ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

Бүгін Алтынтөбе тұрғын алабында өткен «Дала күні» көшпелі семинарында ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен жергілікті шаруа қожалықтарының өкілдері саланы дамыту бағытында пікір алмасты.

Агросектордағы озық тәжірибелер талқыланған жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері қарастырылған басқосуда үй іргелік жерлерді бақшаға пайдалану әдісі, сол арқылы халықтың табысын арттыру тетіктері пысықталды. Сондай-ақ аграрлар озық технологиялармен көкөніс дақылдарын өндіру, биогумустан тыңайтқыш дайындау технологиясы, тамшылатып суғару әдістеріне қатысты кластерлі жобалар тақырыбында пікір алмасты.

Бүгінде мегаполисте  Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығын дамытудың кешенді жобалары жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 91 кластерлі жобаның тізімі бекітіліп, 62 жоба іске асырылды. Құлпынай, ащы бұрыш, көкөніс өсіру, мал бордақылау, бал ара шаруашылығы, балық шаруашылығы бағытындағы жобалар қазірден тиімділігін көрсетуде.

«Бүгінде қаламызда «Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту Ұлттық жобасы» аясында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатындағы кешенді шаралар өз нәтижесін беруде. Мемлекеттік бағдарламалар аясында жыл сайын егістік алқаптардан жиналатын өнім көлемі де артып келеді. Кешенді шаралар қала тұрғындарының тұрмысын жақсартып, сапалы өніммен қамтуға мүмкіндік беруде. Бүгінгі семинар алдағы уақытта мегаполис агросекторының дамуына жол ашып, тың жобаларды жүзеге асыруға сеп болады деп сенемін» — деді М.Дүйсенбекұлы.

Ауылшаруашылығы өкілдері семинар барысында озық идеялары мен тың технологияға негізделген үздік жобаларымен бөлісті. Аграрлардың бүгінгі басқосуы саланың жетістіктері мен өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берген еркін диалог алаңына айналды.

 

 

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

4 Comments

  1. 910852 455130Wholesale Cheap Handbags Will you be ok merely repost this on my website? Ive to allow credit exactly where it can be due. Have got a terrific day! 66284

  2. 800407 723850The subsequent time I read a weblog, I hope that it doesnt disappoint me as a great deal as this 1. I mean, I know it was my option to read, but I truly thought youd have something attention-grabbing to say. All I hear is actually a bunch of whining about something that you possibly can repair ought to you werent too busy on the lookout for attention. 259628

Добавить комментарий для โอลี่แฟน Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.