
Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығында «Жасыл ел» еңбек жасақтары маусымының жабылу салтанаты өтті. Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов биылғы маусымды қорытындылап, жобаның маңызына тоқталып өтті.
– «Жасыл ел» еңбек жасақтары – ел аумағында жастарды кең ауқымда қамтыған жобаның бірі. Осы жастар қаланың көгалдандыру жұмыстарына белсене араласып, алаңдарда, саябақтарда абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Еңбектеріңізге алғысымды білдіремін. Жоба одан әрі жалғасын табады, – деді басқарма басшысы.
Жалпы,»Жасыл ел» еңбек жасағы 2005 жылдан беастап жүзеге асырылып келе жатқан кешенді бағдарлама. Аталмыш бағдарлама көптеген жастың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, елімізді жасыл желекке айналдыру мақсатында олардың жалын-жігерін, күш-қуатын бір арнаға тоғыстыра алды. Сондай-ақ, жастарға жазғы демалыстарын босқа өткізбей, жұмыс істеп, қосымша қаржы табуға молынан мүмкіндік тудырды. Осы орайда Шымкентте де еңбек жасақтарында еңбек етіп жүрген жастар саны жылдан жылға артып келеді. Бұл қаладағы жұмыссыз жастардың санын азаюына да ықпал етіп отыр. Атап айтқанда қалада еңбек жасақтарының биылғы маусымында 1313 жас жұмыспен қамтылды
Салтанатты жиында М.Шотанов жобаға белсене қатысып, қаланың көркеюіне үлес қосқан жастарды Алғыс хаттармен марапаттады.
Жастар қозғалысы алдағы уақытта өз жалғасын таба бермек. Өйткені, «Жасыл елдегі» жастар қатары тек қана аймағымыздың көгалдануына ғана емес, оған қоса біздің ортақ шаңырағымыз — Қазақстанның өркендеуіне жаңа буынды тәрбиелеуде маңызы зор.
Айта кетейік, биыл «Жасыл ел» бағдарламасының жүзеге асып жатқанына 27 жыл толып отыр. Осы жылдар аралығында бұл бағдарлама жастарға жігер берген өміршең бағдарламаға айналды.
Еліміздің әр аймағынан республикалық штабтың бөлімшелері ашылып, олар күні бүгінге дейін жұмысын жалғастырып келеді. «Жасыл ел» еңбек жасақтары қаладағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімімен бірлесіп сенбіліктер өткізеді. Құрылыс нысандарында еңбек етеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын береді. Ұйымдастырушылар бұл жоба жас ұрпақты еңбекті бағалауға үйретеді дейді. Жұмыс уақыты аптасына 2 рет, сағат 9:00 — 14:00 уақыт аралығын қамтиды. Жалпы айына 8 рет жұмысқа шығады. Айлық көрсеткіші 60 мың теңгені құрайды.
208651 559963Hello! Someone in my Facebook group shared this internet site with us so I came to appear it over. Im definitely enjoying the information. Im book-marking and will be tweeting this to my followers! Outstanding blog and superb style and design. 727556
777333 357520Excellent weblog right here! Additionally your website so much up fast! 862566
756447 459580Some truly nice and useful info on this internet site, likewise I conceive the style holds outstanding attributes. 284694
56713 730108Hi there, i just thought i would publish and now let you know your internet sites style is really smudged within the K-Melon browser. Anyhow sustain in the quite excellent function. 46940
276632 490361We could have a hyperlink exchange arrangement among us! 218297
617320 980408I just added this weblog to my rss reader, exceptional stuff. I like your writing style. 560998