ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Шымкент – Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік және экономикалық орталықтарының бірі. Мегаполис орталығында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қолайлы болмаса да, қала аумағында еттік-сүттік мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының тұрақты дамуына мүмкіндік берілген. Шымкентте мал шаруашылығы кластерін дамытып, тұрғындарды жұмыспен қамту — басым бағыттардың бірі. Қалада мал бордақылау алаңдарының саны артып келеді.  Себебі, қазіргі таңда қала аумағында мал шаруашылығын дамытуға ниет білдірген шаруашылықтарға мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау, мал бордақылау алаңдарын құруға консультациялық кеңестер берілуде. Мәселен,

Абай ауданына қарасты Алтынтөбе тұрғын алабындағы Алдоңғаров шаруашылығында 200 бас ірі қара мал мен 50 бас жылқы бордақылауға мүмкіндік бар. Шаруашылық құрылысы 2021 жылы басталып, бүгінгі таңда 80%-ға жуығы аяқталған.

Осыған орай, қала әкімі М. Әйтенов бордақылау алаңында арнайы болып, шаруашылық басшысымен кездесті. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, алдағы уақытта бордақылау алаңын бұдан әрі дамытуға бағытталған мүмкіндіктер туралы кеңестер айтылды.

Биыл күзге дейін толық пайдалануға берілетін шаруашылықта заманауи талапқа сай арнайы қора жайлар, мал азығын сақтайтын қоймалар, жаздық қоралар мен 5 га жуық жоңышқа егіс алқабы қарастырылған.

Бордақылау алаңының қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруда маңызы зор. Сауда нысандарына әр тоқсан сайын, ал өндірушілерге 1 жылға баға бекітіліп отырады.

Қала аумағында қазіргі таңда 100 бастан жоғары ірі қара мал бордақылауға арналған алаңдардың саны 30-дан асады. М.Дүйсенбекұлы алдағы уақытта қала халқын сапалы ет өнімдерімен қамтуда инвестициялық жобаларға қолдау көрсетіп, жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.