
Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен «Шымкент жастар лигасы» жобасының үшінші кезеңі басталды. Лиганың ашылу салтанатына
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов, ARG компаниясының өкілі Шолпан Мұратқызы, аудан әкімдері мен депутаттар қатысты.
Жобаның мақсаты — мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалану, спортпен шұғылдануға жол ашу, олардың ерік-жігері мен табандылығын қалыптастыруға және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жасақтау.
Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Шыңғыс Жұмабекұлы жас спортшыларға сәттілік тіледі.
— Шымкент қаласының жалынды жастары «Шымкент жастар Лигасы» Сіздер үшін жетістік пен салауатты өмірге бастайтын жаңа жол. Осы бастама арқылы қаламыздың жастары әлем додаларын бағындыратын батыл да қайратты спортшылар шығатынына сенеміз! Жеңісті күндеріміз көп болғай!,- деді Ш. Мұқан.
Ауқымды жобаға 2021-2022 жылғы оқу жылында 151 мектептен футбол, волейбол, баскетбол, шахмат ойындарынан 514 команда, жалпы алты мыңға жуық мектеп оқушылары қатысқан болатын. Ал үшінші рет өткелі отырған «Шымкент жастар лигасы» жобасы жалпы орта білім беру мекемелерінің оқушылары арасында 2022-2023 оқу жылы аясында өтеді. Сайысқа футбол, баскетбол, волейбол, шахматтан 138 мектептен 514 команда, 5926 оқушы қатысады. Лига командаларды қолдау бойынша қатысушы әрбір мектептен фанклубтар жасақталды.
Бүгінгі жарыста волейболдан алғашқы екі команданың ойыны тартысты өтті. Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы командасы және Жүсіпбек Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясы командасы жарысқа түсті. Нәтижесінде №50 мектеп-гимназиясы 2-0 есебімен жеңіске жетті.
Hey very cool site!! Guy .. Beautiful .. Superb .. I will bookmark your
blog and take the feeds also? I am satisfied to find numerous
useful information right here in the publish, we need work
out extra techniques in this regard, thanks for sharing.
. . . . .
89505 207857Someone necessarily assist to make critically articles Id state. This really is the very first time I frequented your web page and thus far? I amazed with the analysis you made to make this actual submit incredible. Excellent activity! 930461
977730 741223Couldn?t be designed any greater. Reading this post reminds me of my old room mate! He always kept talking about this. I will forward this report to him. Pretty certain he will possess a great read. Thanks for sharing! 41780
562067 145865A genuinely fascinating examine, I might not concur entirely, but you do make some very valid points. 930943