Төлеби ауданы: Жолдар жөнделіп, асфальт төселуде

Түркістан облысы Төлеби ауданында жолдар жөнделіп, асфальт төселуде. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Биылғы жылы Төлеби ауданында біршама ауылдық округтерде жолдар орта жөндеуден өтуде. Аудан әкімі Төлеген Телғараев аудан аумағындағы жолдардың сапасымен танысып, мердігер компания өкілдерімен кездесіп, жұмыс барысын бақылады.

Төлеген Тұртайұлы Аққұм ауылдық округіндегі Бұлақты және Әулиетас көшелерін асфальттау барысына назар аударды.

Бүгінгі күні Момынай елді мекеніндегі 1.200 шақырымды құрайтын Бұлақты көшесін орта жөндеуден «Бірлік» ЖШС өткізуде. Ал, Жаңаұйым елді мекеніндегі Әулиетас көшесінің 1.500 шақырымын «АНК-Даму» ЖШС асфальттаған.

Алатау ауылдық округі Біркөлік елді мекеніндегі Қазақстан көшесінің 1.150 шақырымына, Қайнар елді мекенінің Самал көшесінің 1.190 шақырымына, Д.Қонаев көшесінің 1.090 шақырымына асфальт төселуде. Жолдардың құрылысы Қоғалы ауылдық округіндегі Диханкөл елді мекенінің Теріскей көшесінің 1,420 шақырымында, Тасарық ауылдық округінің Оңтүстік елді мекені Нұрлы көшесінің 1.350 шақырымында жүргізілді.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.