6/3471) 76 924,0 мың теңге тағайындалды». Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2022 жылдың 11 айындағы жұмысын қорытындылаған бөлім басшысы Эльмира Тұңғышбайқызы Бейсенова «ANYQ.KZ» ақпарат агенттігіне осылай деп баяндады.

Білетініміздей, аталмыш бөлімде халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясаты 5 бағытта жүргізіледі. Нақтырақ тоқталсақ:

— Еңбек қатынастарын үйлестіру;

— Аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау;

— мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау;

— Азаматтық хал-актілерін тіркеу;

— Арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту.

Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тізіміліне сәйкес 22 мемлекеттік қызметтің түрі көрсетіліп, қызмет мерзімінде орындалу үстінде. Атап айтқанда:

Азаматтық хал актілерін көрсету секторында — 9;

Жұмыспен қамту және жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету секторында — 8;

Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтару — 1;

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету секторында – 3;

Еңбек қатынастарын үйлестіру бойынша – 1 қызмет.

Бөлім басшысының сөзінен пайымдағанымыз, 2022 жылдың 11 айында  жалпы  21143 мемлекеттік қызмет көрсетілген екен (тікелей бөлім арқылы — 1698, ХҚКО арқылы — 10929, электронды үкіметтің порталы арқылы — 8516 қызмет).

Оның ішінде:

—  Азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша — 12 988 қызмет;

— Аз қамтамасыз етілген отбасыларын әлеуметтік көмек көрсету саласы бойынша — 3917 қызмет;

— жекелеген санаттағы азаматтарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету саласы бойынша — 3781 қызмет;

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету секторында – 337 қызмет;

Еңбек қатынастарын үйлестіру бойынша – 4037 қызмет.

Эльмира Тұңғышбайқызы атаулы әлеуметтік көмек  бойынша атқарылған істерді әңгіме арқауына айналдырды. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі ҚР 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» N 246 Заңы, ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы «Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдерін айқындау туралы» № 1032 қаулысы, ҚР Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшем шарттарын бекіту туралы» N 29-ө бұйрығы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» N 237-ө бұйрығы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдедік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 320 бұйрығы секілді маңызды құжаттардың негізінде жүзеге асырылады» — деген ол 2022 жылдың басынан бері 11 айдың қорытындысымен 4106 отбасына (22 655 адам) 1 430 156 мың теңгеге АӘК тағайындалып, төлем жасалынғанын жеткізді. Нақтырақ сандарды сөйлетсек, 2022 жылдың 1-ші тоқсанына 2 371 отбасына (13 074 адам) 392 520,0 мың теңге тағайындалған. Кедейлік шегі – 26 147,1 теңгені құрап отыр. Ал 2022 жылдың 2-ші тоқсанына 3 201 отбасына (17 584 адам) 332 156,0 мың теңге  тағайындалыпты. Кедейлік шегі – 26 922,0 теңге көлемінде. 2022 жылдың 3-ші тоқсанына 2 505 отбасына (13 965 адам) 420 188,0 мың теңге тағайындалғанын білдік. Кедейлік шегі – 28 470,4 теңге мөлшерінде. Байқасаңыздар, әр тоқсан сайын кедейшілік шегі көтерілуіне байланысты өтініш берушілер саны да артып отырғаны білінеді.

Осы орайда Эльмира Бейсенова демеушілер есебінен көрсетілген әлеуметтік көмек бойынша айтып өтті. Білуімізше, 2022 жылдың басынан бері 11  айдың қорытындысымен 1085 отбасыға демеушілер тарапынан әлеуметтік көмек көрсетілген. Сонымен қатар Бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 237 отбасыға, секторлардың ұйымдастыруымен 857 отбасыға, дәлірек тарқатсақ, Отырар шағынауданы — 195 адамға; Бекзат шағынауданы — 150 адамға; Шауғар шағынауданы — 130 адамға; Сауран шағынауданы — 189 адамға; Яссы шағынауданы — 106 адамға; Бірлік шағынауданы 87 адамға әлеуметтік тұрғыда қол ұшын создық. Осы ретте демеушілер есебінен 1 281 балаға киім-кешек берілгенін де атап өткен орынды.

Бөлім басшысы сөздің ыңғайына қарай атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалу сатылары хақында еліміздің нормативтік-құқықтық акілерінен жан-жақты мәліметтер келтіре отырып, тереңірек түсіндіріп өтті.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы беру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

  • Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш беру үшін Egov порталы арқылы немесе халықтық кеңсеге барып электронды цифрлы қолтаңбамен өтініш береді. Бұл ретте әркім өзімен бірге жеке басын растайтын құжатын, балаларының туу туралы куәліктерін, өтініш берушінің банктегі шот нөмірін және қажет болған жағдайда жұмыс орны бойынша растама құжаттарын ала баруы қажет.

2) Өтініштер бір күн ішінде жұмыспен қамту орталығына түсіп, учаскелік комиссия төрағасына жолданады және комиссия 7 жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мұқтаж немесе мұқтаж еместігін анықтап, комиссия қорытындысымен жұмыспен қамту орталығына ұсынады.

3) Орталық бір күн ішінде шешім жобасын қабылдап, уәкілетті органға құжаттарды хатпен жолдайды.

4) Уәкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту және құжаттарды қайта қарауға жіберу туралы шешім қабылдайды.

Құжаттарды қайта қарауға мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салу қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға және ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесіне жазбаша хабардар етіледі, сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік 30 күннен артық емес күнге дейін ұзартылады.

5) Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғаннан шешімі негізінде уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде қазынашылық органдарына төлеуге шешім қабылдаған айдан кейінгі айдың 5-күніне қарай ай сайын тағайындалған сомаларды төлем ведомосына енгізуді қамтамасыз етеді.

6) Атаулы әлеуметтік көмекті төлеу ай сайын атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай жүзеге асырылады» — дейді ол.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек дегеніміз не? Бұл — шартсыз және шартты ақшалай көмек түрінде облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға  мемлекет тарапынан ақшалай нысандағы төлем.

Шартсыз ақшалай көмек келесі тұлғаларға көрсетіледі: 

1) Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларына қатысуға мүмкіндіктері шектеулі жалғыз басты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға төмендегі себептер бойынша:

  • зейнеткерлік жасқа толуына;
  • бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне;
  • екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты.

2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе 

Барлық еңбекке жарамды отбасы мүшелері бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын және (немесе) екі айдан астам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар, және (немесе) келесілерге күтім жасауды жүзеге асыратын аз қамтылған отбасыларға:

  • үш жасқа дейінгі балаға;
  • мүгедек балаға;
  • бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке;
  • қарттар;
  • бөгде адамның күтімі және көмегіне мұқтаж.

Жалғыз басты және жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға, сондай-ақ құрамында еңбекке жарамды мүшесі (мүшелері) бар аз қамтылған отбасыларға, оның ішінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.

Атаулы әлеуметттік көмек жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен Қазақстан Республикасы халқының келесі санаттарына тағайындалады:

  • ҚР азаматтары;
  • ҚР аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар;
  • босқындар;
  • қандастар.

Жан басына шаққандағы орташа табыс – бұл отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі.

Кім әлеуметтік атаулы көмек ала алмайды?

ҚР «Мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек туралы» заңына сәйкес төмендегілердің әлеуметтік атаулы көмек алуға құқығы жоқ:

  • табысы аз болып табылмайтын адамдарға (отбасыларға);
  • еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап 6 ай бойы;
  • алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы 6 ай бойы;
  • атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) – оларды ұсынған күннен бастап 6 ай бойы;
  • материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.

Кедейлік шегі – атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау үшін өлшемшарт ретінде белгіленетін, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде белгіленген бір адамға шаққандағы ақшалай кірістің шекті ең төмен шамасы.

Өз кезегінде, ең төмен күнкөріс деңгейін өңірлер бөлінісінде тоқсан сайынғы негізде ҚР Ұлттық статистика бюросының органдары есептейді.

Мысалы, өңірлер бөлінісінде 2022 жылдың 2-ші тоқсанында ең үлкен мөлшер Маңғыстау облысында (ЕТКД – 51 197, КШ – 35 838 теңге), Астана қаласында (ЕТКД – 47 522, КШ – 33 265 теңге), Алматыда (ЕТКД – 43 294, КШ – 30 306 теңге) және Алматы облысында (ЕТКД – 43 294, КШ – 30 306 теңге), Ақмола облысында (ЕТКД – 43 145, КШ –30 202 теңге). Қалған өңірлерде оның мөлшері 42 611 теңгеден 40 611 теңгеге дейін өзгереді. АӘК тағайындау кезінде азық-түлік тауарларының бағасына байланысты жергілікті атқарушы органдар есептейтін ең төменгі күнкөріс деңгейі қолданылады.

Шартсыз ақшалай көмек көрсетіледі:

  1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті немесе жалғыз тұратын аз қамтылған адамдарға:
  • зейнеткерлік жасқа жетуімен;
  • бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік;
  • екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурудың болуы.
  1. Құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.

Шартсыз ақшалай көмек өтініш жасалған айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.

Шартты ақшалай көмек жалғызілікті не жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ құрамында еңбекке қабілетті мүшесі бар табысы аз отбасыларға, оның ішінде бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға, ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда, ай сайынғы немесе біржолғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетіледі.

Еңбекке қабілетті мүше үшін белгілі бір жеңілдіктер бар: оған жұмыс табуға, білім алуға немесе өз ісін ашуға көмектеседі.

АӘК белгіленген сомадан бөлек қосымша көмек ретінде кепілдендік берілген әлеуметтік топтама беріледі. Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде көрсетілетін көмектің түрлері мен көлемі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №1032 қаулысымен айқындалған.

Жасына қарай балалар екі санатқа бөлінеді – 1 жастан 6 жасқа дейін және 6 жастан 18 жасқа дейін. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін кепілдендік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде тамақ өнімдерін тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормаларына сәйкес айқындалған азық-түлік жиынтығы мен тұрмыстық химия тауарлары көзделеді. Оның құрамына: жеміс және (немесе) көкөніс гипоаллергенді езбесі, балаларға арналған гипоаллергенді балалар ботқасы, өлшеп оралған жүгері жармасы, өлшеп оралған сұлы жармасы, балаларға арналған печенье, пастерленген немесе ультрапастерленген сүт, бидайдың қатты сұрыптарындағы макарон, зауыттық қаптамадағы күнбағыс майы, классикалық гематоген, құрамында тұтас дәнді дақылдар бар таңғы асқа арналған сүт жастықшалары, ұсақталған бұршақ, қарақұмық жармасы немесе күріш кіреді.

6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендік берілген әлеуметтік топтама 4 бөліктен тұрады. Бұл – оқу орны бойынша бір реттік тамақтану, мектеп формасымен қамтамасыз ету, мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз ету және қалалық қоғамдық көлікте жол жүрудің 50%-ын өтеу.

Атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) мөлшері отбасының жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінің мөлшері арасындағы айырма түрінде есептеледі. Жан басына шаққандағы орташа табыс – бұл отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі. Кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде белгіленген. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептік кезеңде алынған табыстың барлық түрлері ескеріледі, оның ішінде:

— еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыстар;

— «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы ҚР Кодексінде көрсетілген балаларға және тұлғаларға алимент түріндегі табыс;

— жеке қосалқы шаруашылықтан (мал мен құсты ұстауды, бағбандықты, бағбандықты қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан) түсетін кірістер;

— кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістер;

— жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден және сатудан түскен кірістер;

— бағалы қағаздардан түсетін кірістер;

— жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұраға қалдыру түрінде алынған табыс;

— кредитті (микрокредитті) пайдаланудан түскен кірістер);

— өтеусіз алынған ақша түріндегі кірістер;

— ақшалай салымдар мен депозиттер бойынша сыйақылар түріндегі кірістер;

— ақша аударымдары түріндегі кірістер;

— конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борыштық бағалы қағаздар бойынша қоса алғанда ұтыс ойындары бойынша алынған заттай және (немесе) ақшалай түрдегі ұтыстар түріндегі кірістер;

— құрамында 4 және одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

— бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыларға көшуге (отбасының әрбір мүшесіне) біржолғы төлемді қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан алынған кірістер;

— тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен қарыз бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға арналған тұрғын үй сертификаттарының сомасы;

— қаржыландыру көзіне қарамастан интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына және оқу орындарының басқа да тыңдаушыларына төленетін стипендиялар және басқалар.

Бұл ретте, кірістердің кейбір түрлері қайта қаралды және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап отбасының жиынтық табысында ескерілмейді, оның ішінде:

— жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы;

— бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар;

— жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемдер

— 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;

— 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;

— бірінші, екінші, үшінші топтардағы 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;

— бірінші, екінші, үшінші топтардағы 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;

— «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

— атаулы әлеуметтік көмек;

— тұрғын үй көмегі;

— ТЖ салдарынан отбасына денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалды өтеу мақсатында көрсетілген көмек;

— аз қамтылған отбасылар қатарындағы білім алушыларға білім беру ұйымдарында көрсетілетін қаржылай және материалдық көмек;

— мемлекеттік бюджеттен және өзге де көздерден азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне байланысты аз қамтылған азаматтарға ақшалай немесе заттай түрде көрсетілген көмек;

— қайырымдылық көмек;

— азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге жол жүруін төлеу;

— азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;

— ҚР заңнамасына сәйкес мүгедектерге бөлінген дәрілік препараттар, санаторий-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық бұйымдар (дайындау және жөндеу), жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) және оңалту, тегін тамақтандыру және білім беру ұйымдарында көрсетілетін көмек түрінде көрсетілген заттай көмек түрлері;

— жергілікті атқарушы органдардың қаражатынан біржолғы төлемдер;

— Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектерге бөлінген дәрілік препараттар, санаторий-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық бұйымдар (дайындау және жөндеу), жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) және оңалту түрінде көрсетілген заттай көмек түрлері;

— мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылар мен тәрбиеленушілерге, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына материалдық көмек көрсету;

— аз қамтылған отбасы балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет шеңберінде берілетін көмек;

— «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыларға көшуге (отбасының әрбір мүшесіне) берілетін біржолғы төлемдер»;

— Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті біржолғы өтеу;

— ЖОО-да, ТжКБ бойынша оқитын студенттерге төленетін стипендиялар.

АӘК тағайындауға өтінішті қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жүзеге асырылады, ал ауылдық жерде тұрған жағдайда кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгіну қажет.

Өзімен бірге Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің жеке куәлігі не тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі, ал қандастар үшін – оралман куәлігі ғана болса жеткілікті.

Бұдан бұрын талап етілген барлық қалған құжаттар мен мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен автоматты түрде алынады, ақпараттық жүйелерде деректер болмаған немесе дұрыс болмаған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жіберіледі.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге өтініш береді.

Бұл тұста ескерер жайт, атаулы әлеуметтік көмекті қарауды және тағайындауды жеделдету үшін өтініш берушінің өз бастамасы бойынша құжаттардың көшірмесін қағаз жеткізгіште ұсынуға құқығы бар. Сізге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғанын тексеру үшін тиісті анықтаманы онлайн-режимде алуға болады.

Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері туралы да айта өтейік.

«Мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек туралы» заңына сәйкес, бір адамға немесе отбасына атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін отбасының әрбір мүшесі есебінен орташа жан басына шаққандағы табыс және облыстарда белгіліенген кедейлік шегі арасындағы айырмасы түрінде уәкілетті орган есептейді. Отбасының құрамы және табыстар өзгерген жағдайда тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қайтадан есептеледі. Ал өтініш беруші 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін өзгерту үшін негіз болуы мүмкін мән-жайлар туралы хабарлауға міндетті.

Жан басына шаққандағы орташа табыс қалай есептеледі?

Атаулы әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлғаның жиынтық табысын анықтау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде ұсынылатын құжаттардың және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің негізінде жүргізіледі.

Отбасының жиынтық табысына белгіленген уақыт кезеңі ішінде ақшалай немесе заттай нысанда алынған тұрғын үй көмегі мен атаулы әлеуметтік көмегінен, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді іс-шараларына қатысу шеңберінде мемлекеттік қолдау іс-шараларынан басқа табыстың барлық түрлері қосылады. Әкімдіктер өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып келесілерді кіріс бермейді деп айқындауға құқылы: үй малы, құсы, жер учаскесі.

Жан басына шаққандағы орташа табыс әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтінішті берген тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі.

Тіпті айына 1 теңге төленсе де, не себепті атаулы әлеуметтік көмектен бас тартпау керек.

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек кімге беріледі?

Атаулы әлеуметтік көмек әрбір отбасы мүшесінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-інен төмен адамдарға тағайындалады: бұл мән (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-і) «кедейлік шегі» деп аталады. 2021 жылы Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 302 теңге болса, 2022 жылы ол 36 018 теңгені құрайды. Сондықтан кедейлік шегі 2021 жылы 24 011 теңге болса, 2022 жылы бір адамға айына 25 212 теңге төленеді. Егер 2022 жылы отбасы табысы бір адамға шаққанда айына 25 212 теңгеден аз болса, онда мұндай отбасы осы отбасының барлық мүшесі үшін атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш бере алады. Отбасының орташа табысын есептеу кезінде мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы есепке алынбайды.

Қазақстанда АӘК көлемі қандай болады?

Атаулы әлеуметтік көмек көлемін әр адамға қатысты жеке есептейді. АӘК мөлшері кедейлік шегі мен отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы арасындағы айырмашылықты құрайды, яғни 25 212 теңгеден отбасының бір адамға шаққандағы орташа табысын шегеру қажет. Кейде отбасының әрбір мүшесіне 1000 теңге немесе 20 теңге, тіпті 1 теңге атаулы әлееуметтік көмек тиесілі болуы мүмкін.

АӘК-тен неге бас тартуға болмайды?

Егер отбасы аз да болса атаулы әлеуметтік көмек алса, онда бұл отбасының балалары үшін Еңбек министрлігінен (егер балалар 1-6 жас аралығында болса) немесе білім министрлігінен (6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін) көмек беріледі.

АӘК алатын отбасындағы 1-6 жас аралығындағы балаларға не тиесілі?

Мұндай балаларға ай сайын азық-түлік және гигиеналық заттар жинағы беріледі. Онымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдары қамтамасыз етуге тиіс.

— 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы азық-түлік жинағына мыналар кіреді:

— жеміс және (немесе) көкөніс гипоаллергенді езбесі – кемінде 1200 грамм;

— балаларға арналған гипоаллергенді сәбилер ботқасы – кемінде 320 грамм;

— қаптамадағы жүгері жармасы – кемінде 400 грамм;

— қаптамадағы сұлы қауыздары – кемінде 800 грамм;

— балаларға арналған печенье – кемінде 180 грамм;

пастерленген немесе ультрапастерленген сүт – кемінде екі литр.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы азық-түлік жинағына мыналар кіреді:

— пастерленген сүт – кемінде екі литр;

— қатты бидайдан дайындалған макарон, сұлы қауыздары, арпа жармасы, шағылған асбұршақ – барлығы кемінде 800 грамм;

— ұнтақ жармасы – кемінде 700 грамм;

— қарақұмық немесе күріш жармасы – кемінде 1,6 кг;

— күнбағыс майы – кемінде 0,8 литр;

— гематоген – кемінде 240 грамм;

— құрамында бүтін астық дақылдар бар таңғы асқа арналған сүтке қосатын тағам – кемінде 250 грамм;

— балаларға арналған печенье – кемінде 400 грамм;

— таза бал – кемінде 200 грамм.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған тұрмыстық химия құралдарының ай сайынғы жинағына тіс пастасы, тіс щеткасы, гипоаллергенді сабын, сусабын, жақпамай, кір сабын және кір жуғыш ұнтақ кіреді.

АӘК алатын отбасындағы 6-18 жас аралығындағы балаларға не тиесілі?

Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасындағы 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік және тұрмыстық химия жинақтары берілмейді. Бірақ Оқу-ағарту министрлігінің басқармалары мен бөлімдері оларды мектепке қажетті барлық жабдықпен қамтамасыз етеді.

Біріншіден, бұл балалар мектепте күнделікті тегін тамақтануға құқылы болса, екіншіден, олардың қоғамдық көлікте жүру құнының 50 проценті өтеледі. Сонымен қатар балаларға мектеп формасы және мектепке қажетті құралдар беріледі (жылына бір рет). Ұл балалар пиджак, желетке, шалбар, жейде немесе водолазка және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі. Қыздарға пиджак, желетке, белдемше немесе сарафан (немесе шалбар), жейде немесе водолазка және аяқ киім беріледі. Бұл жинаққа сондай-ақ спорт костюмі мен спорт аяқ киімі кіреді.

Кеңсе заттарының жинағына рюкзак, сонымен қатар дәптер, қаламсауыт, қарындаш, қаламсап, сызғыш, өшіргіш, жоғары сыныпта оқитындарға – циркуль, ал төменгі сыныптағыларға сурет салуға арналған альбом мен бояу кіреді.

АӘК қашан беріледі?

АӘК өтініш берген күнге қарамастан азамат жүгінген күннен бастап тағайындалады. Мысалы, егер өтініш 20 қаңтарда немесе айдың соңғы күнінде жолданса, онда төлем бүкіл айға толық төленеді.

АӘК кімге берілмеуі мүмкін?

Атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз ақшалай көмек түрінде тағайындалады. Шартты ақшалай көмек отбасында еңбекке жарамды адам болған жағдайда тағайындалады.

Алты ай ішінде жұмысқа тұрудан бас тартқан жағдайда барлық отбасы мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек беру тоқтатылады. Ол тұрмысы төмен отбасыға жатпайтын, көрінеу жалған ақпарат берген адамдарға, учаскелік комиссияға сәйкес атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес адамдарға тағайындалмайды.

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ЖЫЛ БАСЫНАН МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАСЫНА СӘЙКЕС 5680 ҚҰРАЛҒА ӨТІНІШ БІЛДІРІП, 4237 ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

Атаулы әлеуметтік көмек турасында «ANYQ.KZ» ақпарат  агенттігінің оқырмандары үшін жан-жақты ақпарат берген Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Эльмира Бейсенова мұнан соң мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселесіне ойысты.

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау «Ардагерлер туралы» ҚР 2020 жылғы 6 мамырдағы №322-VІ Заңы, «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР 1992 жылғы 18 желтоқсандағы  №1787-ХІІ Заңы, ҚР 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» №39 Заңы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» №26 бұйрығы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» №498 бұйрығы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» №84 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. Түркістан қаласы бойынша мүгедектігі бар азаматтардың жалпы саны — 9523 адам. Оның ішінде оңалтудың 5433 мүгедектің жеке оңалту бағдарламасы түзілген. Қазіргі таңда мүгедектігі бар азаматтардың жеке оңалту бағдарламасының орындалуы 74,6 пайызды құрайды. Жалпы жыл басынан мүгедектігі бар азаматтардың жеке бағдарламасына сәйкес 5680 құралға өтініш білдіріп, 4237 қамтамасыз етілген» — деді бөлім басшысы.

Оның ішінде Түркістан қаласы бойынша тарқата тізбелесек,

  • Протез-ортопедиялық құралдарға 814 адам өтініш білдіріп, 498-і қамтамасыз етілген (61,2 пайыз);
  • Сурдо-техникалық құралдарға 210 адам өтініш білдіріп, 153-і қамтамасыз етілген (72,9 пайыз);
  • Тифло-техникалық құралдарға 419 адам өтініш білдіріп, 331-і қамтамасыз етілген (79 пайыз);
  • Арнаулы жүріп-тұру құралдарына 333 адам өтініш білдіріп, 312-сі қамтамасыз етілген (93,7 пайыз);
  • Санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге 1360 адам өтініш білдіріп, 645-і қамтамасыз етілген (47,4 пайыз);
  • Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметіне 407 адам өтініш білдіріп, 404-і қамтамасыз етілген (99,3 пайыз);
  • Ымдау тілі маманының қызметіне 118 адам өтініш білдіріп, 98-і қамтамасыз етілген (83,1 пайыз);
  • Міндетті гигиеналық құралдарға 2019 адам өтініш білдіріп, 1796-сы қамтамасыз етілген (89,0 пайыз).
  • Еске салайық, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларының тиімді жүйесін құру мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар бар. Оның мақсаты Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялауға байланысты Қазақстан Республикасы қабылдаған міндеттемелерді іске асыру және Қазақстанның 2030 жылға дейінгі әлеуметтік жаңғыруы шеңберінде барлық осал топтар үшін қолайлы орта құру арқылы инклюзивті қоғам қалыптастыру болып табылады. Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция нормаларының ережелерін имплементациялауға жағдай жасауға бағытталған Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) үш кезеңде іске асыру аяқталды. Іс-шаралар жоспарының негізгі мақсаттары мен міндеттері орындалды. Мүгедектігі бар адамдардың өзін-өзі көрсетуі және елдің қоғамдық-экономикалық өміріне толыққанды интеграциялануы үшін жағдай жасауда негізгі басымдықтарды және кешенді интеграцияланған тәсілді айқындау үшін осы Ұлттық жоспар әзірленді. Заманауи жаһандық парадигма денсаулықтың шектеулі мүмкіндіктерін дәстүрлі түсінуден тұрмыс сапасы аспектісінде жеке ерекшеліктер мен әмбебап құқықтардың анағұрлым күрделі синтезіне көшуге негізделеді. Ұлттық жоспар мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесінің әлемдік даму үрдістерін ескере отырып, халықаралық стандарттарды имплементациялауға бағытталған. Ұлттық жоспарда белгіленген мақсаттар мен міндеттерді осы Ұлттық жоспарға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарына сәйкес іске асыру көзделеді.
  • Ұлттық жоспардың мақсаты – мүгедектігі бар адамдардың тұрмысын жақсарту жолында жұмылдырылған барлық тараптың үйлестірілген іс-қимылдарының стратегиясын, құрамын және дәйектілігін тұжырымдау.
  • Мыналар:
  • 1) мүгедектіктің профилактикасы және алдын алу;
  • 2) әлеуметтік оңалту және абилитация;
  • 3) кешенді қолжетімділік және кедергісіз орта;
  • 4) білімге қолжетімділік;
  • 5) мүгедектігі бар адамдардың экономикалық дербестігі және сапалы жұмыспен қамтылуы;
  • 6) әлеуметтік қызметтер;
  • 7) қоғамдық сананы жаңғырту негізгі бағыттар болып табылады.
  • Қазақстан Республикасында ұлттық деңгейдегі стратегиялық міндеттерді іске асырудың табысты тәжірибесі негізінде, сондай-ақ халықаралық озық тәжірибеге сүйене отырып, қызметтің барлық бағыттары бойынша интеграцияланған тәсілді іске асыру шеңберінде ғана Ұлттық жоспардың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге болады.
  • Ұлттық жоспарды іске асыру:
  • 1) мүгедектіктің профилактикасы бойынша нақты шаралар жүргізу жолымен бастапқы мүгедектікті төмендетуді;
  • 2) білімге қолжетімділікті және білім берудің барлық деңгейлерінде (мектепке дейінгі, жалпы орта, жоғары) ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға білім беру сапасын арттыруды;
  • 3) еңбек нарығында мүгедектігі бар адамдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды және сапалы жұмыспен қамтуды;
  • 4) тыныс-тіршіліктің барлық салаларында толық кедергісіз орта құру жолымен әлеуметтенуді және қоғамға толық интеграциялануды;
  • 5) өмірде қиын жағдайда жүрген азаматтардың қажеттіліктерін саралауды ескере отырып, сапалы әлеуметтік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен атаулылығын;
  • 6) үздіксіз кәсіптік білім беру және біліктілікті бағалаудың тәуелсіз жүйесі негізінде кәсіби кадр құрамын қалыптастыруды;
  • 7) азаматтардың әлеуметтік мұқтаждықтарын ескере отырып, қызметтер көрсетудің сапалы нәтижесіне бағдарланған шығындарды басқару жүйесін енгізуді;
  • 8) әлеуметтік қызмет көрсетудің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы қажеттіліктер мен шығындарды тұрақты және жан-жақты талдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
  • Елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында халық денсаулығын нығайту үшін шаралар қабылдануда. Сырқаттанушылықтың алдын алуда профилактикалық іс-шаралар ерекше рөл атқарады.
  • Қазақстан халқының мүгедектік алу деңгейін төмендету мақсатында тиімді алдын алу, диагностика және ерте араласу жөнінде шаралар қабылданатын болады. Ол үшін:
  • 1) профилактика мақсатында сырқаттанушылық пен мүгедектікті (балалар мен ересектерде) ерте анықтау бойынша шараларды күшейту;
  • 2) мүгедектікті болдырмау үшін созылмалы ауруларды басқару бағдарламасын (бұдан әрі – АББ) кеңейту;
  • 3) ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында медициналық оңалту көмегі желісін кеңейту қажет.
  • Көрсетілген шараларды іске асыру нәтижесінде мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады:
  • жүргізілген скринингтік зерттеулердің жалпы санына қатысты ауруды ерте диагностика (скрининг) кезінде анықтау;
  • 2025 жылға қарай 10,0 мың тұрғынға шаққанда алғашқы мүгедектіктің қарқынды көрсеткішіне қол жеткізу – 28 %;
  • пациенттерді АББ-мен 100 % қамтуға қол жеткізу;
  • жаңа стандарттар бойынша аккредиттеуден өткен оңалту орталықтары – 100 %.
  • Мүгедектігі жоқ, табысы төмен егде жастағы адамдарды ассистивті құралдармен (есту аппараттарымен, кресло-арбалармен, жүріс арбаларымен, балдақтармен, коммуникацияның көмекші құралдарымен, протездермен, таблеткаларға арналған органайзерлермен, еске салу құралдарымен және басқа да құралдармен) оларды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне қосу жолымен қамтамасыз ету ұсынылады.
  • Ассистивті құралдар егде жастағы адамдардың функционалдық мүмкіндіктерін бұрынғы деңгейде ұстап тұруға немесе арттыруға, сол арқылы олардың әл-ауқатына ықпал етуге арналған.
  • Жалпы мүгедектіктің нозологиялық құрылымында психикасы бұзылған және мінез-құлқы бұзылған мүгедектігі бар адамдар басым.
  • АББ – бұл денсаулық сақтау шығындарын азайтуға және интеграцияланған көмек арқылы аурудың салдарын болғызбау немесе азайту жолымен созылмалы аурулары бар адамдардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бағдарлама. АББ үйлестірілген медициналық араласулар мен коммуникацияларды қамтиды және жекелеген адамдарға басқа медициналық қызмет көрсетушілермен бірге өз ауруын басқаруға және асқынуларды болғызбауға мүмкіндік береді.
  • АББ-ны енгізу жұқпалы емес созылмалы аурулардың алдын алу және олармен күрес мәселелерінде, пациенттердің өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін арттыруда, медициналық персоналдың өзара іс-қимылын жақсартуда және ықтимал асқынуларды немесе жай-күйдің ауырлауын болғызбауға бағытталған қолда бар барлық ресурсты пайдалануда елеулі өзгерістер қажеттігінен туындады.
  • Жүргізіліп жатқан медициналық оңалту қазіргі уақытқа дейін мүгедектіктің алдын алу және оның профилактикасының өзара байланысы белгіленбегенін көрсетеді. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, медициналық оңалту бойынша жоспарланған көрсеткіштер 84 %-ға орындалуда, бұл белгілі бір дәрежеде аудандық (қалалық) ауруханалар жанындағы медициналық оңалтудың стационарлық, амбулаториялық-емханалық бөлімшелер, мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталықтары санының жеткіліксіз болуына байланысты.
  • Оңалту іс-шаралары тиімділігінің төмен болуы ересектер арасында (9,8 %) да, балалар арасында (0,7 %) да ішінара оңалту көрсеткіштерінен көрінеді.
  • Осыған байланысты амбулаториялық-емханалық медициналық ұйымдардың базасында қажеттілігі ерекше (тірек-қимыл аппараты бұзылған және т.б.) балаларды оңалту кабинеттерін ашу жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.
  • Сонымен қатар дәрі-дәрмекпен емдеуді қоспағанда, ауылдық амбулаториялар базасында қажеттілігі ерекше балалар үшін оңалту спектрінің қызметтерін (физиотерапиялық көрсетілетін қызметтер, массаж және т.б.) көрсетудің маңызы зор.
  • Мүгедектікті анықтау мен белгілеу тәсілдерін қайта қарау мәселесі және мүгедектігі бар адамдарды оңалту мен қолдаудың неғұрлым кешенді тәсілін қамтамасыз ету үшін мүгедектігі бар адамдарды оңалту мен қолдаудың барынша кешенді тәсілін қамтамасыз ету үшін Тыныс-тіршілік пен денсаулықтың қызмет етуінің, шектелуінің халықаралық сыныптауышының (сақтандыру элементтерін енгізу, білім беру, жұмысқа орналастыру) терминологиясын біртіндеп қатар пайдалану мүмкіндігі қаралуда.
  • Қазақстан бойынша сурдопедагогтердің жетіспеушілігі байқалады. Мысалы, еліміздегі жұмыс істеп тұрған 40 сурдологиялық кабинеттің (19 балалар, 12 ересектер және 9 аралас кабинет) 13 кабинетінде (32,5 %) ғана өздеріне жіберілген пациенттерді тереңдетілген аудиологиялық тексеруге және есту-сөйлеуін оңалтуға қатысатын сурдопедагогтер бар.
  • Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту мен абилитациялаудың кешенді тәсілін іске асыру оларды қоғамға толыққанды интеграциялау үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді, ол мыналарды қамтиды:
  • 1) қажеттілік түрлері бойынша әлеуметтік оңалту стандарттарын әзірлеу және енгізу (тіршілік әрекетінің шектелу түрлеріне байланысты);
  • 2) жеке қажеттіліктер негізінде ОТҚ-мен және әлеуметтік оңалту қызметтерімен қамтамасыз етудің кешенді тәсілін іске асыру;
  • 3) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын енгізу арқылы ОТҚ таңдау құқығын және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету;
  • 4) әлеуметтік оңалту орталықтарының инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базасын дамыту.
  • Әлеуметтік оңалту және абилитациялау тиімділігінің нысаналы индикаторлары:
  • оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ОТҚ-мен қамтамасыз етілу;
  • мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің толық спектірін ұсыну.
  • Әлеуметтік оңалту негізінде қажеттілігі ерекше адамдардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру, олардың тіршілік әрекетінің барлық аспектілеріне толық тартылуын қамтамасыз ету және қосу жатыр. Бұл міндетке елдегі әртүрлі ұйымдар мен мекемелер кешенді оңалту мен абилитациялық қызметтер көрсеткен кезде ғана қол жеткізуге болады. Мемлекет тарапынан әлеуметтік оңалту мен абилитациялау стандарттарын әзірлеу және енгізу осындай қажеттілік туындауы ықтимал барлық адамдар үшін осы қызметтерді көрсетудің тең-жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
  • Әлеуметтік оңалту және абилитациялау стандарттары қажеттілік түрлерін, нозологиялардың формаларын, адамдардың жынысы мен жасын ескере отырып әзірленетін болады, бұл мынадай маңызды бағыттардың бірыңғай тәсілдерін бекітуге мүмкіндік береді:
  • жеке қажеттіліктер негізінде әлеуметтік оңалтудың техникалық құралдары мен көрсетілетін қызметтерін қамтамасыз етудің кешенді тәсілін іске асыру;
  • әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын енгізу арқылы ОТҚ таңдау құқығын қамтамасыз ету;
  • әлеуметтік оңалту орталықтарының инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базасын дамыту.
  • Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) бойынша мүгедектігі бар адамдарды ОТҚ-мен мемлекеттік бюджет есебінен қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өнім берушіні таңдаудың негізгі өлшемшарттары ең төмен шартты баға ұсынысы болып табылады, бұл сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер ететіні сөзсіз.
  • ОТҚ сапасы көп жағдайда мүгедектігі бар адамның тұрмыс сапасына ықпал етеді. Сондықтан мүгедектігі бар адамдардың жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне барынша толық сай келетін ОТҚ таңдау құқығын бекіту және қамтамасыз ету маңызды.
  • Қаржыландырудың жеткіліксіздігі, мемлекеттік сатып алудың уақтылы өткізілмеуі, ОТҚ төмен сапасының лайықты болмауы ОТҚ ұсыну жүйесінің негізгі кемшіліктері болып табылады.
  • Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді алушылар мен өнім берушілердің тікелей өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы енгізілетін болады. Бұл бірыңғай цифрлық алаңда мүгедектігі бар адамдарға жеке қажеттіліктерін ескере отырып, көрсетілетін қызметтер мен оңалту құралдарын өз бетінше таңдау мүмкіндігі берілетін болады.
  • Бұдан басқа, мүгедектік белгіленгеннен кейінгі бірінші айда оңалту орталықтары базасында ОТҚ-ны пайдалануға оқыту бағдарламасын әзірлеу және қабылдау көзделеді. Оқыту жеке сабақтарды, бейнероликтер көрсетуді, инструктормен, топта (мүмкіндігінше), содан соң өз бетінше жаттығулар орындауды қамтиды. Практика көрсеткендей, бұл іс-шаралар кешені мүгедектігі бар адамдардың одан әрі әлеуметтік бейімделуінің жылдамдығы мен сапасына тікелей әсер етеді.

Бұдан кейін Эльмира Бейсенова арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту туралы тілге тиек етті. Оның сөзінше, арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту келесі нормативтік-құқықтық актілер негізінде жүзеге асырылады: «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР 2008 жылғы 29 желтоқсандағы №114-IV Заңы, «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығы.

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер бұл — өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені. Сондай-ақ, Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бұл — қызметтерді алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында үйде қызметтер көрсету ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және тәртібін белгілейді» — деді ол.

Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде еңбек етіп жүрген әлеуметтік қызметкерлердің саны 27-ні құрап отыр (1 меңгеруші, 1 кеңесші, 29 әлеуметтік қызметкер). Үйде әлеуметтік көмек көрсету секторында жеке басты қарттарды күтушілер – 6, мүгедек балаларды күтушілер – 17. Әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде 37 жалғыз басты қарт зейнеткер мен мүгедектігі бар азаматтар және 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 108 мүгедектігі бар бала, ал 18 жастан асқан мүмкіндігі  шектеулі 5 мүгедектігі бар азамат есепте тұрады, жалпы 150 адамға әлеуметтік қызметтер көрсетілген. Тиісті кестені төменде ұсынып отырмыз.

Жалғізілікті қарттар  2022 жыл Төленген қаржы
Қаралған сомасы 1411,9 1294,2
Қарттар саны 37 37
1 адамга төленетін сомасы 3180 3180

Сонымен қатар бұл орайда 2022 жылы үйде оқитын, мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмекке өтініш білдіргендер санының 300-ге жеткенін, соған сай қамтамасыз етілгені де 300-ді құрап отырғанын айта өткен жөн. Бұл көрсеткіштердің төменде кесте түрінде беріп отырмыз.

Үйде оқитын мүгедек балалар 2022 жыл Төленген қаржы
Қаралған сомасы 8270,0 7344,0
Мүгедек бала саны 300 300
1 адамға төленетін сомасы 3180 3180

Эльмира Тұңғышбайқызы оған қоса жартылай стационар жағдайында оңалту бағдарламасы бойынша 2022 жылы Түркістан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-не әлеуметтік қызмет алуға 75 мүмкіндігі шектеулі бала кешенді қызметтермен қамтылғанын атап өтті.      

2022 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 1 үкіметтік емес ұйым  70  ерекше балаға күндізгі бөлімшеге арнаулы әлеуметтік қызметтерді  ұсынып келеді екен. Бұл көрсеткішті де өздеріңізге кесте түрінде назарларыңызға ұсынғанды құп көрдік.

Күндізгі бөлімше

 

2022 жылға

 

Мүгедек бала саны 70
Қаралған сомасы 51376,0
Игерілген сомасы 36646,0

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 2022 ЖЫЛДЫҢ 11 АЙЫНДА 7291 СӘБИ ДҮНИЕ ЕСІГІН АШТЫ

Эльмира Бейсенова мұнан соң азаматтық хал-актілерін тіркеу жұмыстарына тоқталды. «Түркістан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің АХАТ секторы қызметкерлері 2019 жылдың 25 қараша айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы Кодексінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №64 бұйрығы мен «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою» туралы қағидасына сүйеніп, жұмыс жүргізеді» — деген бөлім басшысы Қазақстан  Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы Кодексіне түсіндірме бере кетті. «Бұл кодекс —  неке — отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарын реттеудің мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын және құқықтық негіздерін айқындайды, отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде айқындай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Неке (ерлі-зайыптылық) дегеніміз – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ. Ал, отбасы дегеніміз – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы. Келіп түскен өтініштер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI ҚРЗ Кодексінің 91-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қарым қатынастар мен құқықтық көмек туралы» Конвенцияға сәйкес (Конвенция о пpавовой помощи и пpавовых отношениях по гpажданским, семейным и уголовным делам) өзге мемлекеттерден  келіп түсетін азаматтық хал актілерін тіркеуге байланысты тапсырыстар ұлттық заңнамаға сәйкес  мерзімінде орындалады» — дейді ол.

Нақтырақ айтатын болсақ, бөлім құрамындағы АХАТ секторы туу туралы, неке қию туралы, қайтыс болу туралы, неке бұзу туралы, тегін, атын, әкесінің  атын  өзгерту туралы  хал  актілерін  тіркейді. Атап айтқанда, 2022 жылдың 11 айында — туу туралы — 7291, оның ішінде  өлі  туылғандар – 104; неке қию туралы -1725, оның  ішінде  шетел азаматтары -19; қайтыс болу туралы –871, оның ішінде 1 жасқа дейінгі өлі туылғандар – 63; неке бұзу туралы – 61, оның ішінде сот шешімі бойынша – 22;  тегін, атын, әкесінің  атын өзгерту жөнінде 28 хал актісі тіркеліпті.

Сондай-ақ, күрделі істер, оның ішінде — түзету, өзгерту және толықтыру енгізу туралы  істердің  саны – 342, жою туралы істер – 15, тууды мерзімі өтіп тіркеу істері – 1,  ТАӘ  өзгерту  туралы  істері  — 31. Сонымен  қатар, анықтамалардың саны – 1242,  қайталама  куәліктердің  саны – 1554.

Ерекша атап өтерлік жайт, 2022 жылдың 11 айында  ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің  491-бабына сәйкес ешқандай әкімшілік  іс қозғалмаған.

Айта өтейік, соңғы уақытта азаматтық хал актілерін тіркеу саласында оң өзгерістер көп. Өзгерістердің басты мақсаты — азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібін жеңілдету, артық құжаттарды талап етуді алып тастау, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімін айтарлықтай қысқарту, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау. Атап айтсақ, бала асырап алуды және әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ сот шешімі негізінде неке бұзу секілді акт жазба түрлерін тіркеу алынып тасталды.

Мысалы, қазіргі кезде ерлі-зайыптылар сот арқылы некесін бұзып, содан кейін АХАТ органдарына барып куәлік алуы қажет болса, өзгерістерге сәйкес сот шешімі заңды күшіне енген сәттен, автоматты түрде неке қию туралы акт жазбасына некенің бұзылғаны туралы белгі қойылып, куәлік алудың қажеттілігі алынып тасталды.

Сонымен қатар, бала перзентханада туылса, анасының жеке басын куәландыратын құжатының болмауына қарамастан, нәрестеге міндетті түрде туу туралы куәлік беріледі.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңымен неке қию (ерлі-зайыпты болу) мерзімін бір айдан некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер тіркеуші органға өтініш берген күнен бастап күнтізбелік он бес күнге дейін қысқартылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 2020 жылдың 12 қазанынан бастап қайтыс болуды тіркеуге қатысты қызметтерді көрсетудің оңтайландырылған үрдісі пилоттық режимде іске қосылып, жүргізілуде.

Қайтыс болуды тіркеуге қатысты қызметтерді көрсетудің оңтайландырылған үрдісін пилоттық режимде жүзеге асыру кезінде уәкілетті органдардың өзара іс-қимылы туралы бірлескен бұйрығы бекітілді.

Осы аталған бұйрықтың 3-тармағының 6-тармақшасында пилоттық жобаның жүргізілу кезеңіне қайтыс болған адамды жерлеу, жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақыны төлеу, қайтыс болған адамның зейнетақы жарналарын алу, мұраны ресімдеу және басқа да қызмет түрлерін көрсету кезінде, азаматтардың өлімі туралы, перинаталдық өлімі туралы медициналық куәліктерді, қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді міндетті түрде ұсыну талабы алынып тасталды. Бұл ретте, қайтыс болған адамдар туралы мәліметтер ақпараттық жүйелердің интеграциясы арқылы не қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы электрондық хабарламаларды «электрондық үкімет» порталында тексеру арқылы алынуы қажет.

Яғни, пилоттық режимде мемлекеттік тіркелгенде қайтыс болу туралы куәлігі берілмейді.
АХАТ саласындағы өзгерістер халықтың уақыт және қаражат шығындарын едәуір қысқартып, мемлекеттік қызметтерді барынша сандық форматқа көшіруге мүмкіндік береді.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (әрі қарай-Кодекс) 14 шілде 2022 жылы бірнеше өзгертулер мен толықтырулар енгізілген болатын.

Осыған орай, «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №112 бұйрығына 30.09.2022 жылы №820 бұйрығымен өзгерістер енгізілді.

Яғни, Кодекстің 13-бабының 2-тармағында неке қию (ерлі-зайыпты болу) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер тіркеуші органға өтініш берген күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң жүргізіледі.

Кодекстің 64-бабының 3-тармағы бойынша, егер ата-анасы некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын мемлекеттік тіркеуге қарамастан бөлек тұрса не балаға қатысты әке болу анықталса және бала өзімен бірге тұрып жатқан ата-ана оған өзінің тегін бергісі келсе немесе ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, баланың тегін әкесінің немесе әкесі жағынан да, анасы жағынан да атасының аты бойынша өзгерткісі келсе, тіркеуші орган баланың мүдделеріне қарай және екінші ата-ананың нотариатта ресімделген пікірін ескере отырып, баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізеді. Ата-ананың тұратын жерiн анықтау мүмкiн болмаған, ол ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген, әрекетке қабiлетсiз деп танылған кезде, сондай-ақ ата-ана баланы күтіп-бағудан және тәрбиелеуден дәлелсіз себептермен жалтарған жағдайларда, ата-ананың пiкiрiн ескеру мiндеттi емес.

Кодекстің 30-тарауындағы 257-269-баптары бойынша, демек атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеумен берілетін куәлігі алып тасталынып, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру болып өзгертілді. Яғни, мемлекеттік қызметтің акт жазбасы тіркелмейді.

Одан бөлек, азаматтық хал актілерді тіркеудегі куәліктермен мен қайталама куәліктерді және анықтамаларды беру бойынша өзгерістер енгізілді.  Бұл өзгерістер 15.08.2022 жылдан бастап заңды күшіне енгізілді. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін барлық азаматтық хал актілерді тіркеуге электронды түрде ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңба) арқылы Үкімет порталының «Egov.kz» сайты арқылы өтініш жіберуге мүмкіндік қарастырылған. Демек, барлық азаматтық хал актілерін тіркеу үшін электронды өтініш беріледі.

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ПРОБАЦИЯ БӨЛІМІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕ ЖАЛПЫ 196 АДАМ ЕСЕПТЕ ТҰРАДЫ, ОНЫҢ ІШІНДЕ 137 АДАМҒА ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БЕЛГІЛЕНІПТІ

Эльмира Тұңғышбайқызы назар аударған келесі мәселе еңбек қатынастарын үйлестіруге қатысты. Ол Мемлекет басшысының 2021 жылғы №622 Жарлығына сәйкес 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР ІІМ-нен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен жергілікті атқарушы органдарға еңбеші көшіп келушілерге рұқсат беру функциялары берілгенін атап өтті. Бұл тұрғыда Түркістан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалр бөлімі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» №123 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 16 мамырынан бастап қызмет көрсетуді бастаған екен.

Бұл ретте еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту бойынша Түркістан қаласында ағымдағы жылдың 11 айында барлығы 3640 мемлекеттік қызмет көрсетіліпті.

 Бөлім басшысы осы тұста Түркістан қаласындағы пробация жұмыстарына да тоқталды. «Еңбек қатынастарын үйлестіру жұмыстары келесі нормативтік-құқықтық актілердің негізінде жүзеге асырылады: «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі ҚР Заңы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығы» — дейді Эльмира Тұңғышбайқызы.

Бөлім басшысы бұл ретте Түркістан қалалық пробация бөлімінің тыныс-тіршілігінен де хабардар етті бізді. Ұққанымыз, Түркістан қалалық пробация бөлімі қызметінің есебінде жалпы 196 адам есепте тұрады, оның ішінде 137 адамға пробациялық бақылау белгіленіпті.

Түркістан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №300 «Түркістан қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды,  жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарына  квоталар белгілеу туралы» қаулысы бекітіліп, пробация қызметі есебінде тұрған адамдарға 5 мекемеге 9 орын, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыу үшін 4 мекемеге 7 орынға квота белгіленген екен.

Қазіргі таңда 13  жұмыс орнына квота бойынша жолдама беріліп, жоспар 81,2 пайызға орындалған.

Сонымен қатар, пробациялық бақылаудағы азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетілуде. Жеке кәсібін ашуға және оны дамытуға көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатында 2022 жылы 15 сәуірде Түркістан қаласы әкімдігінің Бизнесті қолдау және туризм бөлімі тарапынан өз жеке кәсіпкерлігін ашуға жеңілдетілген несиелер және гранттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген. 2022 жылы 14 маусымда Түркістан қалалық пробация қызметі есебінде тұрған тұлғаларға жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту салалары бойынша кездесу ұйымдастырылып, сотталған 60 адам қатыстырылған. 2022 жылдың 16 мамырында есепте тұрған тұлғалар мен теологтар арасында кездесу ұйымдастырылды.

Түркістан қалалық Адами әлеуетті дамыту бөлімі тарапынан пробация қызметі есебіндегі     А. Тенлибаеваның Төле би атындағы №19 жалпы орта мектепте оқитын 7, 8-ші сыныптардағы балалары ағымдағы оқу жылында киім-кешекпен қамтылғанын да атап өткен орынды.

«Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған тұлғалардың рухани дамуына және патриоттық сезімін ояту мақсатында 2022 жылы 21 наурызда Түркістан қаласы әкімдігінің спорт және мәдениет бөлімімен бірлесіп, Наурыз мерекесі қарсаңында спорттық және мәдени іс-шара өткізілді. 2022 жылы 20 сәуірде Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімі есебінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 10 сотталғанға ауқымды азық-түлік пакеті берілді. Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен демеушілер есебінен 2022 жылы 26 маусымда өткізілген цирк іс-шарасына сотталғандардың балаларына 50 билет берілді. Түркістан қалалық, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 30 маусымы мен 8 шілдесінде кіші футболдан жарыс өткізілді» — дейді Эльмира Бейсенова.

Айта өтейік, пробация дегеніңіз – адамдардың қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзеуге бағытталған қызмет түрі мен бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралардың заңмен белгіленген жүйесі. Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдерінің ішінде алғашқы болып пробацияның толық жүйесін қабылдаған ел.

Жалпы, біздің елімізде ең алғаш рет «пробация» ұғымы 2012 жыл­дың 15 ақпанындағы «Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбір заңнамалық акті­ле­ріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында қолданылған. Де­генмен, Қазақстанда алғаш рет 2016 жылғы 30 желтоқсандағы «Пробация туралы» Заңның қабылдануына орай проба­ция­ның қолданылу аясы анағұрлым кеңейе түскен. Нақтырақ айтсақ, 2016 жылғы желтоқсанда «Пробация туралы» заң қабылданып, пробацияның әлеуеті мен өзектілігі артты. Бұдан бөлек, сол жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясы бекітілді.

Бұл кешенді стратегияның мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды кешенді әлеуметтендірудің ұлттық жүйесін құру, сондай-ақ қайта қылмыс жасау деңгейін төмендетуге ықпал ететін тиімді жағдайларды жасау.

Елімізде түрмеден шыққандарға әлеумет­тік-құқықтық көмек беру ісі жолға қойылған. Осы орайда айта кетейік, әлеуметтік-құқықтық көмек, ол – пробацияның есебінде тұрған адамдарды әлеуметтендіруге бағытталған жеке бағдарламалар негізінде іске асырылатын шаралар кешені. Осы жылдың басынан бері еліміздің барлық өңірінде пробация қызметінің есебінде тұрған елу мыңнан аса сотталған адам әлеуеметтік-құқықтық көмектер алған көрінеді.

Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету­де­гі негізгі бағыттарға пробацияның есебінде тұрғандарды жұмысқа орналас­­­тыру, емдеу, білім алуына жәрдемдесу, құжаттарын қайта қалпына келтіру, психо­логиялық көмек беру және өзге де әлеуметтік-құқықтар жатады.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, пробация қызметкерлерінің тиімді әрекеттерінің арқасында есепте тұрған пәленбай адам жұмысқа орналасса, пәленбай адамға ем алуға көмек көрсетіледі. Сондай-ақ білім, психологиялық көмек алды. Айта кетейік, пробация – Қазақстан Республикасының заңна­ма­­сына сәйкес, есепте тұрғандарға әлеу­мет­тік-құқықтық көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдармен, азамат­тармен, қоғамдық ұйымдармен және өзге де заңды тұлғалармен өзара әрекет­тесе отырып атқарылатын қызмет түрі.

Азаматтардың қылмыстық сот тө­ре­­лігіне түсуін азайту, қылмыстық жазалау шараларын азайту мақсатында қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық-құқықтық шараларды кеңінен қолдану үшін жағдайлар жасал­ған, жаңа Қылмыстық кодекс­те бірқатар санкциялар жеңілдетіліп, сотталғандарды шартты түрде мерзі­мі­нен бұрын босату уақыттары азайтылды.

Пробация, ол – есепте тұрған адамдарға пробациялық бақылау және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету түрінде жүзеге асырылады. Түркістан қаласы пробация қызметінің мәліметінше, сотталғандардың қайта қылмыс жасауы­на олардың түзу жолға түсуге деген ниетінің жоқтығы, тұрақты жұмыс орнының болмауы, ішімдікке салынуы түрткі болады. Сондай-ақ қылмысқа барудағы алғашқы салдарды анықтап қарағанда, көбіне сотталғандардың әлеу­меттік бағыттан алшақтауынан, яғни тұрмыстық проблемаларының дұрыс жолға қойылмағандығынан қайта қыл­мыс жасау орын алады.

«Пробация» – латын тілінен аударғанда «сынау» деген мағынаны білдіреді. Бостандығынан айырмайтын жазаға кесілген немесе мерзімінен бұрын шартты жазаға босаған сотталушыны бақылап және тексеріп қана қоймай, оған еркін өмірге бейімделуге, жұмысқа орналасуына, білім алуына көмектесу – пробация қызметкерлерінің міндеті. Адамның қылмыс жасағанына қарамастан, оның түрмеге отырмауына мүмкіндік беру. Ол үшін қылмысқа барған адам сот міндеттеген шарттардың барлығын орындауы керек. Осылайша, байқаусызда сүрінген жандар болса, оларды түзеу мекемесіне отырғызбай, қайта тәрбиеленуіне мүмкіндік беріп, әлеуметтік мәселелері болса шешуге ықпал жасайды.

Пробациялық бақылаудың мақсаты – заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындауларын бақылау арқылы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзелу жолына түсіру, қайта қылмыс жасаудың алдын алу, шартты түрде сотталғандардың жалпыға ортақ әлеуметтік, моральдік және құқықтық нормаларды сақтауы болып табылады. Шартты түрде сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің негізгі бағыттары – білім алуына, кәсіп түрлерін игеруіне, жұмысқа орналасуына, емделуіне және құқықтық кеңестермен қамтамасыз етілуіне көмек көрсету. Себебі – қылмыс жасап, өзін қоғамға қажетсіз сезініп, алдағы өмірінен үміт үзгендер аз емес.

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу мерзімі – пробация қызметі заңды күшіне енген сот үкімін, қаулысын орындауға қабылдаған күннен бастап, олардың тұрғылықты жері бойынша жүзеге асады. Пробациялық бақылау мерзімі шартты түрде сотталған адамды пробация қызметінің есебіне қойған кезден бастап есептеледі. Сотталған азаматты есепке қою кезінде оның тұрғылықты жерін, денсаулық жағдайын, білім деңгейін және еңбекпен қамтылғандығын, сондай-ақ, оған ұсынылатын әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды. Сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек беру, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртібін түсіндіреді. Тіркелуі үшін Пробация қызметіне келу күндерін белгілейді. Сотталған адамға сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібін және мәжбүрлі еңбекті орындау немесе орындамағаны және пробациялық бақылау шарттары мен тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібін түсіндіреді.

Шартты түрде сотталған адам өзіне сот жүктеген міндеттерді орындамаған не тәртіп бұзушылықтарды қайталап жасаған жағдайда, сондай-ақ, пробациялық бақылаудан жасырынса, пробация қызметі сотқа шартты түрде соттаудың күшін жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы, ал кәмелетке толмаған сотты болғанға қатысты пробациялық бақылау мерзімін бір жылдан аспайтын уақытқа ұзарту туралы ұсыныс енгізеді.

Пробация қызметкерлерінің міндеті – бостандығынан айырмайтын жазаға кесілген немесе мерзімінен бұрын шартты жазаға босаған сотталушыны бақылап және тексеріп қана қоймай, оған еркін өмірге бейімделуге, жұмысқа орналасуына, білім алуына көмектесу. Олардың жүріс-тұрысын бақылап қана қоймай, әлеуметтік-құқықтық, заңгерлік, медициналық, психологиялық және тағы да басқа көмектер көрсетіледі. Пробациялық бақылаудан соң қайта сотты болғандар жоқ. Олар өздерін қоғамға қажет екенін түсініп, тура жолмен жүруге тырысады.

Пробацияның төрт түрі бар. Сол себепті сотқа дейінгі, шартты-үкімдік, пенитенциарлық және постпенитенциарлық пробация түрлері кеңінен қолданылады. Оның біріншісі – еліміздегі құрылғалы жатқан институт – балалар омбудсмені. Бұл құрылым жұмыс істей бастаса, ақ пен қараны ажырата алмай, қылмысқа барған жеткіншектердің құқығын қорғау барысында маңызды болмақ. Екіншіден, «Нельсон Манделла ережелері». Мандела ережелері қабылданғаннан кейін түрмелерде соңғы 60 жыл бойы қалыптасып қалған «тәртіптің» 80 пайызы қайта қаралған. Жаңартылған Ереже сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеудің тәсілдерін өзгерткен. Үшіншіден, әйелдер колониясының қызметкерлерін және колонияда жазасын өтеушілер арасында оқу-дәрістер өткізу. Төртіншісі – жасөспірімдерге арналған пробация қызметі. Әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын бұл қызмет шетелдерде бірнеше бағыттан тұратын үлкен жүйеге айналған.

Әрине, пробация қызметінің құрылғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Дегенмен, қоғамнан оқшауламай-ақ, қылмыстық жазаларды барынша кеңінен қолдануға жағдайлар туғызып отыр. Бұл – тура жолдан адасып, жазалы болған азаматтарға деген ізгілікке толы қамқорлық. Олардың түзеліп, қоғамның бір бөлшегіне айналады деген берік сенім бар.
Сотталушының кінәсі қанша жерден ауыр болса да, ол мемлекетіміздің азаматы деген аттан айырылмайды. Пробациялық бақылау – істі болғандардан өш алу мақсатында емес, керісінше оларды тәрбиелеу үшін қолданылатын қызмет.

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 14523 ЗЕЙНЕТКЕР ТҰРАДЫ

Бөлім басшысының келесі назар аударғаны мәселесі аға ұрпақ өкілдері және оларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы болды.

«Түркістан қаласында 14523 зейнеткер тұрады. Оның ішінде;

  • Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедектерінің саны – 3;
  • соғыс ардагерлеріне теңестірілгендердің саны — 382;
  • тыл еңбеккерлерінің саны — 384;

Көп балалы аналардың саны — 13291. Оның ішінде:

  • алтын алқа — 621;
  • күміс алқа — 2324;
  • батыр аналар -75;
  • 1-2 дәрежелі ана даңқы орденімен марапатталған аналар — 106;
  • 18 жасқа дейін 4 және одан көп баласы бар аналардың саны – 10165.

Эльмира Тұңғышбайқызының айтуынша, 8 наурызда (Халықаралық әйелдер күнiне) – 3089 анаға біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем жүргізілген. Ол реті келгенде көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар мен жеңілдіктер жөнінде түсіндіріп өтті.

«Ең әуелі көпбалалы отбасылар мен көпбалалы ананың мәртебесі хақында. Қазақстанда құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ 23 жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасылар көпбалалы отбасылар болып саналады.Алты бала туған және тәрбиелеген көпбалалы аналарға «Күміс алқа» алқасы беріледі, ал жеті не одан көп бала туған және тәрбиелеген көпбалалы аналар «Алтын алқа» алқасымен марапатталды.

Ал көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға келсек, кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар немесе жиырма үш жасқа дейін күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға отбасы табысына қарамастан төмендегі көлемде жәрдемақы тағайындалады:

  • төрт балаға – 16,03 АЕК немесе 46 760 теңге;
  • бес балаға – 20,04 АЕК немесе 58 457 теңге;
  • алты балаға – 24,05 АЕК немесе 70 154 теңге;
  • жеті балаға – 28,06 АЕК немесе 81 852 теңге;
  • сегіз және одан көп балаға – 28,06 АЕК немесе 81 852 теңге қосымша 4 АЕК бойынша жеті баладан кейінгі әрбір үшін.

Онлайн-қызмет арқылы осы жәрдемақыны тағайындауға өтінім беруге болады.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен және басқа да ордендермен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға   ай сайын 6,4 АЕК мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

Аталған жәрдемақыны алу үшін келесі құжаттармен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға жүгіну қажет. 

  • Өтініш;
  • Жеке басты куәландыратын құжат – сәйкестендіру үшін;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналардың марапаттарын растайтын немесе осы атақтарды алғанын растайтын құжат;
  • Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімініңанықтамасы.

Қызмет көрсету мерзімі – 7 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қажет болған жағдайда қажеттілігіне қарай іс материалдары ресімделгенге дейін 30 күн мерзімге ұзартылады, бұл ретте егер құжаттар ресімделіп болса мемлекеттік көрсетілетін қызмет Мемлекеттік корпорацияға қосымша құжаттарды ұсынған күннен бастап 7 жұмыс күнінде көрсетіледі.

Көпбалалы отбасыларға арналған басқа да жеңілдіктерді де айтып өтейін. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар тұрғын үйді мемлекеттік тұрғын үй қорынан алуға немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйді алуға бірінші кезекте құқылы.      

Сондай-ақ, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар төменде көрсетілген:

  • көлік құралдары бойынша салық ((«Батыр ана» атағына ие болған немесе «Алтын алқа» не «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар бір автокөлік құралы бойынша);
  • тұрғын үй қоры иеленген жер учаскелері, оның ішінде ондағы құрылыстар мен ғимараттар бойынша салық («Батыр ана» атағына ие болған немесе «Алтын алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар);
  • үй жанындағы жер учаскелері бойынша салық;
  • жеке тұлғалардың мүлкі бойынша салық («Батыр ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көпбалалы аналар 1000-еселік мөлшердегі АЕК шегінде);
  • нотариалдық әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баж салығы («Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар — барлық нотариаттық әрекеттер бойынша);
  • зияткерлік меншік саласында уәкілетті мемлекеттік орган заңды маңызы бар әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баж салығы сияқты бірқатар салықтар мен мемлекеттік баж төлеуден босатылған («Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар).

Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3-тармағына сәйкес 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар» — деді Түркістан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

Бұдан бөлек Түркістан қаласы деңгейінде ардагерлерді сауықтыру мақсатында жолдамамен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда:

2022 жылға облыстық бюджеттен зейнеткерге 500 жолдама бөлініп («Ардагерлер» үйіне — 260, «Мейір» ардагерлер үйіне — 240 жолдама), ағымдағы жылы «Мейір» ардагерлер үйіне — 192, «Ардагерлер»  үйіне 208 жолдамамен қамтамасыз етілді.

 — 4 ардагер  басылымға тегін жаздырылды.

15 ақпан Ауған әскерлерінің шығарылуына 141 ауған соғыс ардагеріне 35 АЕК – 15115,9 мың теңге;

8 наурыз халықаралық әйелдер күніне 3089 көп балалы аналарға 2 АЕК — 18923,2 мың теңге;

7 мамыр отан қорғаушылар күніне 381 ҰОСА теңестірілгендерге 25 АЕК — 30289,5 мың теңге;

9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне 4 ҰОС ардагеріне 1000,0 мың теңге — 4000,0 мың теңге;

419 тыл ардагеріне 30,0 мың теңге -12570,0мың теңге;

17 қайтыс болған ҰОСМ әйелдеріне 30,0 мың теңге, жалғызлікті 32 қартқа 1 АЕК — 510,0мың теңге;

Иммун тапшылығымен ауыратын 8 балаға екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейі -3479,6 мың теңге;

Туберкулез ауруымен ауыратын 52 адамға 5 АЕК — 5623,8 мың теңге көлемінде мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді» — дейді Эльмира Бейсенова.

2022 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІГІ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ» ОРТАЛЫҒЫН ҰСТАУ МЕН ОЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ҚАРАСТЫРУ БОЙЫНША 200 011, 32 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛДІ

Түркістан қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы бұдан кейін Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысы туралы ақпаратпен қанықтырды. Оның айтуынша, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.02.2021 жылғы «Аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №47 бұйрығына сәйкес өңірлерде «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарын ашу тапсырылған. Мұндағы басты ниет ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, оның ішінде жүйелі бос уақытты ұйымдастыру, оларды қоғамның белсенді өміріне тарту мемлекетіміздің саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.

«Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының мақсаты — зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай жасау. Өзіне-өзі қызмет ету және белсенді қимыл-қозғалыс қабілетін сақтаған қарт адамдарға әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-білім беру, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-тұрмыстық және бос уақытты пайдалы өткізудің кешенін ұсыну, олардың белсенді өмір сүру салтын сақтау және дамыту.

Осыған орай, Түркістан қаласы әкімдігінің «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» мемлекеттік меншігіндегі Түркістан қаласындағы, О.Мұсабекова  көшесі, №2А үйде орналасқан ғимараты (ғимараттың ауданы 863,5 шаршы метр) белгіленді. 2021 жылы 13 желтоқсан күні №2224 Түркістан қаласының әкімдігі қаулы шығарған.

«2022 жылы Түркістан қалалық әкімдігі жергілікті бюджеттен «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығын ұстау мен олардың жұмыс істеуін қаржыландыруды қарастыру бойынша 200 011, 32 млн. теңге (Осы айда 30 млн. теңге қарастырылып берілді) бөлінді. 33 штаттық бірлік құрылды. Анықтама үшін айта кетейін, оның 4688,0 млн. теңгесі мекемеге қажетті дәрі-дәрмек пен өзге де қорларды сатып алуға, 9471,0 млн. теңге коммуналдық төлемдер мен негізгі құралдарды сатып алуға, 300,0 мың теңге іссапар шығындарына, 125 000,0 дизайнерлік безендіру мен оқу курстарына, 10 000,0 млн. теңге көлік құралдарын сатып алуға және 50552,0 млн. теңге айлық жалақыға қарастырылған» — дейді бөлім басшысы.

Эльмира Тұңғышбайқызының мәлімдеуінше, бүгінгі таңда Түркістан қаласында 14 915 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Орталықта күнделікті  60-70 зейнеткер тиісті қызметтерін алып, бір айда 160 адам қызметтермен қамтылады. Жыл басынан жоспар бойынша 360 адамға қызмет көрсету жоспарланып, 300 адамға қызмет көрсетілуде немесе тиісті көрсеткіш 83,3%-ды құрады.  Орталықта 7 бағыт бойынша қызметтер ұйымдастырылады (әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-ағартушылық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-демалыс).

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Көрсетілетін қызметтің 7 бағыты  бойынша осы кезге дейін  2581 қызмет  көрсетілді.

Естеріңізге сала кетсек, 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов 2021 жылғы ақпанда бекіткен болатын. Ол егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын арттыру, халықтың салауатты өмір сүру ұзақтығын арттыру, қарт адамдардың әлеуметтік және психологиялық әл-ауқатын жақсарту, егде жастағы адамдардың қоғам өмірінің әртүрлі салаларына, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысу мүмкіндіктерін кеңейту үшін іс-шараларды көздейді. Осы жоспарды іске асыру үшін үлкен жастағы адамдардың жағдайын жақсарту мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды. Қазақстанда 65 жастан асқан шамамен 1,5 миллион адам немесе бүкіл халықтың 7,8%  тұрады. Бұл көрсеткіш соңғы 6 жылда 1% өсті (2015 жылы 6,8%).

Мұндай орталықтардың ашылуы Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау министрлігі әзірлеген «Белсенді ұзақ өмір» Ұлттық жоспарында көзделген. Қазіргі уақытта құжат жобасы орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер деңгейінде, сондай-ақ онлайн режімде «Ашық НҚА» порталында тал­қы­ла­нуда, онда әрбір тілек білдіруші өз ұсыныстарын бере алады.

Белсенді ұзақ өмір орталығы – ересек адамдар ағылшын тілін үй­реніп, компьютерлік сауат­ты­лық курстарынан өтіп, емдік дене шынықтырумен, бимен және т.б. айналыса алатын бос уақы­тын өткізу мекемесі. Нәтижесінде, егде жастағы қазақстандықтар қоғам­ға белсенді түрде араласып, олар­дың психоэмоционалдық жағдайы жақсаруда.

Алматы қаласы «Белсенді ұзақ өмір» орталығы іске қосылған Қазақстандағы алғашқы өңір бол­ды. Ол 2018 жылы маусым айында ашылды. Орталық 75 адамға есептелген, бірақ сұ­ранысқа байланысты күн сайын оған 350-ге жуық адам қатысты. 2019 жылдың со­ңына қарай қаланың барлық ауданда­рында дәл сондай 7 мекеме іске қосылды. Бағдарлама Дүние­жү­зі­лік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген қартаю проблемалары жөніндегі Мадрид халықаралық іс-қимыл жоспарының тұжырым­да­масын ескере отырып әзір­лен­ді. Қартаю мәселелері жөнін­дегі са­рапшылар бүкіл ел бойынша бел­сенді ұзақ өмір орта­лық­та­ры­­ның көп болуын барынша қа­жет­­ті және уақтылы шара деп атай­ды.

«Біздің ұйымымыздың бас­ты міндеттерінің бірі – аға буын­ның саламатты өмір салтын қол­дау болып табылады. Барлық өңір­лерде Белсенді ұзақ өмір орта­лық­тарының ашылғанына өте қуаныштымын. Өйткені БҰҰ есептеулері бойынша 50 жылдан кейін планетаның әрбір алтыншы тұрғыны егде жастағы адам болады. Сондықтан қазірден бас­тап қарт адамдарға сапалы, әр түрлі және белсенді өмір сүруді қам­тамасыз ету бойынша жұ­мыс­ты бастау аса маңызды», — деді Эльмира Тұңғышбайқызы.

Айта кету керек, соңғы 5 жылда 65 жастан асқан адамдардың үлесі 2 есеге артты. Нәтижесінде, ха­лықаралық стандарттарға сәй­кес, Қазақстан 2017 жылы халқы есей­ген елдер тобына кірді.

2021 жылы Қазақстанның түрлі өңірлерінде жұмыс істейтін 30 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қарт азаматтарға 40 мыңнан астам түрлі қызмет көрсетіліпті. Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары «Бір терезе» қағидаты бойынша үш бағыт бойынша жұмыс істейді: белсенді ұзақ өмір сүру, денсаулық мәдениеті және жұртшылықпен байланыс. Орталықтардың қызметі қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған: өнімді және белсенді ұзақ өмір сүруге пассивті өмір сүру менталдылығын өзгерту, оның ішінде жүйелі бос уақытты ұйымдастыру (йога, скандинавиялық жүріс, IT-сауаттылығын арттыру, мотивациялық және кәсіпкерлік курстар, ағылшын тілі курстары және т.б.).

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, 2021 жылы белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары бойынша жобаларды іске асыруға 738 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды, 30 орталыққа 385 қызметкер жұмылдырылды, 40 мыңнан астам түрлі қызмет көрсетілді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта республика бойынша еліміздің барлық өңірлерінде белсенді ұзақ өмір сүрудің 50-ден астам орталығы жұмыс істейді. Олар коммуналдық мемлекеттік мекемелер ретінде де, үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру есебінен де ашылып жатыр.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, бүгінгі күні орталықта қызметкерлердің жалпы саны 490 адамнан асады, 2022 жылы жергілікті бюджеттерден Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының жобаларын іске асыруға 1,6 миллиард теңге бөлінді.

Бұл ретте мемлекет аға буын өкілдерін әлеуметтік қорғау, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды дәйекті түрде қабылдап отырғандығын да атап өткен жөн. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес базалық зейнетақы мөлшері жыл сайын инфляция деңгейіне, ал ынтымақты зейнетақы мөлшері инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып индекстеледі. Мұндай ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратты. Мәселен, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы мөлшері 5%-ға, ынтымақты зейнетақы 7%-ға ұлғайды. 2022 жылғы 1 сәуірден бастап зейнетақы мөлшері қосымша 4% индекстелген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда зейнетақылардың 9-11%-ға өсуін қамтамасыз етті.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақымен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар шараларды атап өтті. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% – ынан 70%-на дейін, ал ең жоғары мөлшері 100%-ынан 120%-на дейін кезең-кезеңімен арттырылатын болады.

Бұдан басқа 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін қабылданатын ең жоғары табыстың шамасын 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру жоспарлануда. Ұсынылып отырған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қарт адамдарды қолдау, олардың әлеуметтік қызмет көрсету деңгейін арттыру, қоғамдық өмірге тарту бойынша шараларды іске асыруда.

Республикада 51 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылып, белсенді жұмыс істеуде. Орталықтардың жұмыс істеуіне жергілікті бюджеттерден бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 2022 жылы 2,4 миллиард теңгеден асты.

13 желтоқсан 2021 жылы Түркістан  қаласы әкімдігінің №2224 қаулысымен мүмкіндігі шектеулі және зейнет  жасындағы азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсететін орталығы құрылды. Оның құрамында «TEN QOGAM» бөлімшесі жеке тәсілді енгізу және  қызмет бенефициарлармен кері байланысты қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған мүгедектігі бар адамдардың лайықты еңбекке, жұмыспен қамтуға және экономикалық тәуелсіздік құқығын асыруға кешенді қызмет көрсетеді.

Түркістан қаласындағы, О.Мұсабекова  көшесі, № 2Аүйде орналасқан ғимараты (ғимараттың ауданы — 454,7 шаршы метр) белгіленді.

«2022 жылы Түркістан қалалық  жергілікті бюджеттен «TEN QOGAM» орталығын ұстау мен олардың жұмыс істеуін қаржыландыруды қарастыру бойынша 22 957,2 млн. теңге бөлінді.10 штаттық бірлік құрылды. Анықтама үшін айтайын, 250,0 мың теңге іссапар шығындары, 6 400,0 млн. теңге оқу курстарына, 16 307,2 млн. теңге айлық жалақыға қарастырылған» — дейді бөлім басшысы.

Жыл басынан жоспар бойынша 300 адамға қызмет көрсету жоспарланып, 200 адамға қызмет көрсетіліп келеді немесе көрсеткіш 66,7%-ды құрады.  Көрсету мүмкіндігі бар 7 бағыт (әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-ағартушылық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-демалыс) бойынша 801  қызмет  көрсетіліп келеді.

Қызмет көрсету бойынша жеті бағытта: қызмет көрсетіліп, 9 іс-шара өткізіліп, жұмысқа орналасқан 10 адам, Бизнес тренинг бойынша 49 адам курс оқып, оның нәтижесінде 11  адам грант  ұтып алыпты.

Дайындаған: Тұтқабай ЕСЕНБАЙҰЛЫ.

              

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.