Түркістан: Өңірдің дәрігерлері біліктілігі мен білімін арттыра отырып, аймақтың медицина саласын дамыта түсетін болды

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы мен «Universal Medical Center» корпоративтік қорының басшылары екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.


Бұл туралы  Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Аталған құжатқа сәйкес өңірдің дәрігерлері біліктілігі мен білімін арттыра отырып, аймақтың медицина саласын дамыта түсетін болды.

Келісімшарт негізінде түркістандық дәрігерлердің елордалық ақ халаттылармен өзара тәжірибе алмасып, тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалмақ. Алдағы күндері «Ұлттық ғылыми ана мен бала денсаулығы» орталығының мамандары облыс орталығына арнайы келіп, жергілікті ақ халаттылармен халыққа қызмет көрсет көрсету жұмысын қолға алуды жоспарлап отыр.

Онда ана мен баланың денсаулығы тексеруден өткізіліп, тиісті ем-дом шаралары жүргізіледі деп күтілуде.

Айта кетейік, Түркістан облысында жыл сайын 65 мыңға жуық сәби дүниеге есігін ашады. Өңір табиғи өсім бойынша республикада көш бастап тұр. Жыл басынан бері 25 мыңнан астам бүлдіршін дүние келген.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.