ШЫМКЕНТКЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 11 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТ КЕЛДІ

e-Qonaq желісіндегі сараптамалық көрсеткіш бойынша үшінші мегаполиске 3 ай ішінде шетелден 10 837 қонақ келген. Олардың көбі Өзбекстан, Ресей, Қытайдан келген туристер.Ағымдағы жылға бекітілген жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін жалпы келген туристер санын 450 мың адамнан асыру жоспарлануда. Қазіргі таңда 2023 жылдың 12 айлық статситикалық есептік көрсеткіш бойынша қала аумағына 420 398 турист келген.

Шетелдіктердің басым бөлігі «Shym Qala» тарихи-мәдени орталығы мен «Арбат» демалыс алаңына қызығушылық танытып отыр. Статистикаға көз жүгіртсек, сұранысқа ие туристік орталықтар қатарында қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі, тарихи-өлкетану мұражайы мен “Бәйдібек би” монументі бар.

Кез келген қала қонағы мегаполистің демалыс орындары туралы «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының дүңгіршектері арқылы біле алады. Жыл басынан бері орталық 100-ге жуық азаматқа қызмет көрсеткен.

Дүңгіршектер Әл-Фараби алаңы, 2/10 және Бакбаев көшесі, 51в мекен-жайында орналасқан.

Айта кетейік, туризм басқармасы тарапынан қала туризмін дамытуға үлес қосқан бизнес иелері үшін ынталандыру шаралары қарастырылған. Басқарма туристік қызмет объектілерін салу және реконструкциялау кезіндегі шығындардың 10%-ын өтеп, туристік автобустарды сатып алу бойынша 25% өтемақы береді. Сонымен қатар, жол бойындағы сервис объектілерін салу кезінде 10% өтемақы қарастырылған және кәсіпкерлік субъектілерінде санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға ай сайын 83 300 теңге мөлшерінде субсидия бөлінеді.

Бүгінде қала аумағында 144 орналастыру орны, 25 әлеуметтік және мәдени нысан, 23 демалыс орны, 72 спорт орталықтары, 10 саябақ, 7 республикалық сакралды нысан, 3 326 тамақтану орындары, 150-ден астам туристік нысандар орналасқан.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin