Түркістан: Әлеуметтік нысандарды мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қолайлығы үшін бейімдеу жұмысы тұрақты түрде жалғасады

Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында семинар-тренинг өткізілді.


Тренингті «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Инклюзивті сарапшылар қауымдастығы – қалаға құқық» республикалық мүгедектер қоғамдық бірлестігі» мен аталған басқарма ұйымдастырды. Оған «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы қолдау көрсетті.

Жиынға Түркістан облысындағы аудандық және қалалық жұмыспен қамтуға жауапты бөлімдер мен орталықтардың қызметкерлері қатысты. Тренингтің алғашқы бөлімінде Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Гүлбахира Тәжібаева «БҰҰ-ның мүгедектер құқықтары туралы Конвенциясы – әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімдігі мен ондағы көрсетілетін қызметтердің қолжетімдігін қамтамасыз ету» тақырыбында мағлұмат берді. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайында көрсетілетін қызмет пен объектілердің қолжетімдігін қамтамасыз етудің өзектілігі» тақырыбында да баяндама жасады.

«Елімізде жетекші партияның «Кедергісіз келешек» жобасы арқылы әлеуметтік нысандарға тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп тұрады. Жалпы мемлекеттік және әлеуметтік нысандарды барша адамға қолжетімді етіп салу жөнінде арнайы ереже бекітіліп, тиісті шешімдер қабылданған. Өкінішке қарай, сол талаптар орындалмай жатады. Кеңес заманында салынған нысандарды былай қойғанда соңғы жылдары салынған кейбір жаңа ғимараттардың пандустары мен бөлмелерінің өзі талапқа сай емес. Бұл – мүгедек арбасымен жүретін отандастарымыздың құқығын бұзу. Мәселен Түркістан қаласына жұрт келгісі келеді. Бірақ мүмкіндігі шектеулі жандарға толық жағдай жасалған қонақ үй, демалыс орны, дәмханалар, нысандар аз. Демек нысандарды талапқа сай бейімдеу жұмысы тұрақты түрде жалғасады. Бұл ретте әлеуметтік салаға жауапты басшылар мен қызметкерлер ғимараттарға қойылатын талаптарды білуілері тиіс. Бүгінгідей тренингтер арқылы біз мамандарға ғимараттың пандусынан бастап, дәлізі, ішкі бөлмелерінде қандай талаптар сақталуы тиіс екенін түсіндіреміз. Ол азаматтар аудан, қалалардағы нысандарға мониторинг жасап, құрылысқа жауапты басшыларға немесе мердігерге тиісті ұсыныс береді», – дейді Г.Тәжібаева.

Тренингтің екінші бөлімінде «Инклюзивті сарапшылар қауымдастығы – қалаға құқық» республикалық мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы,

«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, Бас жобалау институтының инженер- жобалаушысы Ерлан Абдиев баяндама жасады. Ол әр түрлі санаттағы мүгедектермен этикалық қарым-қатынас ережелерінің нұсқаулығын түсіндірді. Зағип, мүгедек арбасындағы адамдармен сөйлесу, оларға көмек көрсету әдебі жөнінде баяндап берді.

Тренингке қатысушылар Түркістан облысы әкімдігі мен басқармалар үйі ғимараттарына мониторинг жасады. Жиын соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

11 Comments

  1. An impressive share! I’ve just forwarded this onto a colleague who had been conducting
    a little research on this. And he in fact bought me breakfast because I found it for him…
    lol. So let me reword this…. Thanks for the meal!! But yeah, thanx for spending time to talk about
    this topic here on your site.

  2. excellent points altogether, you simply received a
    emblem new reader. What would you recommend about your submit that you just made some
    days ago? Any positive?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.