ШЫМКЕНТТЕ НАУРЫЗҒА АРНАЛҒАН 10 КҮНДІК МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА «КӨРІСУ» КҮНІМЕН БАСТАЛАДЫ

Биыл республика бойынша Ұлыстың ұлы күнін тойлау үшін 14-23 аралығында онкүндік өтеді. Бұл — мерекені тойлаудың жаңа дәстүрлерін қалыптастыруға, елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған онкүндік болып отыр. Осыған орай, әр күн белгілі бір тақырыпқа арналып, терең мазмұн-мәнге ие болды.
Шымкентте де осы онкүндік аясында түрлі іс-шаралар белгіленіп, тойланбақ.
Үшінші мегаполисте Онкүндіктің алғашқы күні «Көрісу» күнімен басталады.
«Көрісу» күнінің маңыздылығы — ұрпақты татулық пен бауырмалдыққа тәрбиелеу, ізеттілік пен мейірімге баулы үрдісінде.
«Көрісу» күніне арналған іс-шара 14 наурыз күні сағат 10:00-де белгіленген 3 орында — «Астана», «Арбат» алаңындары мен «Абай» саябағында өтеді. Сондай-ақ, қаланың Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры, Әл-Фараби кітапханасы, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы, архив, көрме, «Түркістан» сарайы, Тілдері оқыту — әдістемелік орталығы, Өзбек драма театры, «Шым-қала» кешені, А. Пушкин, жасөспірімдер кітапханасы, Әзіл-сықақ және сатира театры, Ерлік музейі, Балалар кітапханасы, Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі, Цирк ғимараттарының маңында да көрісу күніне арналған мерекелік-іс-шаралар жалғасады.
Негізгі іс-шара сағат 12:00-де Орыс драма театрының ғимаратының маңында болады. Ол жерде ұлттық ойындар, қошқар көтеру, арқан тартысу, қазақ батырларының сайысы ұйымдастырылады.
Мәдениет мекемелерінің қызметкерлері бірі-бірімен кездесіп, халыққа сәлем береді.
Сондай-ақ, театр сахнасында тікелей эфирде шетелде жүрген бауырлар мен шекара күзетуші сақшылардың аналарымен, туысқандарымен көрісуі тамашаланып, театрландырылған көрініспен ашылып, мәдениет мекемелерінің концерттік бағдарламасына жалғасады.
Іс-шараға Шымкент қаласының зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары да қатысады.
«Көрісу» күні Опера және балет театрының хор ұжымы, Шымкент қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары, «Қазына», «Шамсинұр», «Қарагөз» би ансамбльдері өнер көрсетеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

 
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin