Түркістан: Ұлт денсаулығы жөніндегі өңірлік кеңестің алғашқы отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Ұлт денсаулығы жөніндегі қоғамдық кеңестің онлайн режиміндегі отырысы өтті.


Онлайн жиынды Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары, партия филиалы жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің төрайымы Жантөреева Қалыйма Жантөреқызы төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Ол алдымен кеңес мүшелерін таныстырып, осы бағыттағы жұмыстарға алдағы уақытта үлкен міндеттер жүктелгенін жеткізді.

Күн тәртібінде 3 өзекті мәселе қаралды:

1.»Nur Otan» партиясы Түркістан облысы бойынша 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасының денсаулық сақтауды дамыту саласындағы негізгі басым бағыттарын қарау;

2.Қоғамдық кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау және бекіту;

3.Санитарлық-эпидемиялық қызметті күшейтуге, онлайн-медицинаны дамытуға, диагностика және емдеу тәжірибесіне жаңа жоғары технологиялық әдістерді енгізу туралы;

Күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселелер бойынша Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы орынбасарының м.а М.Боташева баяндама жасады. Бірінші мәселеге байланысты жол картасына сәйкес медициналық көмектің сапасын жақсарту жөніндегі негізгі бағыттарға тоқталып, орындалған және жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті.

Екінші мәселе бойынша Қоғамдық кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары дауыс беру арқылы бірауыздан бекітілді.

Үшінгі мәселеге байланысты М.Боташева қайта баяндама жасады. «Түркістан облысында санитарлық-эпидемиялық эқызметі үздіксіз жүргізілуде.Облыс бойынша 1200 инфекциялық, 300 карантиндік және 188 реанимациялық төсек-орын ұйымдастырылған. ПТР зертханалар саны —14. Оның ішінде мемлекеттік ПТР зертханаларының саны 10 бірлік. Короновирустық инфекцияның әр түрлі сценариіне байланысты инфекциялық төсек-орын санын 5610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Өңірге ақпан айынан бастап жалпы 206 100 доза вакцина жеткізілді. Бүгінгі күнге дейін 188 381 адам I компонентпен вакцина қабылдаса, қалдық — 17 719 доза»-деді баяндамашы.

Отырыс барысында кеңес мүшелері Ғ.Бимурзаев, М.Сәдуов пен Р.Ибадуллаева өз ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ, кеңес мүшелері арыз-шағымдар бойынша көшпелі қоғамдық кеңестер өткізуді жоспарлады.

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасына партияның сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасының аясында салынып жатқан медициналық нысандарының тізбесі он күн мерзімінде ұсынылсын деген тапсырма берілді.

Жиын соңында адам денсаулығы ең басты байлық болғандықтан, ағзаға зиянды әрекеттерден аулақ болуға шақыру, аурулардың алдын алу, жалпы қоғам болып күресу және халыққа кеңінен насихаттау жайы сөз болды. Қ.Жантөреева кеңес мүшелеріне жол картасының уақытылы жүзеге асырылуын бақылап, кеңестің жұмысын жандандыру жөнінде пікірін білдіріп, жиынды қортындылады.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.