ШЫМКЕНТТЕГІ 5 ӨНДІРІС АЛАҢЫНДА 335 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Қазіргі таңда Шымқаланың стратегиялық дамуына басымдылық берілген. Бірінші кезекте – қаланың бас жоспары демографиялық өсім қарқынына байланысты қайта қаралып, жаңадан әзірленді. Бас құжат қалалық мәслихаттың сессиясында мақұлданып, ҚР Үкіметіне жолданды. Бас жоспардың ерекшелігі – 2035 жылға дейін 3 айналма жол мен қажеттілікке қарай жеңіл рельсті транспорт жобасы қаралған.
Сондай-ақ, қаланың 5 жылдық даму жоспары қайта қаралып, басым салалар анықталды. Шымкентте экономиканың дамуына тың серпін беріп отырған саланың бірі – өнеркәсіп. Бүгінде Шымкентте жұмыс істеп тұрған 5 өндірістік алаң бар. Онда жалпы құны 350 миллиард теңгенің 335 инвестициялық жобасы жүзеге асып жатыр. Бұдан бөлек өндіріс алаңдарына қажеттіліктің артуына байланысты, жаңадан жалпы аумағы 867 гектарды құрайтын 5 өндіріс аймағын құру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, жаңадан 3 индустриалды аймақ ашып, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы мен Шымкент көлік-логистикалық аймағын кеңейту көзделуде. Бұл аймақтарда жалпы жиынтығы 400 млрд. теңгеге 284 инвестициялық жоба іске асырылады. Онда 12 мыңға жуық жұмыс орны құрылады.
Соңғы жылдарда үшінші мегаполистегі өңірлік бағдарламалар республикаға үлгі ретінде ұсынылып келеді. Солардың бірі – кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жергілікті «Іскер қала» бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама аясында 1,4 млрд. теңге бөлініп, жыл басынан 153 жобаға 412 млн. теңгеге қолдау көрсетілді. Бұл ретте, жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін 1 пайыздық мөлшермен 10 млн. теңгеге дейін несиелендіру қаралған. Бағдарлама аясында кәсіпкерлерге өндіріске бағытталған жеңілдетілген несиелер беру қарастырылған, атап айтқанда 2 пайыздық мөлшермен 50 млн. теңгеге дейін несиелер алуға болады. Екінші бағдарлама – өңірлік «Қамқор» бағдарламасы. Аталған бағдарлама тұрғын үй кезегі санатына енбейтін ааматтарды тұрғын үймен қамтуды мақсат еткен. Бүгінгі күні жергілікті бюджеттен бағдарламаны іске асыруға 3 млрд. теңге бөлінді.

ҚР Президентінің тапсырмаларының бірі – бұқаралық спортты дамыту. Шымкентте халықты спортқа тартуда спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары да белсенді жүргізілуде. Қазіргі уақытта қала бойынша спорттық нысандар саны 1077-ге жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда 144 спорт нысанға артқан.
2021 жылы қала аумағындағы тұрғын алаптар мен шағын аудандарда спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында 115 спорт алаңшаның құрылысы жүргізілді. Оның 14-і демеушілер есебінен, қалған 101 спорт алаңшаның құрылысына бюджеттен 2 060.0 млн теңге қаржы бөлініп, спорт алаңшалары пайдалануға берілді. Өңірде тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін жағдайлар жасалып жатыр. Бүгінде қалада дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданушылар саны 498 852 адамға жетіп, 42% құрады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.