ШЫМКЕНТТЕГІ МЕТАЛЛУРГТЕР СТАДИОНЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУДА

Шымкенттегі металлургтер стадионы қайта жаңаруда. Өткен ғасырдың 50-ші жылдары салынған спорттық нысан осы кезге дейін жөндеу көрмеген, қазір қайта жаңғыруда.

Құрылыс барысын шаһар басшысы М.Әйтенов арнайы барып, жұмыстардың орындалу барысын тексерді.

Жоба бойынша мұнда әкімшілік-тұрмыстық корпус (АБК), спорт залдар, асхана, командалық ойындарға арналған спортзалдар, 62 орынға арналған спортшылар үйі, 1504 орынға арналған трибуна, командалық киім ауыстыру бөлмесі, спорттық тренажерлер алаңшасы, ойындар алаңшасы, кешенде қолданылатын спорттық табло, сумен жабдықтау сорғысы, кәріз сорғы бекеті салынуда. 112 орындық автотұрақ қарастырылған. Нысанда 72 жаңа жұмыс орны құрылады. Мұнда күн сайын 330 спортшы спортпен шұғылданады деп күтілуде.

Аумағы 3 га аса жерді қамтитын нысанның құрылысы 2020 жылдың наурызында басталған, бүгінге дейін біршама жұмыстар атқарылды. Стадион құрылысы келесі жылға өтпелі.

«Бұл жерде бір кездері керемет стадион болған. Сол кезде трибуналар 15 мың адамға арналған. Мұнда барлық дерлік ансамбльдер өнер көрсетті: Рондо, Фристайл және Алла, Тамаша, концерттер, автородео және футбол өтті. Футбол өте жақсы болды және Мәскеуден «Торпедо» командасы келді. Фирма бізге жақсы стадион салады деп үміттенемін», — дейді Металлург стадионының бұрынғы директоры Борис Кравцов.

 

Айта кетейік, құрылыс басқармасы сондай-ақ, Оқушылар сарайын салады. Ол Нұрсат шағынауданында орналасады. Мұнда оқушылардың шығармашылық және спорттық дамуы үшін, сондай-ақ педагогтардың, ата-аналар мен балалардың өзара іс-қимылы үшін барлық жағдайлар жасалатын болады.

 

Болашақ оқушылар сарайы үш қабаттан тұратын үш блоктан тұрады. Ол жетіден 18 жасқа дейінгі оқушыларға арналған. Мұнда бір уақытта 500 оқушы бола алады. Мердігерлердің айтуынша, нысан келесі жылы дайын болады.

 

Сонымен қатар, құрылыс басқармасы тарапынан жаңа оқу маусымына дейін төрт білім беру нысанын тапсыру жоспарлануда. Бұл № 38, 80, 46 және 47 мектептердің қосымшалары.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.