
Шымкент қаласында этносаралық келісімді сақтау мен нығайту, этноәлеуметтік қақтығыстардың алдын алу бойынша Еңбекші ауданының №105 жалпы орта мектебінде «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында тұрғындарды қабылдау өтті.
Жобаның мақсаты – этноәлеуметтік қақтығыстардың алдын алу шараларын әзірлеу, негізгі бағыттар бойынша өңірлердің проблемаларын анықтау, нақтылау және оларды шешу.
Әртүрлі сала мамандары мен құқық қорғау органдарынан жасақталған топтар тұрғындар арасында 7 бағыт бойынша: «Этносаралық келісім», «Әлеуметтік және еңбек проблемаларын шешу», «Халықтың денсаулығы», «Халыққа білім беру», «Бизнес ортаны дамыту», «Конфессияаралық келісім», «Заңдылық, тәртіп және қауіпсіздік» қабылдаулар жүргізді.
Жоба аясында азаматтарды қабылдап, олардың өтініштерін тыңдап, шешу жолдарын тиісті мемлекеттік органдармен бірге қарастыратын болады.
Қабылдауға келген 42 азаматтың басым көпшілігі әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, жер, жол, инфрақұрылым мәселелері бойынша талап тілектерін жеткізді.
Сонымен қатар қабылдауға келген азаматтарға әртүрлі сала мамандары жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жұмыс күші тапшы өңірлерге берілетін квоталар туралы кеңінен ақпараттар берілді.
Бұл жоба 2021 жылы іске қосылды. Ол тұрғын үй-коммуналдық және инфрақұрылымды дамытуға арналған бірнеше мемлекеттік бағдарламаларды біріктіргенін айта кеткен жөн. Бұл оларды іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік берді. Өйткені олар ұлттық жоба аясында бюджеттік қаржыландыруда басымдыққа ие. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» жалпыұлттық жобасын жүзеге асырудың азаматтар үшін ең айқын әсері өмір сүру жайлылығының артуы болмақ. Бұл негізгі көліктік, әлеуметтік және тұрғын үй инфрақұрылымы. 2025 жылға қарай маңызды нәтижелердің бірі –қаржыландырудың барлық көздерінен 236,7 мың отбасының жағдайын жақсарту болмақ. Қалалар мен ауылдарды сумен жабдықтау қызметтеріне 100% қолжетімділікті қамтамасыз ету. Ауылдық жерлерде тиімдірек болады. Өйткені қазір «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында инфрақұрылымның барлық түрлерін жаңғыртуға қомақты инвестициялар бағытталуда. Жалпы қалаларда инфрақұрылымның жағдайы жақсырақ. Бірақ сонымен бірге ірі қалалардың шеттерін жайластыру, нөсерлі кәріз құбырларын қайта құру, «ескі орамдарды» жөндеу және апатты (тозығы жеткен) тұрғын үйлерді (251 үй) бұзу секілді өзекті мәселелері шешілетін болады. Айта кетейік, 2022 жылы ұлттық жобаны жүзеге асыруға 1,8 триллион теңге жоспарланған болса, оның 709 миллиарды бюджеттен тыс қаражат болды. Бұл ретте былтырғы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 528 млрд теңге немесе 30%-ы игерілген. Жоба аясында келесі қабылдау Абай ауданының Қызылжар шағын ауданында жалғасын табатын болады.
490490 577204There is noticeably a bundle to know about this. I assume you made certain good points in features also 761408
868117 723500I was recommended this web internet site by my cousin. Im not confident whether this post is written by him as nobody else know such detailed about my trouble. Youre remarkable! Thanks! 575069
848878 724763Excellently written write-up, doubts all bloggers offered the same content material because you, the internet is a greater place. Please maintain it up! 403174
627355 690694Youre so cool! I dont suppose Ive read anything like this before. So good to find somebody with some original thoughts on this topic. realy thank you for starting this up. this web site is something that is needed on the internet, someone with slightly originality. beneficial job for bringing something new towards the internet! 529151