Төлеби аудан әкімдігінің мәжілісі өтіп, жиынды аудан әкімі Төлеген Телғараев жүргізіп отырды.
Басқосуға аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім және мекеме басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021 жылғы ІІ тоқсан қорытындысы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансур Ашрапов баяндама жасады. Аудан көлемінде өнеркәсіп саласы биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында 22 млрд 038 млн теңгенінің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 101,9 пайызды құрады. Оның ішінде қайта өңдеу саласында 20 млрд 600.3 млн теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 101,5 пайызды құрады. Қайта өңдеу саласының өнеркәсіптегі үлесі 85,7 пайыз.
Кәсіпкерлік саласы негізінде қарапайым заттар экономикасы шеңберінде 26 жоба жоспарланса, нақты 16 жоба іске асқан. 2021 жылдың 6 айында 7 млрд 951 млн теңге инвестициялар тартылып, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 124,5 пайызды құрады. Ауылшаруашылық саласының өнім көлемі биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында 14 млрд 218 млн теңгені құрады. Нақты көлем индексі 104,1 пайыз. Мал шаруашылығы саласында біршама өзгерістер бар. Биылғы жылы 13 млрд 852 млн теңгенің өнімі өндірілді. Сондай-ақ, ауданда құрылыс жұмыстарының көлемі артып отыр.
Жиын барысында рейтинг көрсеткішінің ІІ тоқсан қорытындысы талқыланып, ауылдық округ әкімдері біршама салалар бойынша жауап берді.
Құрылыс және сәулет саласында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы жөнінде аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ерхасен Тілеубердиев хабарлады. Ленгір қаласы І мөлтек ауданында 9 дана 20 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге 3 мердігер мекеме тартылған.
Аудандағы біршама елді мекендердегі жаңа массивтерге инженерлік-коммуникация тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, Көксәйек, Зертас, Қаратөбе, Бірінші Мамыр, Қайнар елді мекенінде және Ленгір қаласы І мөлтек ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлерге ауыз су, электр жүйелері тартылуда.
Ленгір қаласы І мөлтек ауданы аумағынан 9 дана 60 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп, сараптамадан өткізу жұмыстарын «Сар Төбе» ЖШС –гі демеушілік ретінде жобалау жұмыстарын атқаруда. Бұған қоса, «Алатау» мөлтек ауданындағы 3 класты 11 дана көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп, сараптамадан өткізу жұмыстарын «GIVIL INDUSTRIAL PROJECT GROUP» ЖШС-і демеушілік ретінде жобалау жұмыстарын атқаруда. Ленгір қаласы Базарная және Қ.Дүйсемұратұлы көшелеріндегі 40 және 30 пәтерлі 10 дана тұрғын үйлердің құрылысына жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін бюджеттен қаржы қаралды.
Жиын барысында әкімдік мүшелері баяндамашыларға сұрақтар қойып, көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар талқыға алынды. Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы басқосуды қорытындылап, қаулы жобасына мәселені талқылау барысында айтылған ұсыныстар мен толықтырулар енгізіле отырып, толығымен қабылданды.
«ANYQ.KZ» — ақпарат