Төлеби ауданында I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша фракция отырысы өтті

Түркістан облысы, Төлеби ауданында I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша фракция отырысы өтті.


Фракция мәжілісінің күн тәртібіне сәйкес, Төлеби аудандық мәслихатындағы

«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының 2021 жылдың 6 айында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Фракция жетекшісі Қ.Қансейтов, атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.

Жыл басынан бері, депутаттық фракцияның 4 отырысы өтіп, онда түрлі мәселелер қаралды. «Nur Otan» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Н.Клушев және Аграрлық секторды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Айдос Қанатұлының есебі тыңдалып тиісті тапсырмалар берілді.

Өңірдегі өзекті мәселелер бойынша, бүгінгі таңда 7 депутаттық сауал жолданып, облыстық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда.

Депутаттық фракция мүшелеріне, партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыруды насихаттау мақсатында әлеуметтік желілерде ай сайын «Депутатқа сұрақ» айдары атты тікелей эфирлер, канвассинг кездесулер өткізу, сайлауалды бағдарлама аясында жасалған жол картасының орындалу барысын қадағалау сынды тапсырмалар берілді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 230 Comments