ШЫМКЕНТТЕ АУТИЗМГЕ ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАРДЫҢ ЕМІНДЕ ОҢ НӘТИЖЕ БАР

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты психикалық денсаулық орталығындағы оңалту бөлімшесі осыдан екі жыл бұрын іске қосылған. Бүгінге дейін осы орталықта аутизмге шалдыққан 359 бала оңалту шарасынан өткен. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков емдеу орталығына арнайы барып, аутизмге шалдыққан балаларға жасалатын емдеу жұмыстарымен танысты.

Қаланың бас дәрігері оңалту бөлімшесін толықтай аралап, дәрігерлермен жұмыс барысын талқалады. Медицина мамандарының сөзінше, орталықта ем алған аутизм балалардың емінде оң нәтижелер байқалады. Түзету-дамыту іс-әрекетінің нәтижесінде балаларда-рөлдік ойындарға қатысып, сөйлеу қабілеті жақсарып, моторлы еліктеулерді түрткі арқылы орындау, әдемі отыру және өзін көпшіліктің ортасында еркін сезіну сынды жақсы нәтижелер байқалған.

Сондай-ақ орталықты аралау кезінде Нұрлыбек Абибуллаұлы науқас балалардың ата аналарымен кездесіп, мәселерін тыңдады.

Айта кетейік, психикалық және аутистикалық спектр бұзылуларымен балаларға арналған оңалту бөлімшесінде аутизммен есепте тұратын балаларға амбулаториялық деңгейде медициналық көмек көрсетіледі. Бөлімшеде медициналық-диагностикалық қарап-тексеру, түзету жұмысы, сенсорлық интеграция, орталықта психофизикалық жағдайды тұрақтандыру бейімделген дене тәрбиесі бойынша жұмыстар жүргізіледі. Болашақта бөлімшенің жұмысын кеңейтіп, аутизмге шалдыққан балаларға қолжетімді медициналық қызметті жандандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

 Ерекше балаларды қоғамға бейімдеп, емдеу және оңалту шетелдік озық оңалту орталықтарының тәжірибесіне сүйенуді талап етеді. Аутизм синдромы бар балаларды оңалту шараларын дамыту мақсатында Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Туркия еліндегі бірқатар оңалту орталықтарының жұмысымен танысып, тәжірибе алмасты.  Тәжірибе алмасу кезінде ең маңызды мәселелердің бірі 18 жастан асқан аутизм синдромы бар азаматтарға білім беру, әртүрлі сипаттағы қызметтерге қол жеткізу, жұмысқа орналастыру, әлеуметтік қолдау сынды мәселелер талқыланды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.