Төлеби: Алатауда модульдік полиция бекеті жұмыс істейді

Төлеби ауданы Алатау ауылдық округі Қосағаш елді мекенінде модульдік полиция участігі пайдалануға берілді.


Құрылыс жұмыстарын мердігер «Шымкент механикалық заводы» ЖШС жүргізіп, оған 7 млн 800 мың теңге қаржы бөлінді.

Алатау ауылдық округінің №147 учаскелік полиция пункті 4 бөлмеден тұрады, онда округ аумағында еңбек ететін полиция қызметкерлері тұрғындарды жеке арыз-шағымдары бойынша қабылдайды.

Модульдік бекет барлық коммуналдық жайлылықтармен (желдеткіш, су құбыры, кәріз, жылу), коммуникация (компьютер, телефон, радиостанция) және қауіпсіздік (бейнебақылау, «шақыру домофоны» жүйесі) жүйелерімен жарақтандырылған. Ауыл тұрғыны Аманов Қанатбек Жантайұлы полиция учаскесі ғимаратының округ аумағына кіре беріс жол бойына орналасқандығына қуанышын жасырмады.

— Бұрынғы кезде учаскелік полиция қызметкерлері шағын ғана тозығы жеткен ғимаратта отыратын. Ол жерде тәртіп сақшыларына ешқандай жағдай жасалмаған болатын. Ауыл әкімі Мақсат Жұмабаевтың бастамасымен заманауи ғимарат біздің ауылға да жетті. Осындай бекеттерде полиция қызметкерлері тәулік бойы қызмет көрсетеді. Күндізгі уақытта сағат күзет орнында 9.00-ден 23.00-ге дейін учаскелік полиция инспекторы болады және азаматтардың өтініштері мен арыздарын қабылдайды. Күзет орындары мен іргелес аумақтарда құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қорғау үшін патрульдік қызметтің кезекшілігі ұйымдастырылып, ел тыныштығын күзетуде, деді округ тұрғыны. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.