Төлеби: Психологтар бала денсаулығына алаңдаулы

 Отбасындағы зорлық-зомбылық – күнделікті өмірде ең көп тараған және ауыр жағдайлардың бірі. Осы орайда Төлеби аудандық ауруханасының психо-профилактикалық бөлімінің мамандары балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында, аудан көлеміндегі мекемелермен бірлескен жоспарға сәйкес, «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ » акциясы аясында «Бақытты балалық шақ » атты кездесулер ұйымдастыруда. Тұрмыстық зорлық-зомбылық отбасылық тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға қатысты дене және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қауіпі бар құқыққа қарсы қасахана әрекеті, көбінесе әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болып табылады. Балалар бұл тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында ең осал әлеуметтік-демографиялық топ.

Бұл балалар мен агрессорлардың арасындағы биліктің тең емес қарым-қатынасы. Үлкен балалармен салыстырғанда жас балалар тікелей агрессия кезде ересектердің мінез-құлқындағы өзгерістер туралы дұрыс айта алмайды.

Отбасыдағы орын алып жатқан зорлық-зомбылықтың кез-келген түрі ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген, ата-аналардың балаларға деген,балалардың ата-анасына деген зорлық-зомбылығы. Агрессия, ұрып-соғу, қорлау, жыныстық қатынасқа мәжбурлеу, қорқыту, бопсалау — бұның барлығы шыдауға келмейтін зорлық-зомбылық! Ең бастысы зорлық-зомбылық өмір және денсаулық үшін өте қауіпті психологиялық ауытқу болып табылады.

Өзіңді және балаларыңды зорлық-зомбылықтан қорғау ол басты біздің мақсатымыз!

Айта кетейкі, ресми статистикалық деректер үйдегі зорлық-зомбылықтың нақты ауқымын бағалауға мүмкіндік бермейді. Бұған үйде зорлық көрген жанның құқық қорғау органдарына жүгінбейтіні себеп. Соған қарамастан, елде тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасы қашан да өзекті. Психолог пікірінше, физикалық тұрғыдан алған жаза баланың психикасын бұзып немесе оны тәрбиелеуде одан да көп проблемалар тудыруы мүмкін. Бала: «Ата-анам мені мектепте екі алғаным үшін ұрады, демек мен оларды алдай салғаным жақсы» деген ойда болады.

«Мені бәрібір бұл үшін жазаланамын. Сондықтан ештеңе жоғалтпаймын деп одан сайын ақымақ әрекеттерге барады. Айтпақшы, балалық шақтағы физикалық зорлық-зомбылық біздің психикамызға әртүрлі әсер етеді. Кейбір адамдар баласын тәрбиелеудің ұқсас моделін жасайды. Бұл тағы бір үлкен мәселе. «Мені ұрды, мұнда тұрған қорқынышты ештеңе жоқ» стиліндегі дәлел жұмыс істемейді. Егер сіз әлсіз адамға физикалық зорлық-зомбылық жасасаңыз, онда күш тұрғысынан тәрбиелеу сіздің мінезіңізге де әсер етті. Бұл мәселені психологпен шешу керек», – деп қорытындылады психологтар.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.