Түркістан әуежайынан 47 мыңға жуық жолаушы тасымалданды

Түркістан қаласының әуежайынан алғашқы тұрақты рейс іске қосылған сәттен бастап (2020 жылғы 1 желтоқсан) 160-тан астам рейс орындалып, 47 мыңға жуық жолаушы тасымалданды.


Рейстердің орташа коммерциялық жүктемесі 83%-ды құрады.

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, бүгінгі таңда Түркістан әуежайынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау және Ыстанбұлға рейстер орындалуда. Осы жылдың 2-ші жартыжылдығынан бастап Түркістанды аптасына 50 рейс жиілігімен 10 облыс орталығымен (Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Өскемен) қосу жоспарлануда.

Түркістан қаласының әуежайы шетелдік әуе компаниялардың ұшуы үшін «ашық аспан» режиміне енгізілген, бұл оны ұшу географиясын кеңейту үшін тартымды етеді және шетелдік туристер ағынын тартуға ықпал етеді. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 31 мамырынан бастап «Fly Arystan» әуе компаниясы Түркістаннан Бішкекке (Қырғызстан) жаңа рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Ташкентке (Өзбекстан) рейстің ашылуы қарастырылуда. Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компания сайтында жарияланған кестеге сәйкес ұшырылады.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Hi there! Do you know if they make any plugins to assist
    with SEO? I’m trying to get my site to rank for some
    targeted keywords but I’m not seeing very good gains. If
    you know of any please share. Thanks! You can read similar text here: AA List

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.