Цифрлық даму министрлігі сағат белдеуінің өзгеріне қатысты ұсыныстарды жариялады

2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан басқа барлық аймақтар бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді.
Көптеген пайдаланушылар ұялы телефондар мен құрылғылардың ақпараттық жүйелерінен Қазақстанның бірыңғай уақыт белдеуіне (UTC+5) көшу туралы хабарламаларды ала бастады. Цифрлық даму министрлігі қазақстандықтарға оларды жаңарту және жаңа уақыт белдеуіне уақтылы көшу бойынша әмбебап нұсқаулықтарды ұсынады. Бұл хабарламаларды алмаған азаматтар олардың жоқтығына алаңдамауы керек. Құрылғының бағдарламалық жасақтамасын соңғы нұсқаға дейін жаңарту қажет.
Құрылғыда автоматты жаңарту қосулы болса, уақытты автоматты анықтау параметрлерде қосылған және интернетке қосулы болған жағдайда, уақыт автоматты түрде өзгереді, егер болмаса, оны қолмен өзгерту керек.
 
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin